Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (11 - вариант)

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Биология
11 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Хлоропластың қызметі:
A) Улы заттарды ыдырату.
B) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру.
C) Өсімдікке жасыл түс беру.
D) Қор затын жинау.
E) Көбеюге қатысу.
2. Органикалық тыңайтқыш:
A) Суперфосфат.
B) Құс саңғырығы.
C) Калий.
D) Селитра.
E) Азот.
3. өсiмдiктердiң қозғалуына әсер етедi -
A) өсiмдiктiң тiрi денесi.
B) Тыныс алу.
C) Фотосинтез.
D) Қоректену, өсiмдiктiң тiрi денесi.
E) Жарық, су, ауа, жылу, қоректiк заттар, өсiмдiктiң тiрi денесi.
4. Астық тұқымдастардың гүлі:
A) 1 аналық, 6 аталықтан тұрады.
B) Аналығы да, аталығы да көп.
C) 1 аналық, 5 аталықтан тұрады.
D) 1 аналық, 10 аталықтан тұрады.
E) 1 аналық, 3 аталықтан тұрады.
5. Тісті зерттейтін ғылым:
A) Цитология.
B) Стоматология.
C) Физиология.
D) Кардиология.
E) Гематология.
6. Ақ зең саңырауқұлағының кездесетін жерлері
A) Тастардың үстін.
B) Су.
C) Нанда, жемістер, жылқы тезегі.
D) Жасыл өсімдіктер.
E) Топырақ.
7. Жауынқұрттың денесіндегі қылтанының атқаратын қызыметі:
A) Зәр шығару.
B) Иіс сезу.
C) Денені орнықты ұстау.
D) Жиырылу.
E) Қозғалу.
8. Көбелектердің дернәсілінің атауы:
A) Қуыршақ.
B) Нимфа.
C) Личинка.
D) Имаго.
E) Жұлдызқұрт.
9. Адам ағзасының құрылысын, атқаратын қызметін және дамуын зерттейтін ғылым:
A) Гигиена.
B) Физиология.
C) Экология.
D) Тәнтану.
E) Эмбриология.
10. Шеткі жүйке жүйесінің бөлімі:
A) үлкен ми сыңары
B) ми бағаны
C) жұлын
D) жүйкелер, жүйке түйінділері
E) мишық
11. Адам тыныс алуына қажетті газ:
A) азот (II) оксиді
B) азот (IV) оксиді
C) азот
D) оттегі
E) көмірқышқыл газы
12. Тұмаумен ауырғанда микроорганизмдердің әсерінен құлақтың қабынатын бөлімі -
A) Ортаңғы құлақ.
B) Есту түтігі.
C) Сыртқы құлақ.
D) Есту сүйектері.
E) Ішкі құлақ.
13. Шартсыз және шартты рефлекстер туралы ілімді ашқан ғалым -
A) Ухтомский А. А.
B) Мечников И. И.
C) Сеченов И. М.
D) Парин В. В.
E) Павлов И. П.
14. Жердің геологиялық қабығы биосфера:
A) Топырақтан тұрады.
B) Тірі организмдерден тұрады.
C) Сұйық заттардан тұрады.
D) Газ тектес заттардан тұрады.
E) Қатты заттардан тұрады.
15. Спора арқылы көбейе алатын өсімдік:
A) Бақбақ
B) Көкнар
C) Шырша
D) Қарағай
E) Мүк
16. Қолайлы жағдайда өскен қарағайдың биіктігі -
A) 30 - 40 м.
B) 25 - 30 м.
C) 10 - 15 м.
D) 20 - 25 м.
E) 15 - 20 м.
17. Ішекқуыстылардың қорегін аулауы:
A) Бұлшық ет жасушаларымен.
B) Жүйке жасушасымен.
C) Аузымен.
D) Атпа жасушалары көмегімен.
E) Жабын жасушаларымен.
18. Балықтардың қанайналым жүйесі:
A) тұйық емес
B) үш қанайналым шеңбері
C) екі қанайналым шеңбері
D) бір қанайналым шеңбері
E) төрт қанайналым шеңбері
19. Кеуде қуысын қозғалысқа келтіретін негізгі бұлшықеттері.
A) Ұшбасты
B) Екібасты және балтыр
C) Балтыр
D) Үш басты, жалпақ арқа
E) Қабырғааралық
20. Қанның қызыл түсті болуы... байланысты:
A) лейкоциттерге
B) эритроциттерге
C) қан плазмасына
D) фибринге
E) қан сарысуына
21. Майлардың, көмірсулардың синтезделу әрекеті жүреді:
A) Гольджи комплексінде.
B) Тегіс бетті эндоплазмалық торда.
C) Ядрода.
D) Лизосомада.
E) Вакуольде.
22. Көмірсулардың ішіндегі полисахаридтер:
A) крахмал
B) фруктоза
C) рибоза
D) глюкоза
E) дезоксирибоза
23. Сыртқы ортадағы маусымдық өзгерістердің ең негізгі әрекеттері.
A) Күн жарығының ұзақтығының өзгеруі.
B) Жауын - шашын мөлшері.
C) Ауа температурасындағы өзгеріс.
D) Қардың түсуі.
E) Ауаның атмосфералық қысымы.
24. Консументке жататын:
A) Айдаршөп.
B) Спирогира.
C) Бақа.
D) Үрмебұршақ.
E) Қырықжапырақ (шаңжапырақ)
25. Басаяқты бақалшақсыз ұлулардың сорғышы бар қармалауыштары -
A) Аяқтарының бөлігі.
B) Тұлғасы.
C) Бақалшағы.
D) Мантиясы (шапаншасы).
E) Басы.
26. Қанда адреналиннің көбеюі жылудың түзілуін:
A) Жылу берілуін теңестіреді.
B) Күшейтеді.
C) Баяулатады.
D) Тоқтатады.
E) Қалпына келтіреді.
27. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын:
A) Жүйке тақташасы.
B) Бұлшық ет.
C) Ішек.
D) Зәр шығару жүйесі.
E) Хорда.
28. Дигибридті будандастырудағы F2 ұрпақта фенотипі төрт түрлі генотипті көрініс береді:
A) 3: 2: 1
B) 1: 1
C) 9: 3: 3: 1
D) 1: 2: 1
E) 3: 1
29. Жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған ортаның заттарымен сәйкес келетін бейімделушілік:
A) Қорғаныш (мимикрия).
B) Бүркеніш.
C) Жасырынғыш.
D) Айбарланғыш.
E) Сақтандырғыш.
30. Горилланың адамға жақындық белгісі:
A) Бассүйек құрылысы.
B) Жалпақ төс сүйегі.
C) Аяқ - қолының мөлшері.
D) Қол, бас, табан, жамбас құрылысы.
E) 12 жұп қабырғасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
2 962
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (51 - вариант)
Тест биология (51 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (49 - вариант)
Тест биология (49 - вариант)
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология (43 - вариант)
Тест биология (43 - вариант)
Тест биология пәні бойынша жауаптарымен
Тест биология (35 - вариант)
Тест биология (35 - вариант)
Өсімдіктің генеративті мүшелері: A) Тамыр, жеміс. B) Гүл, тұқым, жеміс. C) Тамыр, сабақ, жапырақ. D) Сабақ, гүл. E) Жапырақ, тұқым.
Тест биология (24 - вариант)
Тест биология (24 - вариант)
Хромопластардың қызметі: A) Көбеюге қатысу. B) Өсімдікке жасыл түс беру. C) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру. D) Қор затын жинау. E) Фотосинтезге қатысу.
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін тексеру Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×