Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар туралы жалпы ұғым

31 қаңтар 2015, Сенбі
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал – мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру; мекені, қоректенуі туралы түсінік беру, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге үйрету.
Әдіс тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ – жауап, сахналау.
Көрнекілік: Үй және жабайы жануарлардың суреті, үйдің макеті, жануарлар киімі.

Сабақтың барысы:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай болады? Ай аттарын атайықшы? Қыста не жауады? Қардан не жасап ойнаймыз?
Жарайсыңдар балалар, біздің бүгінгі танысатын жаңа тақырыбымыздың аты «Жануарлар туралы жалпы ұғым» деген. Балалар, жануарларды білесіңдер ма? Олардың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалардың жауаптары.
Балалар жануарлар екіге бөлінеді; үй жануарлары және жабайы жануарлар болып. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі, т. б.
Дұрыс айтасыңдар, енді мына тақтадағы суретке қараймыз. Мынау ненің суреті? Сиырдың.
- Дұрыс айтасыңдар, сиырдың адамдарға пайдасы бар ма?
- Бар.
- Қандай пайдасы бар?
- Сүтін ішеміз, етін жейміз.
- Сүтінен не жасалады?
- Айран, құрт, ірімшік жасалады
- Дұрыс айтасыңдар, сиыр қандай дыбыс шығарады?
- Мө, мө, мө деп мөңірейді.
- Сиырдың баласы қалай аталады?
- Бұзау
- Бұзау туралы кім тақпақ айтады?
- Әукім, әукім, әукешім
Қасиыншы әукесін
Енең әне келеді
Ақ мамасын береді
Жарайсыңдар, ал мынау ненің суреті?
- Қойдың.
- Қойдың адамға пайдасы бар ма?
- Етін жеп, сүтін ішеміз, жүнінен неше түрлі киімдер тоқуға болады. Мысалы; шұлық, қолғап, шарф, жемпір т. б.
- Қой қандай дыбыс шығарады?
- Мә, мә, мә
- Қойдың баласы қалай аталады?
- Қозы деп аталады.
- Қозы туралы кім тақпақ айтады?
- Өзгеше өңде, тау қырат
Сылқ – сылқ күлген бал – бұлақ
Жаңа туған ақ қозым
Көзін ашты маужырап
Ал мынау ненің суреті?
- Түйенің
- Түйені көргендерің бар ма? Кімнің үйінде түйе бар?
Балалардың жауаптары.
Түйенің қандай пайдасы бар? Білесіңдер ма?
Етін жеп, сүтін ішеміз. Ал жүнінен көрпе жасалады. Түйенің жүнінен жасалған көрпе өте жеңіл әрі жеңіл болады.
- Түйенің сүті қалай аталады?
- Шұбат
- Балалар, шұбат адам денсаулығына өте пайдалы.
- Түйе қандай дыбыс шығарады?
- Бәә, бәә, бәә.
- Түйенің баласы қалай аталады?
- Бота
- Бота туралы кім тақпақ айтады?
Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам көз тоймайды

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 428
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйікті жануарларым
Сүйікті жануарларым
Балаларға үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын түсіндіру.
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×