Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфераның құрамы мен құрылысы

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Пәні: Физикалық география 6 - сынып
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жердің ауа қабаты – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру. Атмосфераның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ауа қабықтары туралы дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру. қоршаған орта туралы ой – өрістерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұжымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Құрал – жабдықтар, көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, дүние жүзі мен Қазақстанның физикалық картасы, плакат, кеспе қағаздар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу. Оқушыларды топтастырып отырғызып, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы: «Гидросфера» тақырыбын қайталау, сұрақтарға жауап алып, үй тапсырмасын қорытындылау.
А. Нені меңгердік. Анықтамаларға жауап беру арқылы «Гидросфера» сөзіне ассиоцация құру.
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқап МҰХИТ
Егер қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата – жата нығыздалып..... айналады МҰЗДЫҚ
Жер бетінде суға толған табиғи ойыстар КӨЛ
Мұхиттың суының қасиеттері мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі ТЕҢІЗ
Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су ӨЗЕН
Кез келген ауада белгілі бір мөлшерде.... күйіндегі су бар БУ

Б. Топтық жұмыс
«Литосфера» Каспий теңізі мен оған құятын басты өзендерді атаңыз және оларды картадан көрсетіңіз. Көл жағалауындағы Ақтау қаласының координатасын табыңыз.
«Гидросфера» Арал теңізі мен оған құятын басты өзендерді атаңыз және оларды картадан көрсетіңіз. Көл жағалауындағы Арал қаласының координатасын табыңыз.
«Атмосфера» Балқаш көлі мен оған құятын басты өзендерді атаңыз және оларды картадан көрсетіңіз. Көл жағалауындағы Балқаш қаласының координатасын табыңыз.
В. Жедел (альтернативті) сұрақтар.
Топ басшыларына Жауабы Я немесе Жоқ

«Литосфера» тобы басшысына
1. Сырдария Қазақстандағы ең суы мол өзен Жоқ
2. Су астындағы жер сілкіну мен жанартау атқылауынан туатын толқындар цунами деп аталады. Я
3. Мұхит суының тұздылығы промилмен есептеледі. Я
4. Виктория ең биіктен құлап ағатын сарқырама. Жоқ
5. Күн жүйесіндегі планеталардың ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған. Я

«Гидросфера» тобы басшысына
1. Өзеннің теңізге немесе көлге құяр жері саласы деп аталады. Жоқ
2. Мұхит суының орташа тұздылығы 30 промилл. Жоқ
3. Батыс желдер ағысы ең ірі суық ағысы. Я
4. Табиғатта су екі күйде кездеседі. Жоқ
5. Айсбергтердің 70 - 90%- ға жуығы су астында болады. Я

«Атмосфера» тобы басшысына
1. Мариан шұңғымасы – Мұхиттағы ең терең шұңғыма. Я
2. Ағысты туғызатын басты себеп – тұрақты желдер. Я
3. Арал теңізі тектоникалық көлге жатады. Жоқ
4. Жер шарындағы ең терең көл – Байкал. Я
5. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды өзен деп атайды. Жоқ

ІІІ. «Елбасының Арал қаласына іс – сапары».
2005 жылдың 27 сәуірінде қасиетті Арал аймағын ұдайы назарда ұстаған Президентіміз Н. Ә. Назарбаев ауданға арнайы іс – сапармен келіп, таза ауызсудың тұсаукесерін жасады. Президент судың дәмін татып, «ең таза ауызсу аралдықтарда» деп ағынан жарылды. Арал қаласының тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен жабдықталды. Арал халқы бүгінде соның рахатын көріп отыр. Осы елбасының іс – сапары жөнінде дайындалған слайд оқушылар назарына ұсынылды.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
Адал болсаң судай бол,
Су арамды кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жараңды көтереді.
Судай таза бол,
Жердей берік бол.
Өмірің ұзақ болсын,
Аумағың суат болсын
Осы сөзім халқыма қуат болсын!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру. Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфераның құрамы және құрылысы.  Жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіне қатысуы
Атмосфераның құрамы және құрылысы. Жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіне қатысуы
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна Пәні: География - биология мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту пәндері
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Қасымова Қарғаш
Атмосфера туралы түсінік
Атмосфера туралы түсінік
Атмосфера қабаты туралы ғылыми түсінік бере отырып, оның жер қабаттары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру
Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы Тақырып: Атмосфера-Жердің ауа қабаты. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×