Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамзаттың ғаламдық проблемалары

06 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: География
География 11 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Адамзаттың ғаламдық проблемалары (презентациясымен)
Бейбітшілік сақтау проблемасы
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушыларға адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындауы, проблеманың мәнісі, оны шешудің мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, географиялық білімдерін дамыту.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін табиғат, қоғаммен байланыстыра білуі, ғаламдық проблемалар туралы білімнің өзектілігі - оқушы санасына осы проблемалардың бар екенін және оның қауіптілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Саяси картадағы өзгерістерді түсіне білу дағдыларын және білім алу кезінде шығармашылық ізденістерін дамыту
арқылы, танымдық құзіреттілігін дамыту
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу арқылы, адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуге күш салу.
Татулық, бірлік, бейбітшілік туралы тәрбие беру арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі: Блум жүйесі, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру, деңгейлік тапсырма және шығармашылық тапсырма.
Көрнекілігі: Оқулық, дүние жүзінің саяси карта, атлас, интерактивті тақтада дайындалған флипчарттар, тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, экология, биология, химия
Күтілетін нәтиже:
• Сабақ соңында оқушылар табиғат пен адамның және қоғамның байланыстылығын анықтайды;
• Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары және олардың туу себептері мен шешу жолдарын анықтайды, өзгелермен ой бөлісе алады;
• Оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, бейбітшілікті қолдайтын ұлтжанды тұлға тәрбиеленеді.
Нәтижені бағалау: Оқушылардың еңбегін әрбір кезең бойынша бағалау парағы арқылы көрсету.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
І. 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
І. 2. Топтарға бірден бөле отырып тапсырма беру, тапсырмаға ауызша және карта бойынша жауап беру.
І. 3. Оқушыларға сабақ барысында білімдерін бағалау мақсатында «Бағалау парағы» жүргізіледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырма: «Дүние жүзінің саяси картасы» тақырыбы бойынша тапсырмалар
Топтық жұмыс:
І. Ұғымдар мен түсініктер:
І. 1 топ: Геосаясат, БҰҰ, Біріккен Ұлттар ұйымына қазіргі уақытта қанша мемлекет кіреді?
І. 2 топ: Саяси картадағы өзгерістер: сапалық өзгеріс., НАТО блогы Солтүстік Атлантикалық Шарты
І. 3 топ: Саяси картадағы өзгерістер: сандық өзгеріс, ТМД.
ІІ. Берілген мемлекеттердің экономикалық - географиялық орнын сипаттап, геосаяси жағдайына баға беріңдер.
ІІ. 1 топ: Егеменді Қазақстанның экономикалық - географиялық орнын сипаттап, оның геосаяси жағдайына баға беріңдер.
ІІ. 2 топ: Ресей Федерациясының экономикалық - географиялық орнын сипаттап, оның геосаяси жағдайына баға беріңдер. Ресей Федерациясында қандай геосаяси проблемалар бар?
ІІ. 3 топ: АҚШ - тың экономикалық - географиялық орнын сипаттап, оның геосаяси жағдайына баға беріңдер.

НАТО блогы Солтүстік Атлантикалық Шарты (НАТО) әскери - саяси одақ, 1949 ж 4 сәуірде құрылды. Құрамына: АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Канада, Италия, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Дания, Норвегия, Испания, Түркия, Грекия кіреді.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
3. 1. Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
3. 2. Ғаламдық проблема ұғымы.
3. 3. Ғаламдық проблема түрлері
3. 4. Жаңа тақырып бойынша тірек схемелармен жұмыс
3. 5. Ядролық қауіпсіздік – ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі
3. 6. Деңгейлік тапсырмалар
3. 7. Картамен жұмыс
3. 8. Проблемалық тапсырмалар, проблемалық сұрақ
3. 9. Пысықтау
3. 10. Сабақты қорытындылау

«Түсіну» теориялық білім
Ғаламдық проблема ұғымы. Адамзаттың ғаламдық мәселелері
ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы дүние жүзі халықтары алдында көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым - қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен қоғамдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді.

Ғаламдық проблемалар өзінің бір – бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды.
АДАМ – халықтың әлеуметтік дамуы;
ҚОҒАМ – экономикалық дамуы;
ТАБИҒАТ – айналадағы ортаға ықпалы.

Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
ғаламдық проблема, милитаризм, конверсия
Проблема түрлерінің байланысы:
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ПРОБЛЕМА:
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРОБЛЕМА: Нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес,
ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМА:
Ғаламдық проблема түрлері
Сипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әр түрлі, бірақ олардың бәрінің арқауы адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалуы идеясы.
Ғаламдық проблемаларды қаншалықты қуатты болса да бірде - бір мемлекет, не мемлекеттердің бірде - бір тобы өз күшімен шеше алмайды. Тек бейбітшілік жағдайында барша елдер күш біріктіргенде ғана, өзара тәуелді екендігін баршамыз ұғынып, жалпы адамзаттық міндеттер бірінші орынға қойылған күнде ғана халықтар ертеңгі күнге сенімді бола алады, әлеуметтік және экологиялық апаттардың алдын алуға болады және түптеп келгенде аман қалудың амалы да осы.
Дүниежүзілік соғысты болдырмау
Адамзат тарихында 14500 астам соғыс болған.
3, 5 млрд. адам қаза тапқан. Осы соғыстар ішінде бүкіл дүние жүзін қамтыған соғыс болған жоқ. Қазір бір дана термоядролық зарядта Екінші Дүниежүзілік соғыста қолданылған барлық қарудың күші бар немесе бір сүңгуір қайықтың тигізетін әсері қамтыған Екінші Дүниежүзілік соғыс шамасына тең.
Жанталаса қарулану жыл сайын адамзаттың 1трлн. доллар қаражатын жұтады. Бұл Жапония сияқты елдің ұлттық табысымен шамалас. Дүние жүзі мемлекеттерінің армияларында еңбектен қол үзіп 26 мил. адам сапта жүреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
33 583
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Қайталау. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Оқушыларға адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындауы, проблеманың мәнісі, оны шешудің мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, географиялық білімдерін дамыту.
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары: бейбітшілік сақтау проблемасы
Адамзаттың ғаламдық проблемалары: бейбітшілік сақтау проблемасы
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Шакенов Жанбол Толеубайұлы
«Табиғат қорғау» таңдаулы курсының бағдарламасы
«Табиғат қорғау» таңдаулы курсының бағдарламасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі мектебінде география пәні мұғалімі Қалуова Венера Асқарқызы
Физика сабағында білім сапасын арттырудың жолдары мен әдістері
Физика сабағында білім сапасын арттырудың жолдары мен әдістері
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Садвакасова Райхан Даулетханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×