Сүт қалай ұйықтады? Оспанхан Әубәкіров

Ана тілі, 2 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? (О. Әубәкіров)
мақсаты: 1. Автор О. Әубәкіровтің өлең - ертегісін түсініп оқуға баулу, өлең - ертегінің мәнін ашу, қорытынды ойды ұғындыру.
2. Байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын және шығармашылығын дамыту.
3. Оқушыларды сергек болуға, алғырлыққа, қисынды ойлауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт «Салақтық», сөзжұмбақ, сүт тағамдарының суреттері, сызбалар, оқулық.
әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, АКТ, сөзжұмбақ шешу, топтастыру, мәтінмен жұмыс.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Күлкі терапиясы»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ы. Алтынсариннің «Салақтық» деген әңгімесін тізбектеле оқу.
2. Флипчарт арқылы әңгіме мазмұнын баяндау

ІІІ. Өткен сабақты бекіту «Көкпар» тарту ойыны. Ойынның шарты: Бұрынғы заманда көкпар ойнаған жігіттер өздерінің күшімен сыналса, бүгінгі біздің көкпарымыздың шарты бойынша біз біліміміз арқылы күш сынасамыз., Яғни көкпардың (серкенің ) мүйізіндегі іліуді тұрған сұрақтарға жауап берген адам көкпарды алып кетеді.
Сұрақтар оқу:
- Ы. Алтынсарин кім?
- Оның қазақ балаларын оқуға шақырған өлеңінен үзінді айт.
- Биыл 2 - сыныпта қандай әңгімелерін оқыдық?
- «Салақтық» сөзіне қарсы мағыналы сөзді ата
- Тазалық жайлы нақыл сөздер айт.
- Нелер у болуы мүмкін? (дәрілер, түрлі сұйықтықтар)

ІV. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.
- Бүгін Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?» деген ертегі - өлеңімен оқып, танысамыз.

V. Жаңа сабақ.
1) Автор жайлы мәліметпен танысу.
Жазушы - ақын Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы, мамыр айының 4 - ші жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. 1958 - 1976 жылдары қазақ филармониясында «АРА - Шмель» журналында қызмет істейді. Сатиралық жанрмен бірге балаларға арналған өлең, жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлар әндеріне мәтін жазумен, аудармалармен айналысқан.
«Жасыратын не бар?», «Сыйлық», «Ұзын сөздің қысқасы», «Күлкіңіз келе ме?», «Өзіміз білеміз» атты сықақ әңгімелері мен жинақтары жарық көрген.
1980 - жылы балаларға арналған қазақ - қалпақ сатиралық жинағы үшін Қазақстанның
Жазушылар одағының сыйлығы берілген.

2) Қызығушылығын ояту:
а) Сөзжұмбақ «Ұйқышыл» Көлденеңінен:
1. Сүт қандай? (сұйық )
2. Сүтті пісіріп, ашытқы қ осып әдейі ашытып жасалатын тағам (айран)
3. Тұз қосып кептірілген, сүттен жасалған тағам. (құрт)
4. Сиыр туғандағы алғашқы сүт (уыз)
5. Сүтке сары су қосып, ұзақ уақыт қайнатып жасалған
жұмсақ, сарғыш тағам (ірімшік)
6. Айранды сүзіп,............ жасайды. (қатық)
7. Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз? (шелек)

Торкөздің ішінен "Ұйқышыл" деген сөзді оқуға болады.
б) Жаңылтпаш айту:
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
3) Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс «Сүт қалай ұйықтады?» өлең – ертегімен оқып танысу

VІ. Жаңа сабақты түсінгендерін байқау. Ой - толғаныс
1. Сұрақтар қою:
- Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
- Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген?
- Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
2. Мәтінмен жұмыс. а) іштей оқу, б) дауыстап тізбектеле оқу
3) Суретпен жұмыс:
- Суретке қарап ертегідегі сүттің іс - әрекетін қарасөзбен әңгімелеу
4) Дәптермен жұмыс. Топтастыру. а) Сүт тағамдары: айран, қатық, сүзбе, ірімшік, уыз, құрт.
ә) « Дұрыс сөз тіркесін тап» Дұрыс тіркесті тауып дәптерге жаз
балдай
тәтті
құрт
тұздалған
қышқыл
туралған
айран
кепкен
қара
ашыған
сүт
жайылған

б) Ұйқас сөз табу.
Мысалы:
Тоқты, -------------- Бота,
Тепті допты. ----- Үйренді нота.

Айран,
Қалдым қайран.
Осы сияқты айран, сүзбе, құрт, уыз сөздерімен ұйқас құрастыруды тапсыру..
4) Қарама – қайшы пікірлер
Ұйқының пайдасы
Ұйқы адамның күш - қайратын
қалпына келтіреді. Адам ұйықтағанда жұмысқа уақытылы бара алмайды.

Ұйқының зияны
Көп ұйықтаған адам енжар болады.
Ештеңе жасағысы келмейді. Сабаққа, тынығады. Ертеңінде сергек болып тұрады. Еріншек, жалқау болады.

VІІ. Сабақтың бекіту кезеңі
- Оспанхан Әубәкіровтің ертегісінің негізгі ойы не? Автор балаларға қандай ой тастайды?
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Өздерің қалай ойлайсыңдар «ұйқы» адамға қажет пе?
Оқушылардың білімін бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні мәнерлеп оқу, қарасөзбен әңгімелеп айта білу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Сатай Батыр (Толғау)

    Сатай Батыр (Толғау) «Жан үшін мал садаға, Ар үшін жан садаға»,- Деп тәрбие береміз, Бесіктен бастап балаға.
  • Кәсіпкерлік қызмет формасы

    Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр орта мектебінің технология пән мұғалімі Есенғалиева Алуа Ғабдошқызы
  • Пәтердегі электр жабдықтары 8-сынып

    Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы, Мұқыр орта мектебінің технология пән мұғалімі Есенғалиева Алуа Ғабдошқызы
  • М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі

    Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық ...
  • Шал мен бала

    ШҚО Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлыгаш Кабыкеновна
  • Қазақ тілі 3-сынып, тест

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
  • Математика 3-сынып, Тест

    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл.
  • Балдәурен

    ШҚО, Семей қаласы, Приречное ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Қарлығаш Қабыкеновна
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Жазғы демалысыңызды қайда өткізесіз?
Шетелде
Қазақстанда
Үйде
Құрылыс жасаймын
Демалмаймын
Сайтта кім бар
Барлығы: 14
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 14
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика