Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді шыңға шығар

01 маусым 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Білімді шыңға шығар»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта

1. Ұйымдастыру: Құрметті ата - аналар! Бүгін 2 «В» сыныбының «Білімді шыңға шығар» атты қорытынды сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгін біз біліміміз арқылы Қазақстан тауларының шыңына шығамыз. Сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысты өткізу үшін сыныпты 3 топқа бөлдік. Қай топ білімі арқылы шыңға бірінші шығады, соңғы таудың басында сіздерге арналған сый бар.
2. Психологиялық дайындық: Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
+ Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық!
Бүгін барлығымыз бір - бірімізге не тілейміз? Қонақтарға қарап «Сіздерге сәттілік тілейміз!»Мұғалімге қарап «сізге шығармашылық табыс!» бір - біріне қарап «бізге көтеріңкі көңіл күй»

Мұғалімнің сөзі: «Білім - адамның байлығы» демекші қазір Қазақстан тауларына саяхатқа шығамыз. Әр таудың өзінің тапсырмасы бар. Соған дұрыс жауап берген топқа жалауша беріледі. Қай топтың жалаушасы көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
I «Маңғыстаудағы Шерқала тауының» тапсырмасы.
1 - топ
1. Ең алғаш мектеп ашқан кім?
2. Ілияс Жансүгіров кім?
3. Ертегілер түрлерін ата.
4. Аңыз дегеніміз не?
5. Абайдың шешесінің аты кім?
6. Абылай ханның шын аты.
7. Төрт түлікті ата.
8. Қазыбек бидің сөзі

2 - топ
1. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
2. Шоқан Уалиханов кім?
3. «Даңғой» сөзінің мағынасы.
4. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?
5. Қазақтың батыр қыздары.
6. «Қоңыр қозы» атанған кім?
7. Гиннес кітабына кірген қазақ.
8. Әйтеке бидің сөзі.

3 - топ
1. Қазақтың ұлы ақынын ата.
1. «Ғылым таппай мақтан ба?» өлеңінің авторы кім?
2. Қабуснама қандай кітап?
3. Халық шығармаларын ата.
4. Алып бала атанған кім?
5. 20 жасында олимпиада чемпионы атанған кім?
6. Барлас ақынның Абайға берген батасы
7. Төле бидің сөзі
«Отпен таудың» тапсырмасы

1 - топ
1. 1ғас неше жыл бар?
2. Бір ұшы тұйықталған түзу.
3. 1 аптада неше күн бар?
4. Қосудың ауыстырымдылық қасиетті
5. 1 кг – да неше г бар?
6. Баланың бойы 1м27см. Бұл неше см болады?
7. Уақыттың өлшем бірлігі
8. 36 мен 47 - тің қосындысы

2 - топ
1. Ұзындығы 5 см, ені 2 см. Тік төртбұрыштың периметрі тап.
2. Қазақтың киелі саны
3. Салмақтың өлшем бірлігі.
4. Екі ұшы тұйықталған түзу.
5. 1 дм - де неше см бар?
6. 1 сағ неше минут бар?
7. Қосу амалын қандай амалмен тексереді?
8. 72 мен 26 - ның айырмасы

3 - топ
1. 1 тәул неше сағ
2. 1 жылда неше ай бар?
3. Периметр дегеніміз не?
4. 1 см неше мм бар?
5. Математикалық амалдарды ата
6. Өрнектің түрлерін ата
7. 1 тоннада неше кг бар?
8. 46 мен 24 - тің қосындысы
« Оқ жетпестің» тапсырмасы

1.- топ
Мәні 50 - ге тең болатын қосынды, айырма жаз.
2 - топ
Мәні 60 - қа тең болатын қосынды, айырма жаз.
3 - топ
Мәні 70 - ке тең болатын қосынды, айырма жаз.
«Тянь - Шань» тауларының тапсырмасы
Қатардағы сандарды жалғастыр:
1 - топ 2 - топ 3 - топ
5-------- 6 -----------7
10 ------12 ---------14

«Алатаудың» тапсырмасы
1 - топ
Жемістің атын жаз. Оған дыбыстық талдау жаса. Одан сөйлем құра.
2 - топ
Жануардың атын жаз. Оған дыбыстық талдау жаса. Одан сөйлем құра.
3 - топ
Мамандықты жаз. Оған дыбыстық талдау жаса. Одан сөйлем құра.
«Торт» ойыны
«Алтай» тауларының тапсырмасы
1 - топ
1. Адам өміріне не қажет?
2. Сурет деген не?(кез - келген заттың бейнеленген көрінісі)
3. Ауаның қасиеттері
4. Тамырдың қызметтері
5. Жеміс түрлерін ата
6 «Қара алтын» деп нені атаймыз

2 - топ
1. Көкжиек дегеніміз не?(Көз жеткен жерге дейінгі кеңістік )
2. Сұлба дегеніміз не?
3 Судың қасиеттерін ата.
4. Өсімдік мүшелерін ата
5. Қызыл кітапқа не енді?
6. Мұнайдан не алынады?

3 - топ
1. Тұсбағар қандай құрал?(көкжиек тұстарын анықтайтын құрал)
2. Өсімдік өсуіне қандай топырақ қажет?
3. Өсімдік топтарын ата
4. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
5. Өсімдік не арқылы көбейеді?
6. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? Ол еліміздің қай өңірінде өсіріледі?

Қызықты сұрақтар:
1. Құрғақ тас қайда болмайды?
2. Орнынан қозғалмай жүретін не?
3. Қай өсімдікте сабақ, тамыр, жапырақ болмайды?
Өте тамаша Өскемен қаласындағы Қазақстан тауының шыңына шықсаң ҚР әнұраны ойналады.

6. Қорытынды тест бойынша ең жоғары көрсеткіш біздің сыныпта
Сыныптың қызықты сәттерінен көрініс (слайдта)
Топтардың жалаушаларын санау, бағалау.
Қорытынды: Балалар бүгін ерекшеленіп киініп отырмыз. Қызыл түсті таңдағаным қызуқанды, батыл, тәуекелшіл, өз - өзіне сенімді болсын дегенім, сары түсті таңдаған себебім күннің түсі, Ананың мейірімін күнге теңейміз, балалар мейірімді, жұмсақ, қарапайым болсын дегенім, жасыл түсті таңдаған себебім жайқалып өскен ағаштай, табиғаттай бай болсын деп таңдадым. Біліміміз арқылы талай белестерді аламыз. Бәрі сіздер мен біздердің қолымызда.
4 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Балабақшаның 1 жылдық туған кешіне арналған концерттік бағдарлама!
Бір жыл толып қалыпты міне бүгін, Жаста болса шыңға шығар бір белес. Өзіңнен тәрбие алған бүлдіршіндер, Өркениетті еліне қосар үлес!
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Математика пәні мұғалімі Мырзабаева Зере Асқарқызы
35 - 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері
35 - 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері
Екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгерту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау - танымдық қабілеттерін дамыту.
Зат есім
Зат есім
Бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Айсұлу
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Сайыстың тақырыбы: «Тапқыр достар» Сайыстың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу арқылы бекіту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×