Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін
үдерістерімен таныстыру; Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc - жүзінде қолдануға үйрету. Фотосинтез бен тыныс алу туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кеппешөптер, бөлме өсімдіктері,
тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, плакат, қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар.

Сабақтың барысы.
І – Ұйымдастыру
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» сұрақтар.
“Уақытынды тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі” (Ж. Ж. Руссо)
1. Қосарланып ұрықтануды тапқан ғалым. (С. Г. Навашин, 1898ж.)
2. Жемістер мен тұқымдар не арқылы таралады?(Жел, жануар, адам, су, өздігінен.)
3. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?(органикалық және бейорганикалық)
4. Тозаң дәндері. (тозаңдықтар)
5. Тозаңдану дегеніміз не?(Тозаңның аталықтың аузынан аналы аузына келіп түсуі)
6. Көбею мүшелері. (гүл, тұқым, жеміс)
7. Гүлдің негізгі бөліктері.(аталық, аналық)
8. Тамыржеміске қандай өсімдіктер жатады?(қызылша, сәбіз, шалқан)
9. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.(гүлшоғыр)
10. Шие, алхоры, алма ағаштары қалай тозаңданады?(жәндіктер арқылы тозаңданады).

ІІІ – Жаңа тақырып.
400 жыл бұрын Ян Ван Гельмонт - бельгиялық зерттеуші тәжірибе жасады Ыдысқа 80 кг топырақ салып, оған күрең ағашын алдын ала өлшеп алып отырғызды.
5 жыл бойы өсімдікке ешқандай тыңайтқыш қоспай, тек жаңбыр суымен қоректендіріп отырды. 5жылдан кейін өлшеп қараса, күрең ағашының салмағы 65кг артқан екен, ал топырақ 50гр кемігенін байқаған. Өсімдіктің 64кг 950г органикалық заттарды қайдан алғаны
Ван Гельмонтқа құпия болып қалды.

1. Тамырдың тыныс алуын оқулықта сипатталған тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Тамыр атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Жапырақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Жапырақ атмосфералық оттекпен саңылаулар арқылы тыныс алады.
3. Сабақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Сабақ қабығындағы жасушалар арасындағы арнайы саңылаулар (жасымықша) арқылы тыныс алады.
4. Өсімдіктерге тыныс алуына сыртқы орта факторлары әсер етеді. (Температураның әсері, улы заттардың әсері, су әсері, топырақтың құрылымы,
тығыздылығы, тұздылығы, шамадан тыс ылғалдығы)
5. Ауамен қоректену фотосинтез арқылы жүзеге асады. Қоректену – организмнің заттар мен энергия алмасу процесі. Жасыл жапырақтар - ауамен қоректену мүшелері. Оларда лептестік арқылы фотосинтез үшін көмірқышқыл газы түседі. Фотосинтез барысында күн энергиясы химиялық химиялық энергияға түрленеді – органикалық заттар өсімдіктің басқа бөліктеріне барады да, олардың тіршілік әрекеттерінің процестеріне қажет органикалық заттармен қамтамасыз етеді немесе қорға жинайды.

6. Түйін:
- Тамыр оттекпен тыныс алады.
- Жапырақтар лептестік арқылы оттекпен тыныс алады.
- Жасымықша сабақтарды лептестік рөлін атқарады.
- Өсімдіктердің тыныс алуына сыртқы орта факторлар әсер етеді
- Өсімдіктердің қоректенуі ауа арқылы жүзеге асады.
- Жасыл жапырақтар – ауа арқылы қоректенудің негізгі мүшесі.
- Жасыл өсімдіктер күн энергиясын “қор” ретінде жинайды.
- Тыныс алу күндіз де, түнде де, ал фотосинтез тек күндіз жарықта жүзеге асырылады.
- Барлық тірі организмдер атмосфералық оттекпен тыныс алады, ал фотосинтез процесінде фотосинтездің қосымша өнімі ретінде оттек бөледі.

ІV – Бекіту. Оқулықпен жұмыс. Қандай пікір дұрыс?
1. Өсімдік атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Өсімдік көмірқышқыл газымен тыныс алады, нәтижесінде оттек бөлінеді.
3. Өсімдік тыныс алғанда көмірқышқыл газын бөледі.
4. Лептестік өсімдікте қолайлы жағдай болса ашылады, ал қолайсыз жағдай болса жабылады.
5. Фотосинтез процесі үшін оттек керек.
6. Белгілі бір жағдайда өсімдіксіз өмір сүруге болады.

Сұрақтар. Суреттермен жұмыс.
Мына тәжірибе арқылы нені дәлелдеуге болады (сурет көрсетіледі)
Суретте не бейнеленген.

Сәйкестендіру тесті.

V – Қорытындылау. «Білім сатысы»
3 - деңгей.
1. Фотосинтез дегеніміз не?(Күн сәулесі қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың түзілу процесі.)
2. Лептестік тің өсімдік тіршілігіндегі рөлі қандай?(Лептестік саңылаулары арқылы газ алмасу және жапырақтың буландыруы – транспирация жүзеге асады.)
2 - деңгей.
1. Қандай жағдайда тамырдың тыныс алуы бұзылады?(топырақта ауа аз болса)
2. Өсімдіктердің тыныс алуына орта факторлар әсер ете ме?(жылу, су, топырақтың құрылымы)
3 - деңгей
1. Егінің иесі үй қояндарына қырыққабаттың жасыл жапырақтарын жұлып береді.
Ол дұрыс жасады ма?(Себебі жасыл жапырақта түзілген органикалық заттар, фотосинтездің нәтижесінде ортаңғы бөлігі қауданға «қор» зат болып жиналады.)
2. Қандай байланыс бар: көкөністік жапырақтарды жинау мен тәулік мезгілінде? Қандай уақытта аскөк, укроп, шпинат, салат және т. б. жинауға болады? (Кешке, себебі органикалық заттар күндіз фотосинтез нәтижесінде түзіледі, түнде басқа мүшелерге тарайды.)
«Кім жылдам?»
1. Жасушаның қай органоидінде фотосинтез үрдісі жүреді? а) цитоплазмада; ә) ядрода; б) хлоропласта; в) вакуольде
2. Күн сәулесі керек а) тыныс алу; ә) фотосинтезге; б) су мен қоректенуге; в) минералдар мен қоректенуге;
3. Адамдар немен тыныс алады? а) өкпемен; ә) желбезекпен; б) терімен;
4. Тыныс алу – ол: а) оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығару; ә) көмірқышқыл газы мен суды ыдырату; б) органикалық заттардың түзілуі;
5. Тыныс алу жүреді: а) қараңғыда; ә) жарықта; б) қыста, жазда в) үнемі

«Ойлан, тап»
Ер елдің көркі, Орман – тоғай жердің көркі.
Дана көптен шығады, Дәрі шөптен шығады.
Білімі жоқ ұл - Жапырағы жоқ гүл.
Бағым өссін десең бақ өсір, Бағың өссе тағы өсір

Тау - тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)
Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

«Ой, толғаныс» 5 - мин. Эссе жазу. «Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?»
Әй, табиғат! Шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетесің, берерсің
Ұлан - ғайыр байлығыңды місе етпей
Ашкөзденген адамдарға не дерсің!
Айың анау, Күнің анау, Жер мынау
Ау, Адамдар жетпей жатыр енді не!
Табиғатқа таласпаңдар ағайын
Асырайды ол сені, мені, елді де.
М. Мақатаев
VІ – Үйге тапсырма. §26. оқып білу. Сұрақтарға жауап беру.
VІІ – Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
57 540
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы. Өсімдіктердің тыныс алуының түрлері мен құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Өсімдіктердің тыныс алуы
Өсімдіктердің тыныс алуы
Өсімдік мүшелерінде жиналған заттардың біраз бөлігі – жасушаларды, мүшелерді құруға, тыныс алуға жұмсалады, тыныс алуда негізгі рөлді органикалық заттар атқарады. Жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдыратып, тотықтырады.
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы
Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оңайәлиева Айша Избасарқызы
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Өсімдіктер тіршілігі
Өсімдіктер тіршілігі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп - бақшасы Бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×