Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Витаминдер

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Витаминдер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға витаминдердің организмдегі рөлі және витаминдер жетіспегеннен болатын аурулар, олардың алдын алу шаралары жайлы түсінік қалыптастыру мақсатында сабақ өткіздім.
Сабақтың көрнекілігі: «Витаминдер» кестесі «Көкөніс құрамындағы витаминдер мөлшері» буклеті, кітап көрмесі, альбом, дәрілер көрмесі т. б
Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Сабақтың өтілу барысы:
Мұғалім. Витаминдер өсімдікпен мал өнімдерінің алынатын азық – түліктерде болады. Адам әртүрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады. Күнделікті ішетін тағамдарымыздың кейбіреуінің құрамында адам организміне аса қажетті витаминдер жетіспейді. Демек, тағамда витаминдер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруларға шалдығады.

Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе «Ас жүретін жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекер айтпаған. Витаминдер адам өмірінің арқауы онсыз адамның өмірі ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса витаминдер қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.
1 - оқушы. Жеткілікті тамақтану салдарынан туындайтын аурудың
себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н. И. Лунин болды. ОЛ алғаш рет тағам құрамындағы витаминдердің болатындығын 1880 жылы дәлелдеді. Жас ғалым тағам құрамындағы минералды заттардың рөлін зерттеді.

2 - оқушы. Кейінірек Н. И. Луниннің тәжірибесін голландиялық ғалым Пакель Харинг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 жылы қайталайды. 1911жылы Функ күріш қауызының құрамында амин тобы бар кристал зат бөліп алады. Осы затқа Функ витамин деп ат қояды. Латынша «Вита» - тіршілік, ал «амин» - азотты химиялық қосылыс. Қазір витаминдердің 30 - ға жуық түрі белгілі. Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен А, В, С, Д, Е деп белгілейді.
3 - оқушы. Ғалымдар көптеген тағамдарға зерттеулер жүргізіп сан алуан витаминдерді ашты. Сондай – ақ жеміс – жидек, көкөністерден, әр түрлі өсімдіктерден де витаминдер алады. Витаминдер биокатализаторлар яғни зат алмасуды реттеп отырады. Дені сау адамның витаминдерге деген тәуліктік қажеттілігі - 100мг.

Аукционер: Аукцион мынадай тәртіпте жүргізіледі.
1. Бір затты сатып алу үшін биология пәні мен байланысын табу қажет.
2. Заттың құны білім деңгейімен межеленеді.
3. Сатып алушылар тәртіппен кезектесіп сөйлейді.
Алғашқы саудаға А витамині түседі, бағасы 600 теңге.
А витамині (ретинол) майда жақсы еритін витаминдер тобына жатады. Ретинолдың жетіспеуінен тері құрғап, көздің нашар көруі байқалады.
Сатып алушы: Мен бұл витаминді 1000 теңгеге бағалаймын. Себебі А витамині жетіспесе балалардың өсуі баяулайды. Тістері мен шаштарының қалыптасуы нашарлайды.

Аукционер. А витамині 1000 теңгеге сатылады.: бір, екі, үш.

В1 витамині бұл витамин организмдегі май, белок, көмірсу және минералды заттардың алмасуын реттейді. Тиамин қара нанда, картопта, сәбізде, орамжапырақта, малдың өкпе – бауырында кездеседі. Тәуліктік мөлшері 1, 5 - 2, 0мг. Суда еритін витамин В1 витамині жетіспесе бас аурады, тәбеті төмендейді.
Аукционер. В1 витамині сатылады: 1000 теңге бір, 1000 теңге екі.
Сатып алушы: мен бұл витаминді 1200 теңгеге бағалаймын. Себебі бұл витамин жетіспесе зілді ауру бери – бери пайда болады.
Аукционер. В1 витамині 1200 теңгеге сатылады. Келесі сатылатын С витамині алғашқы бағасы 800 тг.
С витамині (аскорбин қышқылы) суда еритін витамин. Ол асқорыту ферменттерінің жұмысын жақсартады көмірсу алмасуын реттейді бауырда гликаген түзілуіне әсер етеді. Адам тәулігіне 70 - 100мг С витаминін қабылдау қажет.
Аукционер С витамині сатылады. 800 теңге.
Сатып алушы мен 1500 теңге беремін себебі С витамині әр түрлі жемістерде өте көп мөлшерде кездеседі. Қарақат, итмұрын, лимон, орамжапырақ т. б. С витамині жетіспесе адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Белгілері: қызыл иектің қанауы, сүйек буынының зақымдануы, қан аздық, тістің түсуі.
Аукционер С витамині сатылады 1500т бір, 1500 екі.
РР витамині (никатин қышқылы) суда еритін витамин клетканың тыныс алуына қатысады көмірсу алмасуын реттейді, асқызын жұмысын жақсартады. Бұл витамин жетіспесе адам подагра ауруына ұшырайды. Белгілері: бас ауырады, тері зақымдалады, бастың қылтылдауы, аяқ бұлшық еттерінің тартылуы білінеді.
Аукционер РР витамині сатылды.
Д майда еритін витамин екі түрде кездеседі. Эргокальцийферол (Д2 витамині) және холекальцийферол (Д3 витамині) бұл витаминдер сары майда, сүтте, теңіз балықтарының бауырында кездеседі. Д витамині жетіспесе адам мешел ауруына ұшырайды. Ересек адамдарда бұл витаминнің жетіспеуі сүйектің жұмсаруына әкеліп соғады. Медицинада остеопароз деп атайды.
Сатып алушы мен Д витаминін 1500 теңгеге бағалаймын. Себебі, ол организмде А витаминінің сіңуін жылдамдатады, қорғасын ауыл металдардың шығуын жылдамдатады, туберкулез таяқшаларын жояды.
Аукционер: Д витамині 1500 теңгеге сатылады.
Келесі сатылатын Е витамині алғашқы бағасы 500 теңге.
Е витамині (токоферол) майда еритін витамин организмдегі май, белок, көмірсу алмасуларына әсер етеді. Организмге өте қажетті гормондардың пайда болуына септігін тигізеді. Бұл витамин сары май, бауырда, жұмыртқада, алма, алмұртта кездеседі.
Аукционер Е витамині 500 теңгеге сатылады.
Сатып алушы: Е витамині организмдегі маңызы зор. Ол эритрациттер қабықшасын бұзатын жүйені қорғайды. Бұл витамин жетіспесе қаңқа бұлшықеттерінің бұзылуына жыныс бездерінің әлсіреуіне соқтырады. Бұл витаминді мың теңгеге сатып аламын.

ІІІ. Тестпен жұмыс.
1. Қан ұюға қатысатын дәрумен:
А) А
Ә) В
Б) С
В) Д
2. Тауық соқырлық ауруы қай дәруменнің жетіспеуінен пайда болады?
А) А
Ә) В
Б) С
В) Д
3. Қай дәрумен жеткіліксіз болғанда сүйектің минералдық құрамы өзгереді:
А) А
Ә) В
Б) С
В) Д

ІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІV. Үйге тапсырма.
16 890
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Витаминдер және олардың маңызы
Витаминдер және олардың маңызы
Витаминдер және олардың маңызы. Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес.
Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі
Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жуманазарова Жания
Тамақ дайындау технологиясы
Тамақ дайындау технологиясы
Технология пәні мұғалімі: Бақыт Матаева
Витаминдер және олардың маңызы
Витаминдер және олардың маңызы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі: Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Бір жасушалы балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, № 28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Нина Сайм
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×