Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)

24 қазан 2016, Дүйсенбі
Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс - әрекеті. Тіл дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)

Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Балаларға мамандықтың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғаммен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау, және мақтаныш ете білуге сезіміне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: әртүрлі мамандықтармен таныстыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көргізбелігі: түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, интерактивті тақта, тіл дамыту дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар!
- Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті амандасып алайық.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Шаттық шеңберін құру.
Балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:
- Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып - білеміз.
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз»Мамандықтың бәрі жақсы»деп аталады.
Өмір таны, өнер қу,
Өнер табу - ол да оқу.
Талаптансаң тартын ба,
Өз күшіңде жол табу.
Балалар сендер балабақшада күн де қандай мамандық иелерімен кездесесіңдер?( тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, бізге күнде дәмді тағам дайындап беретін аспазшы, сонымен қатар дене қызуымызды өлшейтін, дәрі беретін дәрігер апайымыз бар екен.
- Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.

Кіріспе бөлім.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер қандай мамандық иесі екенін айтасыңдар?
Қолында қайшы тарағы,
Тәртіпке шашты салады
(шаштараз)
Қалпағына қарасаң,
Дәрігер емес бірақ ол
Ас мәзірін қаласа
Алға ұсынып тұрады ол
(Аспазшы)
Білім дәнін тереді,
Балаға тәлім береді
(Ұстаз)
Осы жерде ұстаз, құрылысшы, аспазшы, мамандық иесі екені айтылып, мамандықтар туралы тақпақтар айтылады.
Зухра ( ҰСТАЗ)
Оқу – білім ордасы.
Ұстаз оның арнасы.
Ұстаздық деген ұлы іс,
Адамдықтың айнасы.
Алмат(Құрлысшы)

Қолда темір қалпағым,
Саздан сарай қалады.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.

Арайлым ( аспазшы)
Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана.
Мен сондай аспазшы
Боламын бақшада.

Мұғалім Қуанышкерей
Мұғалім, аспазшы.
Жақсы оқып сабақты.
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар,
Мен Мен мұғалім боламын.
(Слайдтан түрлі мамандық иесін көрсету)

Тәрбиеші балаларға М. Хакімжанованың «Кім немен ойнайды!» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
Теңізші болатын бала
Бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала
Сынаппен ойнайды.
Батыр болатынын бала
Қынаппен ойнайды.
Жарықты жағатын бала.
Шырақпен ойнайды.
Шопан болатын бала
Қозы лақпен ойнайды
Диқан болатын бала
Топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала
Кітаппен ойнайды.
Балаларға өлеңді екінші оқығанда өлең жолдарында кездесетін мамандықтарды саусақтарыңды бүгу санап отыруды тапсырамын.

Сөздік жұмыс:
Қынап - қылыш салатын қорап.
Жарықты жағатын бала - электрик.
Балалармен өлең жолдарын талқылаймын.

Сергіту сәтін жасаймыз.
Менің мамам - дәрігер.
Тіс ауырса
Іш ауырса.
Мамам дәрі береді.
Барлық ана,
Барлық бала,
Оны жақсы көреді
(Ә. МҰСАХАНОВ)
2. Негізгі бөлім.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі №16 тапсырма орындалады.
Дидактикалық ойын « Кім жылдам?»
Үстел үстіне түрлі мамандық мамандық иелерін қажет құралдарын қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды(шаштараз, аспаз, құрылысшы, дәрігер)
Тәрбиеші: адам баласы белгілі бір іске қабілетті, дарынды болады.
Өздеріңнің сүйікті істерің бар ма?
«Менің сүйікті ісім» балалар жауаптары тыңдалады.
Анита: Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!

Али: Адамдық – борыш ың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
«Мазмұнды кейіпкерлі ойын»: «Дәрігер»

Дәрігер ақ қалатты абзал жандар. Дәрігер өзінің жылы сөзімен науқасты емдейді
(Ортаға науқас пен дәрігер шығады).
Дәрігер: Сәлеметсіз бе! сізді қай жеріңіз мазалап дәрігерге көмекке келдіңіз, себебін айтыңыз.
Науқас: Саламатсыз ба! Мені мазалап тұрған жерім ішім ауырып, сізге қаралуға келдім, қандай кеңес бере аласыз?
Дәрігер: сараптама қорытындысы керек. Мазалаған жеріңізге көп уақыт болды ма?
Сараптама қорытындысы, соңынан сізге ем беріледі?
Науқас: рахмет, дәрігер міндетті түрде келемін. Сау болыңыз.
Дәрігер кеңес беру: балалар ата - ананың рұқсатынсыз, үйдегі дәрі - дәрмектерді алуға болмайды.
Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жол – ізде.
Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі сабақ та көптеген мамандық иесімен таныстық. Кәне, есімізге түсірейікші!
- Құрылысшы, дәрігер, аспазшы, диқаншы, шаштараз, батыр, ғалым, теңізші, шопан,

Балалар мен мақал айтамын, сен жалғастырыңдар.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың ****** тәтті
Еріншектің *******бітпес.
Еңбек етсең******
Абай атамыздың қанатты сөзі «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Біздің таңдауымыз әртүрлі, Біреуің ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Тәрбиеші: - Балалар келген қонақтармен қоштасайық!

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Ортаңғы топ тәрбиешісі
Кабдуахитова Сағия Тілеккабыловна
Мамандықтың бәрі жақсы. жүктеу
11 672
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе қаласы, №53 ОМ МАДТ тәрбиешісі Қабдолова Г. Б.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскері Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталық тобының тәрбиешісі Айекешова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×