Білімділер поралы

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу

Биология
Сабақтың тақырыбы: §41. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алу мүшелерінің аурулары, тыныс алу гигиенасы, жасанды тыныс алдыру жолдары туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілеттерін дамытып жетілдіру, сабаққа деген белсенділіктері мен қызығушылықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, "Өкпе құрылысы" плакат, бейнеролик "Тыныс алу жолдары", "Первая помощь при утопление".
Қолданылған тізімі:
8 - сынып "Биология" Е. Очкур, Л. Аманжолова, Р. Жұмабаева. Алматы "Мектеп" 2012
9 - сынып"Тәнтану" З. Жөкебайқызы, С. Сейсенбекқызы. Алматы"Рауан" 1996
"Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы"Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. А. Қ. Сәтпаева "Адам физиологиясы"
А. Рақышев "Адам анатомиясы"
М. Дайырбекова "Адам анатомиясы"

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл - күйлерін білдіреді.

II. Үй тапсырмасы.
§40. Өкпенің құрылысы мен қызметі.
"Ой ашар" төмендегідей сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым.
1. Өкпенің құрылысы қандай? Ол қайда орналасқан?
2. Өкпеқап қуысы және өкпеқап сұйықтығы дегеніміз не? Олар қандай рөл атқарады?
3. Өкпе көпіршіктерінің құрылысы, қызметі қандай?
4. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмі қандай?
5. Тыныс алу қозғалыстары қалай жүзеге асырылады?

6. Кітап 147 - бет, сәйкестігін анықтау кестесін дәптерлерінен тексеру. Бір оқушыға оқытып, сыныппен бірге тапсырманын дұрыс немесе дұрыс еместігін анықтап отыру.
7. Бейнеролик "Тыныс алу жолдары".

III. Жаңа сабақ.
1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныс алғандағы сыйымдылығы (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл +1500мл +1500мл =3500мл
Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып - кішіреюінің сызбанұсқасы(стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді).

Тыныштық күйде адам тыныс алғанда, шамамен, 500 мл ауа жұтып, сонша ауа шығарады. Ауаның бұл көлемі тыныс алу көлемі деп аталады. Егер жай тыныс ал, аннан кейін терең тыныс алса, онда қосымша тағы да, шамамен, 1500 мл ауа жұтылады. Мұны ауаның қосымша көлемі деп атайды. Жай тыныс шығарғаннан кейін адам тағы да, шамамен, 1500 мл ауа шығарады. Мұны ауаның қордағы көлемі немесе резервтік көлемі дейді. Ең терең тыныс алғаннан кейін шығарылатын ауаның ең көп мөлшері өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп аталады. Ересек адамда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 3500 мл құрайды. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын организмнің дене дамуы мен денсаулық жағдайының көрсеткіші ретінде пайдаланады. Денесі шыққан адамда, мысалы, суда жүзгіштерде ол 6 - 7 л - ге дейін артуы мүмкін. Оны арнайы құралмен - спирометрмен.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6 - 7 және 15 - 16 жастарда айтарлықтай көбейеді. 16 - 17 жаста өкпесінің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады (1 - кесте).

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 226
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 226
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика