Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (6 вариант)

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Биология
6 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Қазақстанның Қызыл Кітабының шыққан жылы:
A) 1984.
B) 1983.
C) 1981.
D) 1985.
E) 1982.
2. Минералды тыңайтқыш:
A) Суперфосфат.
B) Шымтезек.
C) Өсімдік қалдығы.
D) Қарашірік.
E) Құс саңғырығы.
3. Дара жарнақты өсімдік:
A) Асқабақ.
B) Үрмебұршақ.
C) Қияр.
D) Қарабидай.
E) Күнбағыс.
4. Күрделі масақ гүлшоғыры:
A) Қара меңдуанада
B) Сұлыда
C) Асбұршақта
D) Бидайда
E) Тарыда
5. Өт бөлетін без:
A) Сілекей без.
B) Жыныс безі.
C) Ұйқы безі.
D) Ішек безі.
E) Бауыр.
6. Қалпақшалы улы саңырауқұлақ -
A) Түлкіжем.
B) Майқұлақ.
C) Арышқұлақ.
D) Жалған түбіртек.
E) Ақ саңырауқұлақ.
7. Безгек паразитінің көбеюі -
A) Эритроциттер арқылы.
B) Адам өкпесі арқылы.
C) Тері арқылы.
D) Ішектер арқылы.
E) Бауыр арқылы.
8. Шаянның құрсақ бунағындағы қысқа аяқшалар саны -
A) Сегіз - сегізден.
B) Төрт - төрттен.
C) Үш - үштен.
D) Бір - бірден.
E) Екі - екіден.
9. Сүтқоректілердің қорегі ауыз қуысынан кейін … түседі.
A) он екі елі ішекке
B) жемсауға
C) қарынға
D) ішекке
E) жұтқыншаққа
10. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын:
A) Сіңірлер.
B) Тегіс бұлшықет.
C) Көкет.
D) Асқазан, көлденең жолақты бұлшықет.
E) Қабырғааралық бұлшықет.
11. Аралық ми... реттейді:
A) ішкі мүшелермен байланысты.
B) ішкі секреция бездерінің жұмысын.
C) қозғалысты.
D) сезім мүшелерінің жұмысын.
E) бұлшық еттердің жұмысын.
12. Тұмауды қоздырушылар -
A) Құрттар.
B) Шаң - тозаңдар.
C) Саңырауқұлақтар.
D) Бактериялар.
E) Вирустар.
13. Тілдің ұшы … сезеді.
A) ащыны
B) тәттіні
C) күйдіретін ащыны
D) қышқылды
E) тұздылықты
14. Жердің саналы қабығы -
A) Атмосфера.
B) Гидросфера.
C) Литосфера.
D) Биосфера.
E) Ноосфера.
15. Аналықтың ең жоғарғы ұшына жатады:
A) Мойын
B) Тозаңқап
C) Ауыз
D) Жіпше
E) Жатын
16. Мүк спораларының дамитын орны.
A) Қауашақта.
B) Жапырақтың астында.
C) Жемісте.
D) Ризоидта.
E) Тамырда.
17. Медузаның қорегін әлсірететіні:
A) қармалауыштары.
B) атқыш жасушалары.
C) бұлшық ет талшықтары.
D) аралық жасушалары.
E) аузы.
18. Мал бауырында қимылдамай паразиттік тіршілік ететін:
A) нереида
B) бауырсорғыш
C) шұбалшаң
D) желпуішқұрт
E) аскарида
19. Буынның шығуы:
A) буын сүйектері орнынан тайғанда
B) қабығы зақымданғанда
C) сүйек зақымдалмай, сүйектің ойысы зақымдалса
D) сіңір созылғанда
E) буын қалтасы зақымдалса
20. Қанның ұюын қамтамасыз етпейтін:
A) тромбоциттер
B) қан пластинкаларының бұзылуы
C) кальций тұздары
D) фибриноген белогы (нәруызы)
E) эритроциттер
21. Терідегі қоректік зат пен энергия “қоры” болып есептелетін:
A) Сыртқы қабат.
B) Шел қабаты.
C) Рецепторлар.
D) Түк ұясы.
E) Ішкі қабат.
22. Жасушада ең көбі …
A) Оттек
B) Көміртек
C) Азот
D) Сутек
E) Фосфор
23. Жасушада ақуыздың атқармайтын қызметі:
A) Құрылыс материалдары
B) Катализді реакция жүргізу
C) Қорғаныштық
D) Еріту
E) Тасымалдаушы
24. Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы -
A) Қолдан сұрыптау.
B) Тірішілік үшін күрес.
C) Табиғи сұрыпталу.
D) Көбею қарқындылығы.
E) Түраралық күрес.
25. Ойлау процесі... байланысты.
A) жұлынға
B) миға
C) жүйкенің шеткі бөлімдеріне
D) қимыл жүйкеге
E) сезгіш жүйкеге
26. Мейоздық жолмен бөлінетіндер:
A) прокариоттар
B) зақымдалған ұлпалар
C) жыныс жасушалары
D) қуық бұлшық еті, эпителий ұлпасы
E) эмбриондық ұлпалар
27. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:
A) 2
B) 1
C) 8
D) 4
E) 6
28. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуы:
A) Конвергенция.
B) Дивергенция.
C) Жалпы дегенерация.
D) Идиоадаптация.
E) Ароморфоз.
29. Адамдағы атавизм:
A) Құлақ қалқаны.
B) Шонданай сүйегі.
C) Көздегі үшінші қабақ.
D) Көп емшектілік.
E) Соқырішегі.
30. Даралар арасында бір - бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі:
A) Қоректену торы.
B) Заттардың айналымы.
C) Қоректік.
D) Биоценоз.
E) Экологиялық пирамида.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
4 174
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (54 - вариант)
Тест биология (54 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (49 - вариант)
Тест биология (49 - вариант)
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология (45 - вариант)
Тест биология (45 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (34 - вариант)
Тест биология (34 - вариант)
Өт бөлетін без: A) Бауыр. B) Ұйқы безі. C) Ішек безі. D) Сілекей без. E) Жыныс безі.
Тест биология (20 - вариант)
Тест биология (20 - вариант)
Лептесік дегеніміз: A) Жасушааралық қуыс. B) Хлоропласт. C) Жасушамен шектелген саңылау. D) Жапырақ өңі. E) Фотосинтездеуші ұлпа.
Тест биология (3 - вариант)
Тест биология (3 - вариант)
1. Жасуша қабықшасындағы саңылау: A) 3 B) Көптеген C) 1 D) 2 E) 4
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×