Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамзаттың ғаламдық проблемалары: бейбітшілік сақтау проблемасы

31 қазан 2014, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемалары: бейбітшілік сақтау проблемасы

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушыларды адамзаттың ғаламдық проблемаларымен таныстыра отырып, бейбітшілікті сақтау проблемасына талдау жасау. Бейбітшілікті сақтау проблемасының туындауы, проблеманың мәні мен шешу мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту, географиялық білімдерін дамыту.

I. Ұйымдастыру кезеңі
І. 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
І. 2. Топтарға бірден бөле отырып тапсырма беру.
І. 3. Оқушыларға сабақ барысында білімдерін бағалау мақсатында «Технологиялық картамен» жұмыс реті түсіндіріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы 10 сұрақ.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Қызығушылықты ояту.
1. Жергілікті жердегі және мемлекеттегі проблемалар туралы туралы не білеміз және не білемін деп ойлайсыз? 3 минут ішінде білгендеріңіздің тізімін жасап шығыңыз.
2. Енді жұбыңызбен 3 минут ішінде пікір бөлісіңіз де, өзіңіздің жазғандарыңыздан
3 немесе 4 мысал айтыңыз.

Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1. Оқушыларға тақырыппен танысып шығуға 10 минут уақыт беріледі.
2. Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктерді анықтау және талдау.
• ғаламдық проблема
• милитаризм
• конверсия
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ:
5 минут \ 1 минут талдау
І топ: ТАБИҒИ – КЛИМАТТЫҚ проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Ғаламдық залалы бар табиғи апаттарға ірі жер сілкінісін, вулкандар атқылауын, гейзер, цунами, алапат дауылдарды жатқызуға болады.
ІІ топ: ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
• Азық - түлік проблемасы;
• ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
• Семей полигоны;
• Мұнай қалдықтарымен ластану проблемасы
ІІІ топ: САЯСИ БАҒЫТТАҒЫ проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
• БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ ПРОБЛЕМАСЫ
• Екінші Дүниежүзілік соғыс
• Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау — Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ - тың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы;
• Экономикалық артта қалған елдер;
• «Ядролық» елдер;
• Босқындар проблемасы;
• «Терроризм»
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, интерактивті тақтада берілген қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.
«Ядролық қыс» концепциясы.
Ядролық жарылыстардың салдарынан жаппай өрт шығып, атмосфераға орасан көп мөлшерде күйе, күл, улы газдар жайылады. Ұнтақ күлден түзілген қою бұлт күннің сәулесін жерге жеткізбей, кері шағылыстырып жібереді. Жер үстін қара түнек -«ядролық түн» басады. Осының салдарынан планетаның радиациялық балансы бұзылады, жер бетіндегі температура әп - сәттің арасында шамамен 15 - 20 градусқа төмендейді. Атмосферадағы циркуляция жүйесі түбірімен өзгергендіктен, бұл орасан зор климаттық апат бірнеше аптада бүкіл жер шарына жайылып, тіршілік атаулы құриды.

Ядролық қыстың түсуінің математикалық үлгісінің жасалуы - терең, орны толмас, адамзаттың жер бетінен құрып кету қаупін туғызатын ядролық апаттың планеталық ауқымы.
«Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы. Климатолог - ғалым М. И. Будыко т. б. ғалымдар «Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы бойынша климаттың ұдайы жылынуы нәтижесінде қалыптасқан ғаламдық өзгерістер соңғы жүз жыл ішінде Жердегі орташа температура 0, 6 ºС көтерілді. Жылу әсері дами беретін болса ғаламдық температура 3 - 4 ºС көтерілетін болса, Антарктида мен Гренландия, Солтүстік мұзды мұхит мұздықтары еріп Дүниежүзілік мұхит деңгейі 66 км көтерілген болар еді. Бұл бүгінгі адамзаттың ¼- і тұратын жерлерді басып кетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Қайталау. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Оқушыларға адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындауы, проблеманың мәнісі, оны шешудің мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, географиялық білімдерін дамыту.
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Шығыс септік
Шығыс септік
Жаңа тақырыпты толық меңгерту, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Еуразия материгінің халқы және елдері
Еуразия материгінің халқы және елдері
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі: Әбіреш Қалия Қабдолқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×