Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтар еліне саяхат

07 сәуір 2015, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар еліне саяхат
Мақсаты:
- Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
- Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
- Үлкендерді еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Бір - екі - үш...
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Жақсы. Жарайсыңдар балалар!
ІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударайықшы! Тақтада нені көріп тұрмыз? Жақсы. Тақтада суреттер жасырылып тұр екен. Ендеше жасырылған суреттерді табайық.
Жасырылған суреттерді табу.
Жақсы балалар, қандай суреттер жасырылған екен?
- Дұрыс айтасыңдар, дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз және тігінші.
- Балалар, дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шаштараз және тігінші бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
(мамандық иелері)
- Жарайсыңдар. Ендеше, Мамандықтар еліне саяхатқа шығайық. Ол үшін көлік түрін таңдап алайық. Қандай көлік түрін таңдаймыз? Автобус.
Ендеше, кеттік. Балалар, біз қандай мамандық иесіне келдік?
- Мұғалім мамандығы.
Иә, балалар, мұғалім мамандығына бізге қандай тапсырма дайындады екен?

1 – тапсырмасы:
- Өте жақсы. Балалар, біз мұғалім мамандығының тапсырмаларын орындадық. Ендеше, жолға шығайық. Ал, балалар біз қандай мамандыққа келдік?

- Дұрыс айтасыңдар дәрігер! Ал, балалар, дәрігер болу үшін қандай құрал - жабдықтар керек. (укол, дәрі, дәрумендер, жүрек қағысын тексеретін, қызуды тексеретін, т. б.) - Ал, қанекей балалар, дәрігер біздің жылдамдығымызды сынамақшы. Ендеше, жылдам әрі шапшаңдығымызды көрсетейік. Әр мамандық иелеріне тиесілі заттарды апаруға көмектес дейді.

2 – тапсырма:
Біз дәрігердің тапсырмаларын орындадық. Ендеше, жолға шығайық.
Құрылысшы мамандығына қандай құралдар керек? (кірпіш, құм, су, сылағыш, т. б.) Дұрыс айтасыңдар!
Құрылысшы мамандығы бізге тапсырмасын хат арқылы дайындапты.
Ендеше, буын ұйқас, яғни буындардан сөйлемдер құрап жалғастыру.

1. - ға, - ға, - ға,
Сайман түрі балға.
2. - пақ,- пақ,- пақ,
Қыста дала аппақ.
3. Са - са - са
Ызыңдайды маса.
4. - ла, - ла, - ла,
Аға ағашты арала.
5. Ян -, - ян, - ян
Ұзын құлақ сұр қоян.
6. Ой - ой - ой
Қорада тұр қой.

Балалар, енді құрылысшыға үйді қалауға көмектесейік. Ол үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек. Кірпіштерді сандар бойынша тиісті орнына қоюымыз керек.

Сергіту сәті:
Ал, ендеше сергіп алсақ жолға шығайық. Қандай мамандық иесі?
Дұрыс, тігінші. – Балалар, тігінші болу үшін қандай құралдар керек?
(қайшы, жіп, ине, мата, т. б.)
Енді, тігіншінің тапсырмасын орындайық.
- Балалар, бүгін сендер мамандық иелерінің тапсырмасын жылдам, қатесіз орындадыңдар. Сендердің сабаққа жақсы қатысқандарың үшін тәттілер беремін. Жарайсыңдар!!!! Көңілді күндерде кездескенше!!!
7 536
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру; Барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету;
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Мамандығым-мақтанышым
Мамандығым-мақтанышым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе қаласы, №53 ОМ МАДТ тәрбиешісі Қабдолова Г. Б.
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×