Білімділер поралы

Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстырып, жапырақтың ішкі құрылысындағы бөлімдерімен олардың атқаратын қызметтерімен
таныстыру.
Дамытушылық: Жапырақтың қызметіне тоқталып маңызын түсіндіру. Оқушылардың сабақты меңгергендігін пысықтап бекіту.
Тәрбиелік: Өсімдіктердің жапырағының маңызын түсіндіру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілік: Оқулық, плакаттар, суреттер, кесте, биологиялық диктант.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды түгелдеу, сыныптың дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
§Сабақтың түрлері мен қызметі
Биологиялық диктант
............. – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады. Сабаққа......... жапырақ........., жеміс бекінеді............. сабақ арқылы қозғалады............ қатысады. Тік сабақ -............................................ өсімдіктерінде кездеседі.
Жатаған сабақ – өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады,.......... болады. Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз өсімдіктерінде болады.
................... - нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, мұртшалары болмайды................. өсімдіктерінде кездеседі.
Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты, ол.............. қабаттарынан тұрады.......– жас сабақтың сыртын қаптайды,........– беріктік, мықтылық қасиет береді........– жасушалары ұзын болып түтікше құрайды, қоректік заттар қозғалады. Тамырсабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркені.
........ – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Қызығушылықты ояту. Жапырақ туралы оқушылар өз білгендерін жазу.

Жаңа тақырып суреттерді пайдалана отырып тірек - сызбалар арқылы түсіндіріледі.
Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі:
1. Ауадан көмірқышқыл газы мен су сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзеді;
2. Жасушадағы артық суды буландырады;
3. Газ алмасады;
4. Органикалық заттарды қорға жинайды;
5. Көбеюге қатысады;

Жапырақтың сыртқы құрылысы.
Жапырақ тақтадан, сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейтілген бөлімі - тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады.
Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ деп атайды. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Болдырев ауылы, Болдырев негізгі мектебі
Биология пәні мұғалімі
Тлекқабылова Римма Сабырғалиқызы

Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 52
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 52
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика