Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (32 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
32 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік:
A) Итмұрын.
B) Пеларгония.
C) Бидайық.
D) Қойбүлдірген.
E) Ақжелкен.
2. Түйнек бактериясының маңызы:
A) Ауадағы бос азотты сіңіру.
B) Тынысалу.
C) Фотосинтезге қатысу.
D) Май жинау.
E) Кальций тұздарын жинау.
3. Сүйекті құрғақ жемісті өсімдік:
A) Грек жаңғағы.
B) Көкнәр.
C) Тұшала.
D) Бидай.
E) Қызан.
4. Қорытылған ас сіңірледі:
A) Ауызда.
B) Бауырда.
C) Қарында.
D) Ұлтабарда.
E) Аш ішекте.
5. Тұқымның қоректiк заттар жинайтын жасушалары -
A) өзек.
B) Түйiн.
C) Эндосперм.
D) Бүршiк.
E) Тұқымбастама.
6. Қысы - жазы адамның дене температурасы:
A) 36, 6º
B) 38, 5º
C) 38º
D) 39º
E) 35º
7. Қан бұл... ұлпа.
A) нерв
B) бұлшық ет
C) дәнекер
D) эпителий
E) көлденең жолақты
8. Асқынғанда жөтеліп қан түкіретін жұқпалы ауру:
A) гайморит
B) туберкулез
C) ларингит
D) силикоз
E) трахеит
9. Тұмаумен ауырғанда микроорганизмдердің әсерінен құлақтың қабынатын бөлімі -
A) Есту түтігі.
B) Сыртқы құлақ.
C) Ішкі құлақ.
D) Ортаңғы құлақ.
E) Есту сүйектері.
10. Халықаралық Адам және биосфера бағдарламасына қатысушы мемлекеттер -
A) Микроқорықтар ұйымдастырады.
B) Табиғат ескертқіштерін ұйымдастырады.
C) Қорықшалар ұйымдастырады.
D) Биосфералық қорықтар ұйымдастырады.
E) Кәдімгі қорықтар ұйымдастырады.
11. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі:
A) желбезек
B) өкпе және тері
C) өкпе
D) өкпе қапшықтары
E) тері
12. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым:
A) Медицина.
B) Физиология.
C) Гигиена.
D) Тәнтану.
E) Экология.
13. Бас ми бағанының құрамына кірмейтін:
A) үлкен ми сыңарлары
B) ми көпіршесі
C) сопақша ми
D) аралық ми
E) ортаңғы ми
14. Өлген ағзаларды қарашірікке айналдыратын бактериялар:
A) шіріту
B) сүт
C) ашыту
D) көк жасыл
E) топырақ
15. Экология дегеніміз... байланысы.
A) адамның жануарлармен
B) адамның айналадағы қоршаған ортамен және ондағы өсімдіктермен
C) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік
D) тірі ағзалардың өзара
E) тірі ағзалардың сыртқы ортамен өзара
16. Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы -
A) Қолдан сұрыптау.
B) Табиғи сұрыпталу.
C) Тіршілік үшін күрес.
D) Түраралық күрес.
E) Көбею қарқындылығы.
17. Суды тазартушы ұлулар:
A) Сегізаяқтылар.
B) Теңіз бауыраяқтылар.
C) Каракатицалар.
D) Айқұлақ.
E) Кальмарлар.
18. Нуклеин қышқылының мономері:
A) Аминоқышқылдар.
B) Май қышқылы.
C) Гликоген.
D) Нуклеотидтер.
E) Қарапайым көмірсулар.
19. Қолайлы жағдайда өскен қарағайдың жасы -
A) 250 - 300 жыл.
B) 150 - 200 жыл.
C) 200 - 250 жыл.
D) 100 - 150 жыл.
E) 350 - 400 жыл.
20. Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы:
A) Ядро қабықшасында.
B) Хромосомада.
C) Ядрошықта.
D) Ядро шырынында.
E) Ядро қосындыларында.
21. Агроценоздар -
A) Жасанды биогеоценоздар.
B) Өте көп түрлерден құралған биогеоценоздар.
C) Топыраққа түскен заттарды пайдаланатын биогеоценоздар.
D) Табиғи биогеоценоздар.
E) Жойылмайтын тұрақты биогеоценоздар.
22. Биогенетикалық заңды ашқан ғалымдар:
A) С. Лурия, М. Дельбрюк
B) Ледерберг, Э. Татум
C) Г. Флори, Э. Шейн
D) Д. Бидл, Э. Татум
E) Ф. Мюллер, Э. Геккель
23. Овогенез кезінде жасушадан шығатын жұмыртқа жасушасының саны:
A) екі жұмыртқа
B) алты жұмыртқа
C) бір жұмыртқа
D) сегіз жұмыртқа
E) төрт жұмыртқа
24. Энергия көзінің түзілуі:
A) Тек органикалық заттардың тотығуынан.
B) Тек органикалық заттардың ыдырауынан.
C) Минералдық заттардың жинақталуынан.
D) Органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуынан.
E) Қоректік заттардан.
25. Толық түрленіп даму:
A) жұмыртқа - қуыршақ
B) жұмыртқа - ересек бұнақдене
C) жұмыртқа - дернәсіл - ересек бұнақдене
D) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ
E) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - ересек бұнақдене
26. Шұбалшаң зәрінің сыртқа шығарлуы:
A) Екі сақина тәрізді түтікшелерден.
B) Сақина тәрізді түтікшелерден.
C) Бір - бірден орналасқан имек түтікшелерден.
D) Екі - екіден орналасқан имек түтікшелерден.
E) Аналь тесігінен.
27. Бұлшықет жұмысына қажетті энергияның босап шығуы:
A) қоректенуден
B) биосинтезден
C) газ сіңіруден
D) органикалық заттардың түзілуінен
E) органикалық заттардың ыдырауынан
28. Түрдің генотипі ААВв болатын гаметалары:
A) ААВ
B) АВ, Ав
C) АВ
D) Аав
E) АА, Вв
29. Гидраның қозғалуында негізгі роль атқаратын:
A) көбею жасушасы
B) бұлшық ет талшығы
C) ас қорыту жасушасы
D) атпа жасушалары
E) аралық жасушалар
30. Топырақта жеткіліксіз болғанда жапырақтардыѕ бозаруына јсер ететін:
A) Калий.
B) Азот.
C) Магний.
D) Фосфор.
E) Кальций.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
2 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (47 - вариант)
Тест биология (47 - вариант)
Биологиядан тест тапсырмалары
Тест биология (46 - вариант)
Тест биология (46 - вариант)
Биология пәні бойынша тест жауаптарымен
Тест биология (43 - вариант)
Тест биология (43 - вариант)
Тест биология пәні бойынша жауаптарымен
Тест биология (35 - вариант)
Тест биология (35 - вариант)
Өсімдіктің генеративті мүшелері: A) Тамыр, жеміс. B) Гүл, тұқым, жеміс. C) Тамыр, сабақ, жапырақ. D) Сабақ, гүл. E) Жапырақ, тұқым.
Тест биология (23 - вариант)
Тест биология (23 - вариант)
Сүйекті құрғақ жемісті өсімдік: A) Қызан. B) Көкнәр. C) Грек жаңғағы. D) Бидай. E) Тұшала.
Тест биология (11 - вариант)
Тест биология (11 - вариант)
1. Хлоропластың қызметі: A) Улы заттарды ыдырату. B) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру. C) Өсімдікке жасыл түс беру. D) Қор затын жинау. E) Көбеюге қатысу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×