Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазбаша бөлу тәсілдері

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақ тақырыбы:
Сабақ мақсаты:
1. Екі таңбалы санға бөлу мен көбейту қабілетін дамыту, бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлу және көбейту тәсілдерімен таныстыру, есептеу қабілеті мен дағдыны жетілдіру.
2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін
дамыту
3. Пәнге қызығушылықтарын ояту, белсенділіктерін арттыру. Еліміздегі жаңалықты біліп,
өз үлесін қосуға ұмтылдыру.

Сабақ көрнекілігі: 1. Н. Ә. Назарбаев портреті
2. Экспо - 2017жыл эмблемасы
3. Интерактивті тақта
4. Тест тапсырмалары
5. Формулалар
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім; - Бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы екеуіміз сіздерден «сүйінші» сұрағалы отырмыз.
- Сүйінші, сүйіншіі! Қазақстанда ЭКСПО -- 2017 жылы Халықаралық көрме өтетін болды. Осы көрмеге Қазақстан «Болашақтың қуаты» атты жоба апарып, болашақта жарық, жылу бәрі тегін күннің қызуынан, желдің күшінен алуға болатынын дәлелдеп берді. Ол бәріңе ұнапты. 161 мемлекет тыңдапты. 104 дауыс беріп, Қазақстанды таңдапты.
«ЭКСПО - 2017» өз елімізде өтуге төмендегі тапсырманы орындасаңдар сендердің де дауыстарың қабылданады.
№ 1. тапсырма Ауызша есептеу.
45*99, 37*101, 40*25
99+115, 50*999, 800*25
101*89

№2. Мен де өз «дауысымды» бергім келеді.
222900: 460 155000: 6200
Мұғалімнің жазбаша бөлу түрін түсіндіруі.
№2 ( ә)
«ЭКСПО — 2017 – ні» өткізуге қанша теңге бөлу керек? Есептеп жіберіңдер.
Тақтаға баған түрінде орындату.
27 200: 320; 22 400: 640; 1322 500: 5 300
17 920: 280; 16 720: 440; 2552 000: 7 200
«ЭКСПО - 2017 - ні» өткізуге 5 000 000 эвро бөлінеді деп отыр

№3.
Қайда жұмсалу керек, неге керек?
44 207*36 4 027*36
4 270*36 4 007*36

Келесі тапсырма
«ЭКСПО --- 2017 жыл Өтілетін жер және құрылыс алаңдары керек?
Мына тапсырмаларды орындасақ, Қалашық шығуы мүмкін.
№4 Есепті талдау.
Бір балаға оқыту.
- Есепте қандай белгі бар?
- Бұл есепті теңдеумен шығару керек.
- Не белгісіз?
- Сыныптағы оқушы саны --- х
- Қане, теңдеу құрайық.
Х - 23=5+8
Х=23+13
Х=36
Жауабы: Класка 36 оқушы балған.
№4 ә
Ауызша, талдау. Сыныпта неше оқушы бар?
12+6=18 Жауабы: 18 оқушы

№5 Есепті оқыту, талдау
І -¼
ІІ -? 672 км. артық 7 068 кг.
ІІІ -?

1 - тәсілі 7 068: 4 =1 242
1 242+672=1 914
7 068 - 1 242+1 914 =3 912
Жауабы: Үшінші машинамен 3 912 кг. жем әкелінген.

2 - тәсілі7 068 - 7 068: 4 +672=5 154
5 154 - 1 242=3 912
Келген Жаңа Жыл «ЭКСПО - мен» бірге қандай сыйлық берді?
- Сыйлықтың ішінде қандай конфеттер болды?

№6
- Бір сыйлықта барлығы неше кәмпит болды?
- 12және 24
- Неше сыйлық болғанын табу үшін не істейміз?
Барлық кәмпитті бір дорбадағы кәмпит санына бөлеміз. =
5 400:(12+24) =150 сыйлық
150*12=1 800 карамель
150*24=3 600шоколад
Ж: 1 800 карамель, 3 600 шоколад
Астана қаласында «ЭКСПО» қалашығында қандай жолдар салынуы мүмкін?
(Интерактивтік тақтадан жол түрлері көрсетіледі)
Оқушылар ауызша есептер құрастырады және оны ауызша есептейді.
V=? S=? t=?
«ЭКСПО - 2017жыл» жұмысқа қабылдау үшін тест тапсыру керек екен.
Жұмысқа өте қабілетті, мықты мамандарға арналған тест. (қызыл түспен)
Жақсы мамандарға арналған тест. (көк түсте берілген)

Қызыл түсті:
1. Бірінші кластың 300 бірлігі қай санда жазылған?
а) 30 050
ә) 350 310
б) 310 300
в) 300 350
2. Өсу ретімен жазылған қатарды белгіле.

А) 95 407; 95 408, 95 480, 95 080
ә) 69 074, 69 407, 69 047, 69 704
б) 56 086, 56 227, 56 314, 56 820
в) 67 496, 67 940, 69 094, 67 049

3. 32 187санында 2 цифры нені білдіреді?
а) ондықты
ә) ондық мыңды
б) бірлік мыңды
в) жүздікті

4. Алтыншы разрядтың 4 бірлігінен, үшінші разрядтың 8 бірлігінен құралған санды көрсет.
А) 48 000
ә) 400 008
б) 400 800
в) 800 400

5. Жетінші разрядтың 3 бірлігінен, бесінші разрядтың 4 бірлігінен құралған санды көрсет.
А) 704 004
ә) 400 700
б) 7 040 000
в) 4070 000

Көк түсті де:
1. Тоқсан бес мың тоқсан саны былай жазылады.
а) 90090
ә) 95 090
б) 95 009
в) 95 900

2. 77 800-ге 200-ді қосқанда шығатын санды белгіле.
а) 78 000
ә) 77 900
б) 77 000
в) 88 000

3. Бірінші кластың 234 саны, екінші кластың 546 саны бар қай сан?
а) 546 234
ә) 456 324
б) 324 456
в) 234 546

4. 35 390-ды 300-ге азайтқанда шығатын санды белгіле.
а) 35 090
ә) 35 300
б) 35 000
В) 35 309

5. Кему ретімен жазылған қатарды белгіле.
А) 21 235; 21 230; 21219; 21 203
ә) 27 064; 27 640; 27219; 28 064
б) 30642; 31 645; 30 423; 30 397
в) 20 746; 27 604; 24 760; 27 064

Тест жауаптары тақтада тұрады.
Әр оқушы өз жауаптарын тексереді. Жұмысқа қабылданғандар аталады.

Мұғалім «ЭКСПО 2017 жыл» эмблемасымен таныстырып, бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды бағалайды.
Қорытынды.
Үйге тапсырма: № 7 теңдеуді шеш.
10 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Не білу керек: бөлінді, көбейткіш пен бөлінгіште нөл болған жағдайда екі таңбалы санға бөлуді және көбейтуді білу; Не істей білу керек: есептеуде жазбаша тәсілдерді қолдана білу;
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×