Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сүт қалай ұйықтады?» Оспанхан Әубәкіров

29 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сүт қалай ұйықтады?» (Оспанхан Әубәкіров)
Сабақтың мақсаттары:
1) Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
2) Мысалдағы сүт ұйып қапты, сүт іріп қапты, айран ашыпты, айран бақырыпты т. бт сөз тіркестерін пайдалана отырып оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру. Ой ұшқырлығын дамыту.
3) Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға үйрету, еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, семантикалық карта, Шона Смақанұлы, Оспанхан Әубәкіровтың бейнесі, өмірбаяны, кітаптары, үнтаспа.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, әңгіме, тірек - схема, көрнекілік.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма Шона Смақанұлының «Тәкаппар» мысалын дұрыс түсініп мәнерлеп оқу, өлеңді әңгіме түрінде жеткізу. Салған суреттерін түсіндіреді. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнын диаграмма бойынша түсіндіреді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме. Ребус шешу («Сүт қалай ұйықтады?») тақырыпты ашу.
Жұмбақ шешу
Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
(сүт)

- Ал, балалар, жарайсыңдар, Енді бұл мысал не туралы деп ойлайсыңдар? (Бұл мысал сүт туралы).
- Сол сүтті қайдан аламыз? (Үй жануарлары төрт түлік малдан: қой, сиыр, ешкі
- сүт, түйенікі - қымыран, биенікі - қымыз деп айтады.)
- Осылардың ішінде қандай сүтті ұйытуға болады? (қой, сиыр, ешкі - сүтін)

IV. Ойын «Бейне табу».
1 - сұрақ: Сатирик деген кім? Қандай сатирик ақында бар?
2 - сұрақ: Мына мақалдың тиісті сөздерін тап:
Ананың сүті......... өсіреді. (бойды)
Ананың тілі......... өсіреді.(ойды)
3 - сұрақ. «Бес досыңды» ата?
4 - сұрақ. Ағарған туралы тыйым сөздерді айт. (ақты төкпе)
5 - сұрақ. Мақтаншақтық жайлы мақал - мәтелдерді айт.
Өзін - өзі мақтаған өліммен тең.
Мақтаншақтық - жаман әдет.
6 - сұрақ. Не арсыз? (Үш арсыз: ұйқы, күлкі, ас.)
Бейне ашылды.
1. Мұғалім түсіндірмесі. Оспанхан Әубәкіров туралы айту.
1934 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар «Қазақстан пионері», «Ұлан» газетінде қызмет істеді. 1961 - 1962 жылдары Қазақ теледидарында аға редактор, «Ара» журналында жұмыс істеді. «Бөден», «Сиыр», «Сүзеген сөз» атты кітаптары бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Оспанов. Сүт қалай ұйықтады?
Ә. Оспанов. Сүт қалай ұйықтады?
Ұйқының пайдалы, зиян жақтарын тізбектеп айтып береді.
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Сүт қалай ұйықтайды?
Сүт қалай ұйықтайды?
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Сүт қалай ұйықтады? Оспанхан Әубәкіров
Сүт қалай ұйықтады? Оспанхан Әубәкіров
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы, Б. Сырттанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Салтанат Нүрекеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×