Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер

31 мам 2017, Сәрсенбі
Тақырыбы: “Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер”
Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Әр адамның қалыптасуына тәрбиеші ерекше орын алады. Балғындар үшін тәрбиешілердің орны тіптен де бөлек. Міне, осы тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған “Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер” атты тәрбиешілер сайысына қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші:
Жүріңіздер тамашаға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен - саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

2 - жүргізуші:
- Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, тәрбиеші қымбатты,- дей отырып ортаға бүгінгі сайысымыздың қатысушыларын шақырайық:
1. “Қыран” ересек топ тәрбиешісі Ташпулатова З. Ф.
2. “Тұлпар” ортаңғы топ тәрбиешісі Шерметова С. И.
3. “Гүлдер” ІІ кіші топ тәрбиешісі Каримова К. К
4. “Балақан” І кіші топ тәрбиешісі Маккамбаева Д. Н.
1 - жүргізуші:
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Тәрбиеші бізге білім беріп өсірген
Қатемізді - әрқашанда кешірген
«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылдығып өсірген.
Анамдайсыз, менің асыл тәрбиешім,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың, деп ұстаздарға арналған керемет өлең шумақтары сіздерге арналады құрметті әріптестер.
Ажырамай бақшамен берелі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз, дей отырып, осы мереке қарсаңында Манкент ауылында “Шөжек” бөбекжайы” жеке мекемесінің ұйымдастыруымен “Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер” атты тақырыпта тәрбиешілер сайысының ашылу құрметінің алғы сөзін мекеме меңгерушісі Татишбаева Жазира Журсінбекқызына береміз.
Толық нұсқасын жүктеу
2 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылы МКҚК "Балбөбек" балабақшасының әдіскері Сиражева Светлана Халеновна
Қыз өссе - елдің көркі
Қыз өссе - елдің көркі
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Бастауыш мектеппен қоштасу ертеңгілігі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×