Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

04 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 32
Тақырыбы: §34. Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты: біржасушалы ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын, яғни олардың пайда - зияның оқушы тұлғасына жете түсіндіру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Біржасушалы жәндіктердің қоректену тәсілі жағынан жасыл өсімдіктерден ерекшелігі неде?
Жасыл эвгленаның өсімдікше қоректенуіне оның құрылысындағы қандай ерекшелігі мүмкіндік береді?
Эвгленада, амебада, кірпікшелі кебісшеде ас қорытылуының ортақ белгілері қандай?
Біржасушалылар қалай тыныс алады?
Кірпікшелі кебісшенің зиянды қалдықты сыртқа шығаруының амебадан ерекшелігі неде?
Бір жасушалылар қандай жолдармен көбейеді?
Біржасушалылар қандай тәсілмен көбейеді? Оның мәнін түсіндіріңдер.
Амеба қоректі қалай ұстайды? Қорек денеге қалай түсіп, қорытылады?
Кірпікшелі кебісшеде қорек қалай ұсталып, цитоплазмаға өтеді? Ол қалай қорытылады?
Циста деген не? Біржасушалылар үшін оның қандай маңызы бар?
1. Аталған үш жәндік дайын қоректік заттар жоқ күн сәулесі түсіп тұрған таза суға жіберілді дедік. Олардың қайсылары ашықпай белсенді тіршілік ете берер еді? (ойланыңдар).
2. Тыныс алу мен зиянды заттардың сыртқа шығарылуының ағза үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?
3. Жасушаның бөліну тәсілінде екеуінде қандай ерекшелік бар? Бұл – тіршілікке елеулі әсері бар ерекшелік пе? (ойлан).

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.
Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.

Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі – дизентерия амебасы.
Дизентерия амебасы (грекше: «дис» – бұзу, «ектерон» – ішек) адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайды. Осы жарадан шыққан қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін жүргізіп, ыстығын көтеріп, қатты ауыртады. Бұл ауру қантышқақ деп аталады. Ауру адамның ішегінде амеба тез көбейіп, нәжіспен араласқандары бірден цистаға айналады. Тәулігіне нәжіспен бірге 300 млн - дай амеба цистасы сыртқа шығады. Олар суды, түрлі көкөністерді және тағы басқа азық - түліктерді (цисталардың қалай таралатынын еске түсіріңдер) ластайды. Дизентерия амебасының цисталары лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс - жидекті жумай жегеннен сау адамға жұғады. Дер кезінде емделмесе, бұл ауруды ажалға душар етуі мүмкін.

Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де, қанда бөліну жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді. Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан ашқан. Бұл паразит негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді. Безгек паразиті қанның бір қызыл түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан әрі жалғастырады. 3 - 4 күн ішінде паразиттер орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке ауысады. Дәл осы сәтте безгек қайта ұстайды.

1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды. Одан соң осы ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді. Олар қыстайтын жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар тіршілік ететін батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен (личинка) қоректенетін гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың арқасында елімізде безгек ауруының өріс алуына кедергі жасалуда.

Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі – лейшмания. Бұл ауруды көбінесе құм шіркейлері таратады. Аурудың аты – лейшманиоз.
Еліміздің шөл аймақтарында үлкен құмтышқан мекендейді. Осы тышқанның інінде ұсақ шіркейлер көп болады. Шіркей адам терісін шаққанда ауру сол жер арқылы тері астына түсіп, одан әрі көбейеді. Әуелі теріде бөрткен пайда болады да, ол біртіндеп жаңғақтай боп үлкейеді. Біраздан соң жарылып, іріңдейді. Бұл аурудан адам да көп зардап шегеді. «Тері лейшманиозы» деп аталатын бұл дерт дер кезінде емделмесе асқынып кетеді.

Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек - орын, киімді, ыдыс - аяқты, азық - түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп, таралуына мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.

ІV. Бекіту.
Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар?
«Паразиттік тіршілік ету» дегенді түсіндір. Түрлі ауру тудыратын біржасушалыларды ата; қайсысы қандай ауру тудырады?
Безгек ауруын тудыратын қандай жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады?
Лейшмания қандай жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай қатысы бар?
Біржасушалар суды қалай тазартады?
Шағын бөгеттерге гамбузия балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?
Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін маңызы бар ма? Қандай?
Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?

Біліміңді тексер.
1. Біржасушалылардың бәріне ортақ қасиеттеріне сипаттама беріңдер.
2. Төмендегі кестені дәптерлеріңе сызып, толтырыңдар. Қарапайымдар құрылысында бар органоидтардың тұсына бар болса «+», жоқ болса «–» белгісін қойыңдар.

Толық нұсқасын жүктеу
6 240
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері
Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері
Біржасушалы ағзаларға тән: қоректену, көбею, тыныс алу, сыртқа шығару қасиеттеріне сипаттама бере отырып, өкілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделу дәрежесі жайлы білімдерін кеңейту
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі. Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Жасыл эвглена
Жасыл эвглена
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рахметов Мейірбек Абушахманұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×