Қазақстанның
білім беру порталы.

Санжар Асфендияров

19 мам 2011, Бейсенбі
Категориясы: Ғалымдар

Санжар Асфендияров (1889-1938 жж.)

Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы.

Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери-теңіз министрлігінің стипендиясына оқиды. Бұл оған онан әрі қарай әскери қызметтің ауыртпалығын басынан кешуіне міндеттеді. әуелі ол Термезде болды, онан кейін майданға Түркістан полкінің әскери дәрігері ретінде қызмет етті. Лодзья түбінде ол герман тұтқынына түсті, 1916 жылдың басында тұтқынға түскен әскери азаматтарды алмастырудың нәтижесінде Швеция арқылы оралды, Ақпан революциясынан кейін Асфендиярұлы Термездегі және Бұхарадағы Кеңестердің жұмысына қатысады. Ташкент облыстық, ал онан кейін жұмысшылар мен жауынгерлердің округтік Кеңесіне сайланады. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттары алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан.

1919 жылы Асфендияров – денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады.

 

Асфендияровтың қызметі әрқашанда қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті  мәселесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РСФСР Кеңхалкомы ұлттық мәселе жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Тәжірибелі аграршы ретінде оны БОАК-тің жер бөлінісі жөніндегі Айрықша комиссиясының құрамына қосады.

 

1922 ж. Кеңестердің Бүкілресейлік Х сьезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешім қолдады. 1923 жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы – РКП (б) Орта-азиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі.

Мәскеуде жұмыс жасаған мерзімде Асфендиярұлының талантының жаңа қыры ашылды – оның тарих саласындағы белсенді ғылыми-іздемпаздық қызметі ғалымның келешектегі шығармашылығын айқындап берді. Мәскеуде болған алғашқы күндердің өзінде-ақ КСРО ОАК жанындағы Шығыстану институтымен қызмет жасады, МГУ-да сабақ береді. Бұл жылдарда Санжар шетел Шығысының өкілдерімен жиі кездеседі. Оның ғылыми еңбек сіңіргенінің айғағы 1927 жылы Шығыстану институтының директоры қызметіне жоғарылатып, МГУ профессоры деген атақ берілгені болып табылады.

Ғұламаның өмірі мен қызметіндегі неғұрлым жемісті кезең – 1928-1937 жылдарға дейінгі Қазақстанда өткен мерзім. Бұл мерзімде ол республикада алғашқы оқу орындары мен ғылымын ұйымдастыруға көп күш салады. 1928 жылдан 1931 жылға дейінгі аралықта ол – Қазақтың педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931-1933 жылдары Денсаулық сақтау ісінің халық комиссары, Қаз КСР оқу ісі халкомының орынбасары болып қызмет жасайды және бүгінде оның есімімен аталатын Алматы дәрігерлік институтын басқарады.

 

Санжар Қазақстанның академиялық ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 1931-1933 жылдары ол КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады, ғылыми консультация мен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ сөздігі комиссиясын басқарады, ұлттық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі болады.

Ол – Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы «Әлем шатыры» деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды.

Алматыда Асфандиярұлы есімімен мәңгілік есте қалдыру үшін көше, мен мемлекеттік медицина университетіне аты берілген.

5 156
0
дауыс
Оқи отырыңыз
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Ұлы отан соғысы батырлары
Ұлы отан соғысы батырлары
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жайлибаева Гүлшат Қалиқызы
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші»
Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер
Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер
Алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған стендтер Бұл жинақтан алғашқы әскери дайындық сыныбына арналған дайын стендтер эскиздерін таба аласыздар.
Пікірлер (0)