Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отыз ойын №1 Абдрахман Асылбек

12 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Балаларға арналған ойын түрлері

Отыз ойын.
Өзеннен өту
Өздері таңдаған алаңқайда немесе залда балалар ек топқа бөлінеді де, орталарынан ара қашықтығы бір метрдей екі сызық сызады. Оны өзен деп белгілейді. Содан соң екі жақтағы балалар кезек - кезегімен бір - бірден өзеннен секіріп өте бастайды. Секіріп өткен бала сол келесі жақта, секіре алмаған бала өз орнында қалады. Балалар түгел секіріп біткенде, қай жақтың баласы көп болса, сол топ жеңіске жеткен болып есептеледі.
Ойын балалардың дене қимылын жетілдіре түсуге бағытталған.

Ордан қарғу
Өздері таңдаған алаңқайда немесе залда балалар екі топқа бөлінеді де, орталарынан ара қашықтығы жарты метрдей екі сызық сызылады. Оның ор деп белгілейді. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де, ордың екі жағына бес - алты қадамдай жерде қарама - қарсы орналасады. Ойын басталуға белгі берген кезде екі жақтан кезек - кезегімен бір баладан шығып, көзі таңулы күйде орға қарай жайлап жүре бастайды. Оған өз тобының балалары көмектесіп тұрады:
Әлі, ерте, жылжи түс, жақындап қалдың, енді қарғы! – деп, демеулік көрсетеді. Сызыққа тимей, ордан аман өткен балаға бір ұпай жазылады. Қай топ көп ұпай жинаса, жеңіске жетеді.
Ойын балалардың сезімталдығын, сақтығын жетілдіре түсуге бағытталған.

Мақал айтыс
Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бірінші топтың бір баласы бір мақалдың жарымын айтады. Мысалы:
«Атаға қарап ұл өсер...
Оның екінші жарымын келесі топтың бір баласы жалғастырады. Дұрыс тапса:
Анаға қарап қыз өсер»,
Бес ұпай жазылады. Дұрыс таба алмаса, үш ұпай жоғалтады. Келесі мақалды екінші топтың баласы бастайды. Ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын балалардың сезімталдығы мен тапқырлығын арттырып, ой - өрісін кеңейте түсуге бағытталған.

Жұмбақ жарыс
Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бірінші топтық бір баласы бір жұмбақ айтады.
Мысалы:
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар?
Ол не?
Жұмбақты келесі топтың бір баласы шешуі тиіс. «Фортепиано», - деп, дұрыс тапса, оған бес ұпай жазылады. Шеше алмаса, үш ұпай жоғалтады. Жұмбақты енді келесі топтың баласы айтады. Ойын осылайша кезегімен жалғаса береді. Ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын балалардың ой - өрісін кеңейтіп, тапқырлығын арттыруға бағытталған.

Жер, Су, Ауа, От
Балалар ашық алаңда не залда дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығып, қолындағы допты балалардың кез келгеніне лақтырып жібереді де: жер су, от, ауа деген төрт сөздің біреуін айтады. Егер бастаушы жер десе, допты қағып алған бала бір үй жануарын немесе аңды атауы керек. Мысалы, ит, тауық, қозы, арыстан... Ал, су деген сөз айтылса, балықтың түрлері, ауа десе, құстың түрлері айтылып, доп ойын бастаушыға қайтарылып отырады. Ал, от сөзі айтылған кезде балалардың бәрі қолдарын бұлғап, өз орындарында айнала бірнеше дүркін тез - тез секірулері керек.
Жайбасар, сасқалақ, жаңылысқан бала ойыннан шығып қала береді.
Ойын балалардың тапқырлығы мен шапшаңдығын арттыруға бағытталған.

Сызғыш қайда?
Балалар екі топқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бірінің артынан бірі бір бағытқа қарап тұрады. Сол кезде артқы топтың балалары жерге бес - алты қол орамалын жайын, біреуінің астына шағын да жұқа сызғыш жасырады. Әрине, оны алдыңғы топтың балалары көрмеулері керек. Өйткені, сызғыштың қай орамалдың астында жатқанын сол топтың ортаға шыққан баласы табуы тиіс. Сызғышты дәп тапса, ойынды енді сол топ бастайды. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын балалардың тапқырлығы мен сезімталдығын арттыруға бағытталған.

Қасқыр мен қоян
Балалар қол ұстасып, дөңгеленіп тұрады да, бір баланы қасқыр, екінші баланы қоян деп белгілейді. Қоян қоршауға кіреді де, қасқыр сыртта қалады. Шеңбердегі балалар қоянды қасқырдан қорғап, өлең айтып жүреді:
Қоян, қоян, қорықпа,
Қасқыр қатер болып па?
Сені жауға бермейміз,
Әсем әнмен тербейміз.
Қасқыр болса шеңберді шыр айналып, ішке кіруге тырысады:

Қақпа, қақпа ашылшы,
Қорқынышты қашыршы.
Ішке еркін кірейін,
Қоян жайын білейін.
Бірақ, оған тимеймін,
Қатар жүріп билейін...
Сөйтіп жүріп, ашылған қақпа болып қол көтерген екі баланың ортасынан ішке кіріп кетеді де, қоянды қуа жөнеледі. Қасқыр қоянды ұстап алса, ойын тоқталып, қайта басталады. Егер қоянды ұстай алмаса, қоян қақпа арқылы сыртқа шығып, құтылып кетеді де, қасқыр қоршауда қалып қояды. Ол жазасы ретінде сол жерде ән салып немесе билеп береді.

Абдрахман Асылбектің "Балғын балалық" кітабынан алынды.

Отыз ойын №2
Отыз ойын №3
Отыз ойын №4
Отыз ойын №5
5 284
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық ойындар жинағы
Дидактикалық ойындар жинағы
Дидактикалық ойындар жинағы «Әуе таяқ» Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта 5 - тен 10 – ға дейін ойыншы. Болады. Екі топқа екі таяқша (жұмсақ) беріледі, жерге түзу сызық сызылады. Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып, екінші
Отыз ойын №5 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №5 Абдрахман Асылбек
Топтаса тұрған ойынға қатысушылардың ішінен екі бала екі - үш қадам алға шығады да, бір - біріне қарама - қарсы қолдарынан ұстасып, жоғары көтеріп қақпа жасайды.
Отыз ойын №4 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №4 Абдрахман Асылбек
Ашық алаңқайда ұзындығы жиырма-отыз метрдей сызық сызылады да, оның екі басында екі топ ойынға қатысушылар тұрады. Алдымен бір жағында топтан бір ойыншы шығады де, допты аяғымен домалата сызық бойымен жүгіреді.
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Оң қолының бес саусағын бір жерге түйістіресің де, сол қолыңмен оны бүркемелеп, саусақтарыңның басын ғана көрсетіп, қапсыра ұстайсың да, досыңа: Ортан қолымды тапшы, - дейсің.
Отыз ойын №2 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №2 Абдрахман Асылбек
Абдрахман Асылбектің "Балғын балалық" кітабынан алынған ойын түрлері.
Балабақша бүлдіршіндеріне арналған қимылды ойындар
Балабақша бүлдіршіндеріне арналған қимылды ойындар
Қалпақ және кішкене таяқша Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады. Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×