Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның досы

30 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның досы.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру. Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
2. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу.
Әдістері: сұрақ - жауап, ой қозғау, түртіп алу, бес жолды өлең жазу, топпен жұмыс стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: таза, ұқыпты ұстаған сынып оқушыларының оқулықтары (көрмесі), ертегі кітаптар жиынтығы.
Қанатты сөздер: Кітапты сүйіңдер, ол өмірді нұрландырады.(М. А. Горький)
Кітап - білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Өткендерін еске түсіру: «Ақылды көмекші» түсінгендерін сұрау
Жаңасабақ: Ой қозғау. Жұмбақтар шешіледі.
Көп әңгіме, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де жақсы көремін.(Кітап)
а) Кітаптың қалай шығатыны туралы не білесіңдер? ә) Сол жайында көршіңмен пікірлес, талқыла.
Мағынаны ажырату, тани білу.
INSERT стратегиясы немесе «Түртіп алу» жүйесі бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізу. Мәтінді мұғалім оқып таныстыруы арқылы тыңдау, тиісті белгілерді қойып анықтау.
V — сәйкес келу.
- кітап адамның досы екендігі;
- көп жақсы нәрселерді үйренеміз;
- кітапты жасап шығару өте қиын.

- мен ойланғаннан бері.
Оқулықтарымыз сияқты басқа кітаптардың бізге тигізер пайдасын білдім.
+ - жаңа ақпарат
Кітаптан көп ақыл аламыз.

? – таңғалдым
Сөздер қалай ақыл береді?

Мәтінді оқып болған соң, жазғандары мен белгіленген сөздерін дәптердегі кестеге толтыру. Содан соң жеке, топта, жұпта талдап оқу, толықтыру.
Сөздік жұмысын жүргізу. Сөре - кітап қоятын арнайы орын.
Уағына шейін - уақытқа шейін, кезге шейін.
Жан серігіміз - досымыз.
Мәтінді жекелеген оқушыларға түсіне отырып оқыту. Үш оқушыға рөлдермен бөліп оқыту. Анық және қатесіз оқуға назар аудару. Әңгіменің мазмұнына сай сұрақтар қою.
1. Қандай бала болу үшін не істеуіміз керек?
2. Балғын әкесінен не туралы сұрап білгісі келді?
3. Кітаптан не үйренуге болады?
4. Сен өзің қалай ойлайсың?
5. Кітап оқуды ұнатасың ба?
6. Қандай кітапты ұнатасың?
Сабақты қорытындылау. Ой толғаныс. «Менің оқулықтарым» атты тақырыпта ойларын айту. Бір - бірін тыңдау, толықтыру, жинақтау.
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
1. Не? Кітап.
2. Қандай? Қалың, жаңа, әдемі.
3. Не істеді? Оқыды, ашты, үйренді.
4. Сөз тіркесі. Қалың кітап, кітапты оқыды, кітапты ашты.
5. Ерлан кітапты ашып оқыды.

Үйге тапсырма: «О, мен қандай ақылды болдым» деген тақырыпта әңгіме жазып келу.
4 769
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім көзі – кітапта
Білім көзі – кітапта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумаханова Алтын Тенгизбаевна
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім Тұлымшаққызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×