Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Экобілім» сайысы

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Биология
«Экобілім» сайысы
Мақсаты: Тірі ағзалардың бір – бірімен қатынасы, олардың қоршаған ортамен байланысы, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, биологиялық микро және макроэкожүйелерді зерттейтін ғылым экология туралы өткен тарауды қайталау.

Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сайысқа дайындық тренингі
3. Ол кім, бұл не?
4. Адасқан әріптер
5. Логикалық ойлар
6. Ой толғаныс
7. Бейнет түбі – зейнет
8. Қорытынды.

1. Ұйымдастыру
Мұғалім: Қош келдіңіздер құрметті оқушылар, сайысқа қатысушылар және әділ – қазы мүшелері. Айналамыздағы болып жатқан жағдайлардан үнемі хабардар болып, тіршілікте болып жатқан кереметтерге кейде таң қалуға болады. Еліміздегі экологиялық проблемалар әлі де өз шешімдерін табар емес. Ал біздің бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылар алдағы сындар сұрақтарынан қалай өтер екен? Олардың экология туралы білімдерін қандай дәрежеде екен? Осыны байқау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Экобілім» сайысын бастайық!

2. Сайысқа дайындық тренингі
Сайыскер топтардың дайындықтарын тексеру мақсатында «Геометриялық фигуралар» тренингін өткізіп көрелік.
1. Топ құрамындағы оқушыларға әр түрлі геометриялық фигураларды көрсетіп, қалаған фигураларын таңдап алуға рұқсат ету.

□ - Таңдаған оқушылар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.
▲ - Таңдаған оқушылар бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізетін жандар.
▬ - Таңдаған оқушылар ізденгіш жандар
○ - Таңдаған оқушылар басқаның қуанышын бөлуге даяр жандар.
- Таңдаған оқушылар шығармашылық қабілеті басым жандар.

2. Сіздердің есте сақтау қабілеттеріңізді байқау мақсатында «Суретті тренинг» өткізіп көрелік. Алдарыңызға әртүрлі 15 сурет көрсетіледі. 3 минут бойына қарап алған суреттеріңізді 2 минутта қағазға жазып шығу керек.

3. Ол кім, бұл не?
1. Экология терминін ең алғаш ғылымға енгізген ғалым? (Э. Геккель)
2. Жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторларының әсерін зерттейтін экология бөлімі? (аутаэкология)
3. Экология ғылымын пән ретінде қалыптаса бастауын ең алғаш кімнің еңбектерінен байқаған. (К. Линней)
4. Сулы ортаны мекендейтін сан алуан ағзаларды біріктіретін биологиялық топ?
(гидробионттар)
5. Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясының ең маңызды себептерінің бірі сыртқы
факторлардың рөлін бөліп көрсеткен ғалым? (Ж. М. Ламарк)
6. Жарық, температура, ылғалдылық топырақтың ахуалы сулы ортасының қасиеттері мен құрамы және өлі табиғат факторларының жиынтығын зерттейді? (абиоздық фактор)
7. Ағзалардың таралу аймағын зерттейтін жаңа ғылым – биогеографияны жасаушы ғалым? (А. Гумбольдт)
8. Өсу және даму үрдістерінен көрінетін ағза жауабы қалай аталады? (жарық кезеңдік)
9. 19 ғасырдың ортасында қоршаған ортамен жануарлардың өзара арақатынасына арналған зоологияға бағыт беруді дәлелдеген орыс биологы? (К. Ф. Рулье)
10. Бір түрге жататын жануарлар тобы қалай аталады? (табын, үйір)
11. Экологиядағы маңызды ұғымдардың бірі – популяция. Популяция терминін ғылымға 1903 жылы енгізген кім? (В. Иогансен)
12. Экологиялық талаптары ұқсас түрлер арасында туындайтын өзара қатынас? (Бәсекелестік)
13. Экожүйе ұғымын ғылымға енгізген кім? (В. Н. Сухачев)
14. Белгілі иесінде өмір сүретін ағзалар? (Эндобионт)
15. Ноосфера терминін енгізген ғалым? (В. И. Вернадский)
16. «Невада - Семей» полигонына арналған қозғалысқа басшылық жасаған кім? (О. Сүлейменов)
17. Биосфера терминін ең алғаш енгізген ғалым? (Э. Зюсс)

4. Адасқан әріпте
Демэкология - Лодемэкогия
Аэробионттар – Бионтаэротар
Эдафобус – Фоэдабус
Биотикалық – кабиотилық
Хронобиология – Хрогиябионоло
Популяция – Цияпопуля
Тұқымтоп – Құмтұтоп

Биоценоз – Бионоцез
Мумуализм – Туамулизм
Түзушілер – Түлершізу
Сукцессия – Цессиясук
Агроценоз – Агронозце
Полигон – Ногилоп
Экожүйе – Жүйекое

5. Логикалық ойлар.
1. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және қоршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын физикалық ерекше бөлімі – экология зерттейді. (Биологиялық)
2. Жер бетінде тіршілік ең алғаш ауалы ортада пайда болды. (Сулы ортада)
3. Арыстан мен қорқау қасқырдың бірге өмір сүруі пәтерлестікке жатады. (серіктестік)
4. Тұтынушылар дегеніміз – автотрофты ағзалар. (гетеротрофты)
5. Қоян көгалда жүрген 3 қоңыздың 1 жеп қояды. Неше қоңыз қалды? (Қоян қоңызбен қоректенбейді)
6. Африкалық түйеқұс аяғындағы 5 саусақпен тышқанды ұстап алды. (Түйеқұс аяғында 2 саусақ)

6. Ой толғаныс
Төменде берілген тақырыптарға өз ойларын ортаға салу, себебін түсіндіру.
1. Аралдың көз жасы
2. Полигон зардабы

7. Бейнет түбі – зейнет.
Бүгінгі сайысқа белсене қатысып, жақсы ұпай жинай білген оқушыларға тиісті бағаларын қою.
6 995
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Айбынды біздің әкелер
Айбынды біздің әкелер
Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез – келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған
Өнерлі өрге жүзер
Өнерлі өрге жүзер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен мектеп - балабақша кешені. Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Сыныбы: 9 ә, б Пәні: биология Пән мұғалімі: Жансүгірова С.М.
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×