Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім 1-6 жаттығулар

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сын есім 1-6 жаттығулар

Мақсаты: 1. «Сын есім» тақырыбын тірек - сызба бойынша меңгерту, өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.
2. Дамыта оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту.
3. Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білім беру
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ, слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Сен маған, мен саған» деген ойынмен өткен сөз таптарын бекіту.
Ойынның шарты: 1 - парта 2 - партаға, 2 - парта 3 - парта оқушыларына өтілген сөз таптарына байланысты сұрақ қойып, жауап береді.

ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақ шешу.
Жұмбақтар шешіп, оның шешуін торкөздерге орналастыру керек.
1. Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады. (Қасқыр)
2. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды. (Балық)
3. Жерде туып, көкте өледі. (Түтін)
4. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (Жел)
5. Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су)
6. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (Кірпі)
7. Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар. (Мысық)
Қарамен жазылған торкөздерден қандай сөз шықты? (Сын есім)

IV Жаңа сабақ
Тірек - сызбамен жұмыс

Бүгін балалар, «сын есім» жайлы білімдерімізді тапсырмалар орындау арқылы толықтырамыз. Оқушылардан ереже сұрау.
Шытырман сызық арқылы сын есімді өзіне қатысты зат есіммен тіркестіріп айту мысалы: ақ қоян, биік үй.
Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу
* Өлеңді мәнерлеп оқы.
* Өлеңнен сын есімдерді тап. Олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды сын
есім екенін айт.
*Туынды сын есім дегеніміз не?
І қатар: берілген зат есімдерге жұрнақ жалғап, сын есім құрастыру.
Тау -, қала -, сән -, гүл -, айна -
ІІ қатар: берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, сын есім құрастыру.
Біл -, айт -, сөйле -, тап -, көр -
ІІІ қатар: берілген жұрнақтарға түбір сөз жалғап, сын есім құрастыру.
- дай,- тау,- ғылт,- шыл,- шіл
2 - жаттығу
Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.
Сырты жасыл, қап - қатты,
Іші қызыл, тәп - тәтті. (Қарбыз)
• Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт.
• Жұмбақтың шешуін табуына қай сөздер көмектесті?
• Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесің?
Өз бетінше жұмыс. Үнтаспадан беріледі.
Тапсырма: жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін тауып, ішінен сын есімдер табыңдар.
Қабат - қабат тоны бар,
Кішкене ғана бойы бар. (Қой)

Қар үстінде қара тас,
Жанғанда бетті қаратпас. (Көмір)

3 - жаттығу
* Мәтінді алдымен толық, содан сын есімдерсіз оқы. Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болғанын айт.
* Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз, қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.
Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтар. Олар тау - тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
«Күн шуағын шашады» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Күннің шуағынан шашылған әріптерден сын есім құрап жазу.

/Тар, қызыл, ақ, сары, сұры, ұзын, ыстық, ала, алқызыл, тұнық/
Сергіту сәті:
Әр оқушы өз атына бір сын есім қосып айту. Мысалы: мейірімді Мөлдір.
4 - жаттығу
* берілген сын есімдерге сай келетін затты тап. Неліктен сол затты айтқаныңды дәлелде.

5 - жаттығу
Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой
__________ бала - сүйініш, _____________ бала жанында

Төбең бір көкке жетеді. Ұрыс пен _________, айқай - шу.

Тәртіпсіз _________ - күйініш, _________ бала маңынан
Төмендеп басың кетеді __________ қылық байқайсың

Ой толғаныс
Берілген сызбаға байланысты сөйлем құраңдар

Мысалы: Апамнан қызық кітап алдым.
Сабақты қорытындылау
Ойын: «Сиқырлы сандықша»
Ойынның шарты: Сандықшаның ішінде сөздер жазылған карточкалар бар. Сұрақты дауыстап оқып, жауап бересіңдер. Оларды құрамына, мағынасына қарай топтаңдар.
- Енді осы орындалған тапсырмаларға қарап, сын есімнің ережесін толығырақ кім айтып бере алады?
Оқушылардың жауабы.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елубаева А.Қ.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Зат есім
Зат есім
Бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Айсұлу
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×