Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

25 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты: 1. Өсімдіктің тірі ағза екенін айта отырып, оның тіршілігіне қажетті орта мен жағдайлар туралы білімін пысықтау, мекен ортасына қарай тіршілік ету ұзақтығы жайында мағлұмат беру.
2. Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелей отырып, экологиялық білім беру.
3. Табиғат туралы білімдерін пысықтап, күнделікті өмірде бақылау әдістерін дамыту
4. Оқушыларда ғылыми түсінік қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар, қажетті өсімдіктер.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі: ізденіс сабақ, топтық жұмыстар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өз ойын ортаға салу, әңгімелеу, салыстыру, зерттеу.
Пәнаралық байланыстар: математика, ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Сабақтың бөлімдері Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
(2 минут)

- Бүгінгі сабағымызда топтарға бөлініп, жарысып, білімімізді, жылдамдығымызды сынаймыз. Енді сол сабаққа өздеріңнің бір - бірлеріңе қандай сәттілік тілектерің бар? «Шаттық шеңберін» құрып, сәттілік тілектеріңді айтыңдар. (слайд№1)
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды созайық,
Сәттілік тілеп сабақта
Көңілді де болайық.( тілек айтады)
Жаңа сабаққа дайындық
(2 минут) Алдарыңдағы қиындылар дұрыс құрастырыңдар сонда шыққан сурет топтарыңның аты болады.(слайд№2)
Топтарға белгілерін тапсыру.
«Ақ бидай», « Ақ қайың», «Күнбағыс»
Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алсын.
- Қайың, күнбағыс, бидай осы үшеуін жалпы қалай атаймыз?(өсімдіктер)

«Үй тапсырмасын тексеру»
(дайындалуға 2 минут, жауап беру үшін әр топқа 3 минуттан) «Қайталау - білім анасы» демекші осыған дейінгі білімдеріңді тексеріп, білімдерімізді сынап көрейік. Әр топқа әр түрлі тапсырма.
1 - топқа тапсырма: «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» (суретпен жұмыс,) (слайд№3)
Қиып, желімдеу арқылы суреттегі өсімдіктерді топтап орындарына орналастыру.
Ылғал сүйгіш: бақбақ
Құрғақшылыққа төзімді: сүттіген
Жарық сүйгіш: бидай
Көлеңкеге төзімді: саумалдық
Жылу сүйгіш: жүгері
Суыққа төзімді: бидай

2 - ші топқа тапсырма:«Өсімдіктердің топталып өсуі»
Ылғал сүйгіш. Құрғақшылыққа төзімді.
Жарық сүйгіш. Көлеңке төзімді.
Жылу сүйгіш. Суыққа төзімді.
(суретпен жұмыс) (слайд№4) Суреттен ағаштар, бұталар, шөптер туралы өсімдіктердің топталуын айта отырып, олардың адамдарға ұқсастығын дәлелдеу.

3 - інші топқа тапсырма:
Үйде жаттап келген өлеңдерін, жаңылтпаштарын, шығармаларын айтқызу.(тексеру)(слайд№5,№6,№7)
Оқушылардың жауаптарын бағалау
- Өсімдіктердің өзі бірігіп өмір сүріп, бір - біріне қамқор болады екен. Әлсіздерін әлділері қорғайды.

Сергіту сәті (1 минут)
Өсімдіктер суретімен. (слайд№8,№9,№10,№11,№12)
(ылғал сүйгіш) отыру,(жарық сүйгіш ) тұру қолды созу,(көлеңкеге төзімді) қолымен басын жабу,(жылу сүйгіш) жылыну.

Жаңа сабақ (2 минут)
Түсінік беру: (2 минут)
Кітаппен жұмыс: (4 минут)

«Байқа, ойла, зертте»
(зерттеп, ізденуге, жауап беруге 12 минут, әр топқа 4 минуттан

«Ойлан тап!»
Шағын тесті (2 минут)

Тексеру:
«Топ басшылары сайысы» (3 минут)
Қорытындылау (3 минут)
Бағалау (1 минут)

Үйге тапсырма (1 минут)
- Иә, бірнеше сабақтан бері өсімдіктер туралы айтудамыз.
- Бүгін осы өсімдіктер туралы әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз. Жаңа сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.)

Сұрақтар: (слайд№13
1. Мыналардың жалпы атауы (өсімдіктер)
2. Сан есімнің сұрағы (қанша)
3. Қоян биыл не атауы? (жыл)
4. (тіршілік)
5. “Кетеді” деген етістіктің бірінші әрпін алып тастап оқы.(етеді)

«Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?» (слайд№14,№15)
- Иә, өсімдік те тірі ағза болғандықтан кез келген тіршілік иесі сияқты белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Кейбір өсімдіктердің дәнін(тұқымын) көктемде топыраққа отырғызып күтсе, күзді күні пісіп жетіліп, жемісін береді. Бұларды бір жылдық өсімдіктер дейді.
Ал кейбір өсімдіктердің тұқымынан бірінші жылы сабақ, жапырақ, тамыр ғана шығады. Ол тек келесі жылы ғана жеміс береді. Оларды екі жылдық өсімдіктер дейді.
Ал көптеген өсімдіктер ұзақ уақыт өмір сүреді. Олардың көбі белгілі бір жасқа келгенде гүлдеп жеміс береді. Оларды көпжылдық өсімдіктер дейді.

Біз өсімдіктердің алуан түрлілігі деген сабақты өткен кезде Толқынай өсімдіктің жылу сүйгіштігін байқау мақсатымен бидай отырғызған екен, ендеше Толқынайды тыңдайық(оқушы өзінің жасаған тәжірибесін айтып түсіндіреді, оның жылу сүйгіштігін дәлелдейді)

Сендер қалай ойлайсыңдар бидай қанша жыл тіршілік етеді екен? Осы бидай өсімдігінің қанша жыл өмір сүретіндігі жөнінде оқулықта не делінген?
Кітаптарыңды ашып, бидай туралы айтылған бөліктердің астын қарындашпен сызып, қанша жыл өмір сүретіндігін анықтату. (слайд№16)

“Байқа, ойла, зертте”(слайд№17)
Енді басқа да бірнеше өсімдіктердің өмір сүру уақытын анықтау үшін әр топқа тапсырма берейін.
1 - топқа тапсырма: сәбіздің неше жылдық екенін анықтау.( сәбіз тұқымы мен сәбіз)
2 - топқа тапсырма: қияр өсімдігінің қанша жыл өмір сүретіндігін анықтау.(қияр тұқымы мен қияр)
3 - інші топқа тапсырма: бөлме гүлінің қанша жылдық екенін анықтау.(Бөлме гүлі)

Енді аздап білімімізді шыңдап шағын тест орындайық. (слайд№18, тексер слайд№19 )
1. Балалар далада ойнап жүр. Арман мен Алма аққала жасады. Аузының орнына қызылша, мұрнына сәбіз қойды. Өсімдіктерді тап, неше жылдық?
а) көпжылдық, ә) екі жылдық, б) біржылдық.
2. Емен, қарағай, қайың қатар өсіп тұр. Олар 50, 100, 1500 жыл өмір сүреді. Емен ең ұзақ, қайың ең қысқа өмір сүрсе қай ағаш қанша жыл өмір сүреді?
а) Емен - 1500, қарағай - 100, Қайың - 50.
ә) Емен - 100, қарағай - 1500, Қайың - 50.
б) Емен - 50, қарағай - 100, Қайың - 1500.
3. Сексеуіл 1 айда 2 - см ғана өседі. Ал 1 жылда неше сантиметр өседі?
а) 24, ә) 12, б) 30.
4. Суретшілердің табиғатты бейнелейтін картинасы қалай аталады?
а) портрет ә) пейзаж б) коллаж

Жауаптары: (слайд№20)
1. а) екі жылдық,
2. ә) емен - 1500, қарағай - 100, қайың - 50.
3. б) 24
4. ә) пейзаж
1. Қайың ағашы болып образға ену
2. Күнбағыс болып образға ену
3. Бидай болып образға ену
Енді сендер өсімдіктердің қанша жыл тіршілік ететінін білесіңдер ме? Ендеше алдарыңдағы сызбаны толтырыңдар.
Өсімдіктер
бір жылдық
екі жылдық
көпжылдық

- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не білдік? Нені үйрендік? Немен таныстық? Жарысу ұнады ма? (слайд№21)
- Ал осы жарысты қорытындылайтын да кез жетті. Бағалау парағын толтырыңдар. Кімнің қандай баға алғаны жөнінде айту. (слайд№22)
Өзге де өсімдіктердің қанша жыл өмір сүретіндігі туралы мағлұмат жинау. Кітаптың 125 - 127 беттері. (слайд№23)
Рахмет. Сабақ аяқталды. (слайд№24)
Тест
1. Балалар далада ойнап жүр. Арман мен Алма аққала жасады. Аузының орнына қызылша, мұрнына сәбіз қойды.(өсімдіктерді тап, неше жылдық?)
а) көпжылдық,
ә) екі жылдық,
б) біржылдық.

2. Емен, қарағай, қайың қатар өсіп тұр. Олар 50, 100, 1500 жыл өмір сүреді. Емен ұзақ, қайың ең қысқа өмір сүрсе қай ағаш қанша жыл өмір сүреді?
а) Емен - 1500, қарағай - 100, Қайың - 50.
ә) Емен - 100, қарағай - 1500, Қайың - 50.
б) Емен - 50, қарағай - 100, Қайың - 1500.

3. Сексеуіл 1 айда 2 - см ғана өседі.
Ал 1 жылда неше сантиметр өседі?
А) 24,
ә) 12,
б) 30.

4. Суретшілердің табиғатты бейнелейтін
картинасы қалай аталады?
а) портрет
ә) пейзаж
б) коллаж
32 450
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Өсімдіктер
Өсімдіктер
Оқушыларға өсімдіктің тіршілік ортасы туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Өсімдіктер тіршілігі
Өсімдіктер тіршілігі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп - бақшасы Бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×