Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кестелік қосу және азайту

26 сәуір 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы
Бестерек орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Мухаева Зауре Тюлюбайқызы
математика 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Ондықтан аттап қосу тәсілдерін таныстыру;
2. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Оқушыларды тату және ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: интерактивті, ақпараттандыру сабағы
Сабаққа керекті көрнекіліктер: электрондық оқулық, бейнепроектор, маркерлік тақта, дидактикалық материалдар мен ойындар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн
Бәріміз тату болайық!
Бәріміз дос болайық!

II. Тірек білімдерін жетілдіру. Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабақта күзгі орманға саяхатқа барамыз. Күніміз де шуақты, бізге жылу себеді.
Ойын: « Қажетті заттарды жинау». Саяхатқа шығу үшін қандай заттар қажет?
– Мәні бірдей өрнектерді тауып, сөмкеге салайық. Өйткені сол өрнектердің астында қажетті заттар жасырынып жатыр.
– Біз қандай сандардың қосындыларын таптық?
– Бұл бізге таныс 1-ші ондықтағы сандарды қосу кестесіндегі өрнектер.
– Ендеше, + 2 қосу кестесін есімізге түсірейік.

8 + 2
6 + 4
4 + 5
0 + 6
7 + 3
3 + 6
5 + 5
10 + 0
4 + 6
2 + 8
5 + 4
4 + 6
– Біз қандай сандардың қосындыларын таптық?
– Бұл бізге таныс 1-ші ондықтағы сандарды қосу кестесіндегі өрнектер.
– Ендеше, + 2 қосу кестесін есімізге түсірейік.
2 + 2 = 4

3 + 2 = 5

4 + 2 = 6

5 + 2 = 7

6 + 2 = 8

7 + 2 = 9

8 + 2 = 10

9 + 2 – бұл жағдайда 9-ға 1-ді қосамыз, 10 болады. 10-ға тағы бірді қосамыз, 11 болады. Яғни,
9 + 2 =11
(9 + 1) + 1 = 11
– Қосу кестесінің алғашқы кезеңі ондықтан аспайтын жағдайларын еске түсірсек, санның құрамын жақсы білсек, қосу кестесінің 2-ші кезеңін түсіну үшін электрондық оқулығының 2(1)- модуль батырмасын басып, «Кестелік қосу» тақырыбын ашып, мұқият тыңдайық.
2(1)- модульдегі қосу кестесін дидактикалық құрал ретінде пайдаланамыз (тоқтату батырмасын басып, оқушыларға пысықтау сұрақтарын қою)
1-кесте
– Қане, бір таңбалы сандардың қосу кестесі қалай құрылғанын кім айтады?
Сендер не байқадыңдар?
Қосудың қандай қасиеттерін еске түсірдік?
– Кестені пайдаланып, тапсырмалар орындап көрейік.
2(1)- модуль, №1 тапсырма.
2-кесте
– Өрнектің мәнін тауып, дәптерімізге орындайық. Тақтаға оқушылар шығып жазады.
– Өте жақсы. Жарайсыңдар!
– Ал, қазір «Ағаштарды тап» ойынын ойнайық. Ол үшін №3 тапсырманың батырмасын басып, берілген кестелерді толтырамыз. Әр қатардан кім бұрын орындаса, жеңімпаз атанады. (Әр оқушы өз бетінше дәптерге өрнектеп көрсету керек).
5-кесте

III. Жаңа тақырыппен таныстыру
– Балалар, 2-ні қосу кестесіндегі 9 + 2 = (9 + 1) + 1 = 11 екені түсінікті болса, 9-ға 3-ті қосуды қалай түсіндірер едіңдер?
9 + 3 = (9 + 1) + 2 = 11
– Ендеше, 2(2)- модульді басып, «9-ды қосу» тақырыбын тыңдайық.
6-кесте
– 9-ды қосу кестесі қиынға соқты ма? – деп қайталап пысықтаймыз.
2(2)- модульіндегі 1-2-3-тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде пайдаланып, 9-ды қосу кестесін пысықтау үшін ауызша тақтада жұмыс жүргізу. Тақтаға кезекпен оқушылар мысалдарды түсіндіре отырып, шығарады.
7-кесте. 8-кесте. 9-кесте.
– Келесі 8-ді, 7-ні, 6-ны қосу кестесімен танысайық. Ол үшін, 2(3)- модуль батырмасын басып тыңдайық.
– Тапсырмалардың орындалғандары дұрыс па? (тоқтату батырмасын басу)
– Қане, кім қателерді дұрыстайды?
(Жалғастыру батырмасын басу).
– Енді 7-нің 10-нан нешеуі кем? – деп тоқтату батырмасын басып, балалардың жауабын тыңдаймыз.
Келесі ойынымыз «Ойлан, тап» ойыны. 2(3)- модульдің №4 тапсырма батырмасын басып, ойынның шартымен танысайық.
10-кесте
– Кезекпен ойлаған санды тапқан оқушы тақтаға жазып көрсетеді. Қалғандары тексеріп отырады. Келесі санды келесі оқушы жазады. Сөйтіп, ойын жалғаса береді. Кім жылдам ойланатынын анықтаймыз.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Өтілген тақырыпты бақылау үшін, 2(3)- модуль бойынша топ жарысын ұйымдастырамыз.
1-ші топ – 1-ші тапсырма.
2-ші топ – 2-ші тапсырма
3-ші топ – 3-ші тапсырма
Дұрыс орындаған балаларды бағалаймыз.

V. Сабақты қорытындылау
Рефлексия.
- Балалар бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?
(әр бала өз ойларын айтады)
– Күзгі орман қандай екен?
– Не үйрендік? Қандай ағаштарды білдік?
(ана тілі сабағында өткен Абайдың «Күз» атты өлеңін жатқа айту)

VI. Үйге тапсырма беру
VIІ. Бағалау
19 243
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережені ұғынуын, шығармашылық ойын дамыту.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой - өрісін дамыту.
6 – ны қосу, азайту
6 – ны қосу, азайту
Сабақ тақырыбы: Қайталау. 6 – ны қосу, азайту
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
Кестеден тыс қосу және азайту
Кестеден тыс қосу және азайту
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×