Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып күнделікті сабақ жоспары

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің түрлерімен таныстыру. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім, түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайтындығы туралы түсінік беру. Оқушылардың ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтеуге және әдептілікке, ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, практикалық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: ереже, суреттер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық,
Көркем етіп жазайық.
______________________________________
Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу
Бас бармағым, бақташы бол,
Қырағы көз, сақ малшы бол.
Сұқ саусағым, сауыншы бол,
Өнеріңе табынсын ел.
Ортан қолым, бақташы бол.
Күллі орманға қорғаныш бол.
Аты жоғым, аспазшы бол,
Өз қолыңнан дәм татсын ел
Шынашағым, балықшы бол,
Жемісіңді мақтасын ел.
2 – жаттығу.
Қырман, дана су, бала, балық, дала
қой –шы
қала - лық

4 – жаттығу.
Сиыршы, жыршы, егінші, әмірші, сылақшы, әділші.
Сиыршы өрістен сиырларды айдап келді. Бүгін жыршылардың жарысы өтті. Көктемде егіншілер егін екті. Ханның алдына әмірші келді. Сылақшы үйді сылады.
Сөздік диктант.
3 – жаттығу
Мүсінші, бірлік, қалаушы, қырықтық, татулық, байлық, жаңалық, қателік, кескіш, ұшқыш.
Үйге тапсырма. 5 – жаттығу
Ақан ақын болды,
Жекен жыршы болды,
Секен сыншы болды,
Бикен биші болды.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім туралы білім қалыптастыру; Туынды сын есімнің жасалу жолын түсіндіру Сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Түбір сөз бен туынды сөз
Түбір сөз бен туынды сөз
Түбір сөз бен туынды сөз туралы сабақ жоспары
Негізгі және туынды зат есім
Негізгі және туынды зат есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бикбусенова Ғалия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×