Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынып дарабозы

27 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 сынып сайыс сабақ
Тақырыбы: Сынып дарабозы (презентациясымен)

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қалыптастыру, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауға баулу.
Көрнекілігі: Әріптер, сөздер т. б
Түрі: сайыс
Әдісі: сұрақ - жауап

Өту барысы: І. Ұйымдастыру кезең
Ал, қанекей балалар
Бері қарай қарайық
Алаңдамай басқаға
Сабаққа назар салайық
Дұрыс тапсырма шешімін
Мұқиятпен табайық
Әділқазылар алқасын сайлау, сайыскерлерді таныстыру

Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру көкірегінде болсын көз.
І кезең “Бәйге”
ІІ кезең ” Тапқыр болсаң ұтып көр”
ІІІ кезең “Мың бір мақал”
ІҮ кезең «Кім жылдам?»
Ү кезең “Ойлан, тап”
ҮІ кезең «Кім көп біледі?»

1 - кезең БӘЙГЕ
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
/14 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 10 балл беріледі/
1 - кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ/
2. Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см =  cм /68см/
3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/
4. Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/
5. Саудагерлер екі үлкен тұзды белгі ретінде қойып кетеді Бұл мәтіннің Тақырыбы қалай аталады? /Екібастұз/
6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/
7. Шана мәтінінде Жәнібек әкесін қалай састырады?
8. б, в, г, ғ, д, ж қандай дыбыстар? /ұяң/
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а, о, ұ, ы/
10. Ең мықты қандай ағаш? /емен/
11. Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/
12. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. \Аю\
13. 7 дм неше см бар? /70см/

2 - кезең: ” Тапқыр болсаң ұтып көр”
Білімділер, біліктілер ортада,
Көрейікші білімдерін тексеріп
Қай жүйрік оза шабар, бабында
Есептеуде шапшаңдығын танытып
Ауызша есептерді шапшаң шығару
І топ ------------------ ІІ топ
95 – 34=61
51 + 41=92
(12+5)- 10
(50+20)+20 1 сағ=60 мин
70 мин= саг мин
1 саг 20 мин = мин 22 + 78=100
49 – 36=13
100 - (50 - 10)
(70 - 30)+20 80 мин= саг мин
1 саг 30мин = мин
60 мин= саг

ІІ кезең: «Кім жылдам?» (әр топқа сұрақтар қою)
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

Олай болса кезекті сұрақтарға берейік, шешімін кім тез табады?
І – топқа
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Сөйлемдегі сөздердің байланысы дегеніміз
3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
4. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт).
5. Ы. Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан).
6. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).
7. Тірі табиғатқа не жатады? (адам).

ІІ – топқа
1. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).
2. Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы, сұраулы, лепті).
3. Түбір дегеніміз не?
4. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т. б.).
5. Абай Құнанбаев кім? (ақын).
6. Табиғат деген не? (айналаны қоршап тұрған дүние).
7. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғала - рының ұзындықтарын қосу арқылы)

ІV – кезең “Мың бір мақал»
Ананың көңілі балада, …
Қына тасқа бітеді,...
Досы көпті жау алмайды, …
Ер жігіт елі үшін туады, …
Ақыл – тозбайтын тон,...
Өзге елде сұлтан болғанша,...
Білекті бірді жығар,...
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті,...
Бірлік болмай,...
Ердің көркі елімен,...
Туған жердей жер болмас,...
Оқу – білім бұлағы,...
Еңбегің қатты болса,...
Төртеу түгел болса,...
Ырыс алды -...
Еңбек етсең ерінбей,...
Білім қымбат,...
Отансыз адам -...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы Қызылорда қаласы №7 орта мектеп
Білімділер, алғырлар, тапқырлар
Білімділер, алғырлар, тапқырлар
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б.Аманшин орта мектебі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×