Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы

05 қыркүйек 2012, Сәрсенбі
Сабақ тақырыбы: Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: асықтар, ақсүйектер, кубик, кеспе әріптер, теңге, орамал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, экология, логика

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Мақсат қою:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.
1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2 Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)

3.Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)

2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.

3-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.

4-тапсырма: «Орамал тастамақ» ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал тастайды.
5-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
6-тапсырма: «Неше аяқ» ойыны.
Шарты: Мараттың үйінде әкесі, шешесі, бір інісі, апасы бар. Мараттың тұрғындарының аяқтарының саны нешеу?

7-тапсырма: «Кубизм» әдісін қолдана отырып, ой қозғау стратегиясын қолданамын. Кубикті лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру. 12345 сандарды ашу “БІЛІМ” деген сөз шығады.
Сұрақтар:
Қол не үшін керек?
Қазақтың тұңғыш президенті кім?
Кітап не үшін керек?
“Қызыл кітапқа” не жазылады?
Тірі табиғатты ата?

Қорытынды.
Балаларды мадақтап, кеспе әріптер арқылы «Жарайсыңдар» сөзін құрастырып, сабақты қорыту.
11 150
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
34*2 және 68:2
34*2 және 68:2
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілеті, зейінің, ойлау қаблетін дамыту. Оқушыларға ұлттық ойындарды, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, тез ойлануға, шапшаң есептеуге үйрету,
Кел, ойнайық!
Кел, ойнайық!
Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Зат есімнің тәуелденуі
Зат есімнің тәуелденуі
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×