Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы отан соғысы батырлары

25 мам 2014, Жексенбі
Категориясы: Батырлар
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922 ж.)

Дүниеге келгені: 1922 тамыз
Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майбалық ауылы
Мансабы: ұшқыш
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов — Авиация генерал - майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 - тамызда Сарыарқаның кең - байтақ даласында, Ақмола облысының өзен - көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған.

Өмірбаяны
Ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түсіп, «У - 2» деген ұшақпен ұшуды үйрендім" дейді аты аңызға айналған батыр. Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери - авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман - есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.

Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ - 2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман - есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери - әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлік - құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады. Бүгінде 86 жасқа аяқ басса да денсаулығы мықты, тың Талғат ағамыз табиғат аясында жиі болғанды ұнатады. Бал арасын, бау - бақша өсірумен айналысады, қоғамдық жұмыстан да қол үзген емес.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 033
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ерлік ел мұраты
Ерлік ел мұраты
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
№61 орта мектебінің тарих, құқық пәні мұғалімі Гульжан Кенжебаева
Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!
Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!
ОҚО, Мақтарал ауданы, "Т. Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі" тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұранқызы
Етістіктің райлары. Қазақстандық батырлар
Етістіктің райлары. Қазақстандық батырлар
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жайлибаева Гүлшат Қалиқызы
9 – мамыр – Жеңіс күні!
9 – мамыр – Жеңіс күні!
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
І.Жансүгіровтың Құлагер поэмасы (реферат)
Қысқаша өмірбаяны Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. 1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×