Білімділер поралы

Қимыл-қозғалыс ойындары

Қимыл - қозғалыс ойындары
Ұлттық қимыл - қозғалыс ойындары
Су ішінде ойналатын ойындар
Аз қимылдайтын ойындар мен көңілді жарыстар
Үзіліс кезінде орындалатын қимыл - қозғалыстар
Жазғы демалыс лагерінде ұйымдастырылатын ойындар

Кіріспе
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағының мазмұны негізінен қозғалмалы ойындардан тұрады. Қозғалмалы ойындарды өткізу күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, олардың өту барысын мынадай үш кезеңге бөлуге болады:
1) ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы,
2) ойынның басталуы мен ойналу барысы,
3) ойынның аяқталуы.

1. Ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы.
Қандай да болмасын дене тәрбиесі сабағын өткізу үшін сабақтың мақсатына қарай оның жоспары жасалып, ойындар іріктеліп алынады. Бұл іріктеліп алынған ойындардың қандайы болмасын балаларды сабаққа ынталандыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Ойынды өткізу алдында оған керекті жабдықтардың бар - жоғын, жеткіліктігін, сабақ өткізілетін орынның дайындығын білу керек.
2. Ойынның басталуы мен ойналу барысы.
Ойынды қалай өткізу жолын таңдайды. Ойынды бастау алдында уақытты көп кетірмес үшін оның ойналу тәртібін яғни ережесін ауызша баяндаудан гөрі балаларды дереу ойынды бастар қалыпқа тұрғызып, өзі көрсетіп, ойнатқаны тиімді. Сонда ол балаларға
ұғынықты болып, ойнаған кезде ойын ережесі бұзылмайды. Жалпы, ойынның ойналу барысы оқшылардың дайындығына, ынта - жігеріне байланысты.
3. Ойынның аяқталуы. Ойын сабақтың негізгі бөлімінен кейін өткені оқушылардың шаршау - шаршамауына байланысты қайталанады. Сабақта бірнеше ойын ойналатын болғандықтан, бір ойынды ең көп дегенде 2 - 3 рет қайталаған жөн. Әр ойын ойналып, оның қорытындысы шығарылып болғаннан кейін ғана келесі ойынды ойнау басталады.
Мысал ретінде «Бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру» дейтін тақырыпты
4 - сыныпқа қалай өткізу қажеттігін қарастырайық. Ол үшін сабақ жоспарын жасағанда ең әуелі жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп, жүйелеп алып, сабақтың мақсатына қарай міндетті түрде дайындық жаттығулары орындалады.
Сабақтың мақсаты бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру болғандықтан, 10 - 12м жерге дейін бір орында тұрып бір аяқпен секіру, екі оқушы екі жағынан ұстап тұрған жіптің үстінен секіру т. б. даярлық жаттығулары өткізілген соң, тікелей сабақтың мақсатын орындау жұмыстары басталады.

Ұлттық қимыл - қозғалыс ойындары

Қимыл - қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Және спорт құрал - жабдықтарын көп қажет етпейді.
Төменде әрқандай ұлтардың қимыл - қозғалыс ойындарының үлгілері берілді.

«ӨЗ ОРЫНЫҢДЫ ТАП»
(Италиян халқының ойыны)
Ең алдымен санамақ арқылы ойын жүргізуші сайлап алынады. Ол шеңбер жасап тұрған ойыншылардың сыртында қолына орамал ұстап тұрады.
Ойын ойын жүргізушінің шеңберді айнала жүруінен бастайды. Ол жүгіріп келе жатып орамалды бір ойыншының иығына іле кетеді. Иығына орамал ілінген ойыншы орамалды ала салып, ойын жүргізушіге қарама - қарсы бағытта шеңберді айнала жүгіреді. Осы кезде шеңберде тұрған ойыншылар оның босаған орнына жылжып тұра қояды. Ал қарама - қарсы жүгіріп келе жатқан екі ойыншының қайысы әлгі жабылып қалған орынды дәл тауып тұра қойса, сол жеңіске жетеді.
Ойынды әрі қарай ұмтылған бала жалғастырады.

«ҚАРШЫҒА МЕН ҮЙРЕКТЕР»
(Саха халқының ойыны)
Алдымен санамақ арқылы қаршыға сайлап алынады. Қалған ойыншылар үйректер болып есептеліп, олар арақашықтығы 10 - 15 м болатын екі шеңбердің (көлдің) бірінің ортасында жүзіп жүреді.
Ойнауға белгі берілген кезде үйректер екінші көлге ұшып барып қонулары керек. Сол кезде оларды қаршыға бір - бірлеп қуып ұстауға тиіс. Ұсталған үйректер ойыннан шығып, ұсталмаған ойыншылар арасынан жаңа қаршыға сайланып, ойын әрі қарай жалғаса береді.

«КӨТЕРІП КЕТ»
(Қазақ халқының ойыны)
Ойыншылар екі - екіден арқаларын бір - біріне тақап жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1, 2, 3, ауылым менің жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін - бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы жеңген болып есетеледі.

«БОТАҚАН»
(Қазақ халқының ойыны)
Ойыншылар өз орталарынан атан түйе мен мыстан кемпір сайлап алады. Қалғандары, яғни ботақандар атан түйенің артынан бір - бірінің белінен ұстап тізіліп тұрады. Мыстан кемпір «ұшқыш сыпыртқысымен» атан түйенің алдына «ұшып келіп»: «Керуен, қайдан келе жатырсың, қайдакетіп барасың?» деп, артындағы ботақандарының біреуін беріп кетуін сұрайды. Бірақ оған атан түйе келіспейді. Сонда мыстан кемпір жүгіріп жүріп керуеннің соңындағы ботақанды күшпен тартып алуға әрекеттенеді. Ал атан түйе мыстан кемпірді ең соңғы ботақанға жібермеуге тырысады. Ботақанды ұстап алса, мыстан кемпір оны үйіне апарып қойып келіп, енді келесі соңғы ботақанды ұстап алуға әрекет етеді. Осылай 2 - 3 - рет қайталанған соң, атан түйе мен мыстан кемпір басқадан сайланып, ойын әрі қарай жалғастырылады.

«ҚАРАҚҰС ПЕН БАЛАПАНДАР»
(Орыс халқының ойыны)
Ойыншылар арасынан қарақұс және тауық сайлап алынады. Қалғандары балапандар болып есептеледі. Ойын алаңының бір шетінен қарақұстың ұясы сызылады.
Мұғалім «Қарақұс!» деп дауыстап белгі берісімен қарақұс тауықтың артында бір - бірінің белінен ұстап тізіліп тұрған балапандардың ең соңғысын ұстап алуға ұмтылады. Ал тауық екі қанатын (екі қолын) екі жаққа соза балапандарын қорғаштайды. Балапандар да қарақұсқа алдырмауға тырысады. Олар тек тізбекті бұзбауға тиіс.
Ұсталған балапандарды қарақұс ұясына алып кетеді. Екі – үш балапан ұсталған соң ойын жүргізушілер қайта сайланып, ойын қайта басталады.
Бір тауықта 6 - 8 балапан болуға тиіс.

«АЛТЫН ДӘН»
(Беларус халқының ойыны)
Ойыншылар екі - екіден қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізуші Бір жұпқа келіп, «Қайырлы күн!» - дейді. «Алтын дән», - деп жауап береді ойыншылар. «Оның бағасы қанша?»- дейді ойын жүргізуші. Ойыншылар «Тау - тау» қар мен көлдің суы» деген бетке екеуі қарама - қарсы бағыт ұстап шеңберді айнала жүгіреді. Ойын бастаушы сол босаған орында тұрып қалады. Бірінші болып қайтып оралған ойыншы ойын бастаушымен жұп құрып, екіншісі ойынды әрі қарай жалғастырады.

Жеңіл атлетикаға арналған ойындар

«ҚУҒЫНШЫДАН ҚҰТҚАР»
(Жүгіруге арналған ойын)
Арнаулы сызғышпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен санамақ арқылы сайланған ойын жүргізушісі: «Мен қуғыншымын!» - деп, қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.

Құрастырған: Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 3п ҚМБ тобының студенті Ж. Е. Турегалиева

Рецензент: Б. Қ. Набидоллин− Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дене тәрбиесі және спорт пәндерінің оқытушысы.

Қимыл-қозғалыс ойындары. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 14
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 14
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика