Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы

24 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Биология
Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы
Биология 6 сынып
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға қылқанжапырақтылардың маңызы туралы білімдерін жетілдіру.
2) Табиғат байлығына байланысты көзқарастар және оқушылардың дүниетанымын дамыту. Өз білімдерін өздері бағалай білуге үйрету.
3) Өзінің оқушылық міндетіне сай саналылықпен, білімділікпен қарауға тәрбиелеу. Табиғатты сүюге бағыт беру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типi: Жаңа материалды өздігінен меңгерту.
Сабақтың әдiсi: Салыстыру, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, өздігінен білім алу және өздігінен бағалау, сұрақ - жауап.
Қажеттi көрнекiлiктер: Интерактивті тақта, эл. оқулық, слайд

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабақтың барысымен таныстырып өту.
1. «Ротация» әдісі
2. (Әр оқушы әр түрлі түс маркерімен постерге жазады. Ұсынылған проблема бойынша топтар дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады)
Кім не біледі?

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ашық тұқымдылар, жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т - дың 600 - дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т - дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь - Шаньның шыршажәне сирек аршалы ормандары жатады. А. т - ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т - дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т. б.) шаруашылыққа маңызы зор

Қызығушылығын ояту:
“Сен білесің бе”
- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады

500303535015036202000404585050002749 сандарды сипатта

• МАҒЫНАНЫ ТАНУ
Қызыл кітапқа енген қылқанжапырақтылар туралы ой толғау

• Электрондық оқулық бойынша тақырыпқа шолу жасалады

Әр оқушыға тапсырма
І. Ашықтұқымдылар құрылысы мен ерекшеліктері
ІІ. Жатаған шыршасы
ІІІ. Зеравшан аршасы
4. Кәдімгі қарағай
5. Қылқанжапырақталардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы
6. Орманның маңызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру. Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы Биология 6 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Әлемдегі ең ірі ормандар.
Әлемдегі ең ірі ормандар.
Оқушыларға әлемнің табиғат зоналары, таралу ерекшеліктерін, орман зонасының орналасуын түсіндіру. Ормандардың ерекше қасиеттерін үйрену.
Жабық тұқымды өсімдіктер
Жабық тұқымды өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы, көптүрлілігі.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктер экологиясы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×