Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкасы. М. П. Мусоргский, Э. Григ

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкасы. М. П. Мусоргский, Э. Григ
Музыка сауаты: Сюита
Жаңа ән: Алғашқы ұстаз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шетел композиторларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Шығармаларын тыңдату арқылы оқушылардың музыкалық сауаттарын ашу. Өнерге баулу.
Көрнекілік: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, үнтаспа, композиторлардың суреттері, баян аспабы.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.(амандасу, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Кавказ халықтарына қай халықтар жатады?
- Ашуг дегеніміз не?
- Гусан дегеніміз не?
- Грузин халқының қандай аспаптарын білесіңдер?
- А. И. Хачатурян кім? Қай халықтың композиторы?
- А. И. Хачатурянның қандай шығармаларын білесіңдер?
- Қ. Қожамияров кім? Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Қырғыз халқының негізгі аспабы қалай аталады?
- Қырғыз халқында жырды орындайтын адамды кім дейді?
- Өзбек халқының қандай аспаптарын білесіңдер?
- Жарайсыңдар.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.
- Біз сабақ сайын әртүрлі халық музыкаларын, композиторлардың да шығармаларын тыңдаумен қатар, әндер де үйрендік. Басқа адамдар сияқты композитор да өмірді қаншалықты сүйетін болса, айналадағы тіршілікті де соншалықты қорғап, ондағы адамдарға жақсылық жасауға талпынады. Музыканың жақсы шығуы үшін композитор бар сезімімен, жан - тәнімен шабыттануы керек. Сонда ғана адам әсер беретін әдемі музыка шығады. Бүгін сабағымызда туған жерінің әсем табиғатын музыка арқылы керемет суреттеген композиторлардың өмірі мен шығармашылығымен танысатын боламыз.

Модест Петрович Мусоргский 1839жылдың 21 наурызында Псков жеріндегі Торопецкий уезі Карев ауылында дүниеге келген. Орыстың ұлы композиторы. Байқуатты отбасында дүниеге келген Модест пен оның ағасы Филарет 10жасқа дейін білімді үйден алады. Музыкаға қабілетінің жақсы екенін сезген анасы кішкентай Модестке пианино аспабында ойнауды үйретеді. 1849жылы Модесттің отбасы Петербургке көшіп келіп, әскери оқуға түсіп, 1856жылы аяқтайды. Одан кейін әскери қызметте болады. Әскери қызметте жүргенде әскерилерге арналған оркестр құрамына алынады. Сол жерде Антон Герке деген атақты пианисттен аспапта шебер орындауды үйренеді және өзінің қабілетінің арқасында керемет музыкант болады. Осыдан бастап Модестің музыкаға деген құштарлығы арта түседі. Оның бірнеше әндерге жазған музыкалары, симфониялық картиналары, атақты «Борис Годунов» операсымен қатар 1872жылы «Хованщина»операсын жазған. Опера бірнеше бөлімнен тұрады. Операның кіріспесі «Москва өзеніндегі таң» деп аталады. Қазір біз тамашалайтын клипте М. П. Мусоргскийдің «Хованщина» операсындағы кіріспеде көне Мәскеудің және шіркеу архитектурасы көрініс табады.
М. П. Мусоргский 1881 жылы 28наурызда небәрі 42 жасында Санкт - Петербургте қайтыс болады.
Музыка тыңдау. Клип «Хованщина» операсынан кіріспе. «Москва өзеніндегі таң»

Эдвард Хагеруп Григ 1843жылы 15 маусымда Норвегияның Берген қаласында дүниеге келген. Григтің музыкаға әуестенуіне себепші болған композитор Оле Булл болды. Ол Григтің үйіне қонаққа келгенде Григке фортепиано тартқызып, баланың қабілетін байқаған. Григ 12жасынан музыка шығара бастаған. 14жасында Лейпцик концерваториясында оқып, жоғары
дәрежелерден көріне бастайды. Ол норвег композиторы, пианист, дирижер. Оның 637 ән мен романсы, 20шақты пьесасы, т. б. шығармалары өте көп.
Эдвард Григ 1907жылы 4қыркүйекте Берген қаласында қайтыс болған.

Музыка тыңдау. «Пер Гюнт» сюитасынан кіріспе. «Таң»
• Бұл шығармалардан қандай әсер алдыңдар?
• Екі шығарманы салыстырыңдар.
- Біз Э. Григтің «Пер Гюнт» сюитасынан үзінді тыңдадық.

Сюита - түрлі қарама - қайшылықты сипаттағы бірнеше музыкалық бөлімдерден тұратын шығарма. Француз тілінен аударғанда «тізбелеу»деген мағынаны білдіреді.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Қазір тағы да өзіміздің маңғаз Маңғыстауымыздың керемет табиғат көрінісін бірге тамашалайық. Көрініс «Каспий тынысы» деп аталады.
Көрініс «Каспий тынысы»

Жаңа ән үйрену. Алғашқы ұстаз.
К. Ыбырайұлы
1. Қолыма әліппе ұстатқан,
Алғашқы ұстазым өзіңсің.
Тәрбиелеп біздерді өсірген,
Әріпті, жазуды үйреткен.
Қайырмасы:
Қателік болса кешірген,
Тентектікті түсінген.
Мейірім төктің біздерге,
Аялы ыстық жүректен.
2. Самайыңды ағартып,
Білім бердің біздерге.
Алғыс айтам өзіңе,
Шәкірт - бала кезімнен.
Қайырмасы:
3. Не десек те, біздерге,
Ұстаз болып қаларсыз.
Тәлімін түйіп жүрекке,
Өмірге қанат қағамыз.
Қайырмасы:

Қорытынды:
- Бүгінгі жаңа сабақ сендерге ұнады ма? Олай болса, шетел композиторларының шығармаларымен қатар, қазақ композиторларының шығармаларын тыңдауды өмірлік тапсырма ретінде беремін. Сабаққа жақсы қатыстыңдар.
8 269
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Грузин халық биі «Лезгинка"
Грузин халық биі «Лезгинка"
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Шоткина А.А.
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Білімділік: Оқушыларды Қазақстандағы бауырлас халықтарының музыкасымен таныстыру.
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары Туған жердің сұлулығын          суреттейтін композитор музыкалары
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары
Шалқар ауданы, №8 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Курманбекова Гулден Жумабеккызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×