Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отаным - алтын бесігім

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Отаным - алтын бесігім (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Қайырлы күн, қадірменді көрермендер. «Отаным – алтын бесігім» атты тапқыр достар ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойын 2 топ арасында сайыс түрінде өтеді. Ендеше 2 топты ортаға шақырайық. Алдарыңызда «Қарлығаш» тобы және «Тұлпар» тобы.
Ойын шарты:
● Таныстыру
● Ойлан, тап
● Сен, білесің бе?
● Өнерпаз болсаң
● Жұмбақ
Сайыскер өнеріне баға беретін Қазылар алқасымен таныстырайын
_________________________________________________________

Қазақстан
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әңұран.
ҚР әнұраның орындау.

1 сайыс Таныстыру
1 - топ:
Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз,

Басымыздан құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм – тұзды ақтай білген елміз.

Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Қазаққа тән мінезі мен қылығы.
Әсел апайдың алтындай қыздары
Алдарында екінші «Ә» сыныбы.
2 - топ:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ Астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл
Оттан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл

Гүлденіп жасаруда бүкіл ауыл,
Гүлдене жайнап ойынға біз де келдік
Отанды көтерелік бұл ойында
Тұлпарлардан қарлығаштарға бір сәлем!
Әділ қазылар ұпайларын есептегенше алдарына Жазықпаев Бекболаттың орындауында «Туған жер» әні

2- сайысы «Ойлан, тап»
Шарты: алдыға бір оқушы шығады берілген 5 суретті 1 минут ішінде оқушыларға түсіндіру, ал
олар табу керек.
Президент
Киіз үй
Жылқы
Абай Құнанбаев
Бәйтерек

Ту
Теңге
Шаңырақ
Мектеп
Монумент «үш би»
Әділ қазылар ұпайларын есептегенше алдарына Қабидоллаева Айжан, Молдасейітов Олжас, Баймағанбетов Аятты «Қазақстан», «Елтаңба», «Қазақстан туы» атты тақпақтарымен ортаға шақырамыз. Қол соғып қарсы алайық.
Әділ қазыларға сөз берейік

3 - сайыс: «Сең, білесің бе?»
5 Әнұранның 2 шумағын орындау
10 Бейбітшілік құсы
5 Қай жылы Желтоқсан оқиғасы болды?
15 Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
15Көптік жалғауларды ата
5. Ұзын мойын,
Екі ішек,
Қатар - қатар тепкішек.
Басып көрсең бір - бірлеп
Үн шығады күмбірлеп.
10 Етістіктің сұрақтары
5 Республика күні
Әділ қазылар ұпайларын есептегенше алдарына
Базарбаева Алтынгүл мен Ғазизов Рустамның орындауында «Атамекен» әні

4 - сайыс: «Өнерпаз болсаң»
Үйде дайындап келгендері
1. Тұлпарлар тобы
(Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білсең,
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім.
Сөз танығыш жастарға он түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Биікке шықсаң – көзің ашылады,
Жақсы мен жолдас болсаң, көңілің.
Айтыңыз ұлы аға!
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау – 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
1 - оқушы: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би:
1 дегенім – бірлігі кеткен ел жаман,
2 дегенім – егісіп өткен ер жаман,
3 дегенім – үш бөлінген ағайын жаман,
4 дегенім – тұрақсыз дос жаман,
5 дегенім – белсеніп шыққан жау жаман,
6 дегенім – асқынған дерт жаман,
7 дегенім – жас келіншек жесір қалса, сол жаман,
8 дегенім – серпілмеген қайғы жаман,
9 дегенім – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпес, сол жаман,
10 дегенім – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.
Төле би: Рахмет дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би мына жиналған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенін өссін десең кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма –
Өркеніңді өшірерсің,
Аллаһуакбар.
Төле би: Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерген елім бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер.
2. Қарлығаштар тобы «Қазақша би»

5 - сайысы: «Жұмбақ»
Екі топқа парақтар беріледі ол парақтарда сөздер жазылып тұр. Сендер сол сөздерді көрермендерге түсіндіріп олардан сол сөзді есту керексіңдер.
Телефон, кесе, ит, ана, сөмке
Дәптер, нан, аю, қуыршақ, гүл
Әділ қазыларға сөз берейік
Марапаттау.
«Өз елім» хормен орындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 149
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім, Халқыңның сенде несібі. Ашық болсын әрдайым Кең далаңның есігі!
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№15 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Білім айдынындағы жарқын 20 жыл салтанаты соңғы қоңырау әзірлемесі.
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін үздік қолдану
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін үздік қолдану
Мемлекеттік әнұранның аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×