Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, бастауыш!

09 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қош бол, бастауыш!
1 - жүргізуші: Мына жердің сондай құлпырғанына жол болсын. Ұлпа, мұнан сенің қандай хабарың бар?
2 - жүргізуші: Әлімжан - ау, қандай хабарың бары не?! Бұл жерде үлкен мереке. Ой, сенің осы әдетің - ай, үнемі жаңалықтан құр қалып, кеш естисің де жүресің.

1 - жүргізуші: Олай болса мен естімеген қандай жаңалық? – Ойхой, мына қыздардың биін қара, көңіл - күйін қара? бұл керемет билеп жатқан кімдер?
2 - жүргізуші: Бұлар бастауышпен қоштасып жатқан 4 - сынып оқушылары. Біле білсең Әлімжан, бұлар біздің сыныптас достарымыз. – Әлімжан, сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой?

1 - жүргізуші Дұрыс айтасың Ұлпа, қуанышпен қатар көңіліме кірбің ұялап тұрғанын да жасыра алмаймын. Өйткені біз бүгін білімнің бастауы болған бастауышпен, ең қиыны ең алғаш қолымызға қалам алдырып, әріптерді жаттатқызып, әліппені үйреткен алғашқы ұстазымызбен де қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Ияяя, Әлімжан... мұңайма. Бұл біздің кішкене болса да есейгеніміздің белгісі. Одан да өткен 4 жылға шегініс жасап, алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттерімізді еске түсірейік.

1 - жүргізуші: Жарайды айтқаның болсын.
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
2 - жүргізуші: Әсем бөлме, терезелер жап - жарық
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып
Қара тақта, аппақ парта қаз қатар
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

1 - жүргізуші: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара ашып есікті тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
2 - жүргізуші: Кіріп келді, сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып
Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,
Бар шуылын балалардың тындырып.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
2 - жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күн болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметпен шақыралық,
4 - сынып оқушыларын ортамызға.

1 - жүргізуші: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.
2 - жүргізуші: Біз бәріміз артқа тастап 4жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған, дана болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.

Хор: Ардақты ұстазым
Н. Гүлдана: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Қош, бастауыш мектеп!
Қош, бастауыш мектеп!
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым - балбұлағым
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×