Қазақстанның
білім беру порталы.

Инновациялық әдістер - заманауи талабы

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: География
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі Искаков Елубай Сагитович

«Инновациялық әдістер - заманауи талабы»
Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші.
Н. Ә. Назарбаев.

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн - жүйелерін белсене дамыту керек болады. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.- делінген еді

Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауында. Ұстаздарды қашықтан деңгейге оқыту курстары өтілуде. Мұғалімдерге арналған II деңгейлік курстың өтілу мақсаты: мұғалімнің құзыреттілігін кеңейтіп, дамыту үшін оқушы болу дегеніміз не?- екенін түсінуімізді дамыту болып табылады. XXI ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі өзгерту кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Өйткені қазіргі кезеңдегі ақпараттардың толассыз ағыны оқушыларға әрі қарай ауыр соғатыны анық. Сондықтан да педагогтардың қазіргі таңдағы басты міндеті – білімді үйіп – төгіп беру емес, берген білімді өз бетінше тиімді игеру үшін оқушыларды қажет құралдармен қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т. б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.

жүргізіп, өз түсініктемелерін беру; Жиынтық бағалауға арналған таныстырылымдарды аяқтау;
Бағдарламаның модульдері, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
Осы модульде, айтылған көшбасшылық тәсілі «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар» қағидатына (Кембридж университеті) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой - тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлана білу қабілетімен және «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды кез келген реттілікпен жүзеге асыруға болады. Олардың біреуін – бір сабақтың аясында; басқаларын – бірнеше сабақтың көлемінде, болмаса – төрт апта бойына, яғни мектептегі тәжірибе кезеңінің барысында орындауға болады. Курс тыңдаушылары тапсырмалардың басым бөлігімен бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде танысатын болады, оның жекелеген материалдары «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде пайдаланылады. Басқа да қосымша көмекші материалдарды білім беру порталынан табуға болады, ол жерде қатысушылар тапсырмаларды тренерлермен және курстың басқа да тыңдаушыларымен талқылай алады. Бағдарламалардың идеяларын енгізуді әдеттегі педагогикалық практикаға қосымша жүктеме ретінде қарамау керек, керісінше, олар барлық сабақтарда (әсіресе тізбектелген сабақтар топтамасында) Сіздің оқыту әдістемеңізден көрініс табуға тиіс.

Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс - тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми - педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.
Курстан алған инновациялық әдістерді барлық сыныпта өолдану мүмкін емес. Биылғы жылы тек 7 - ші сыныпта инновациялық әдістер элементтерін қолданудамын
Егер де дайын білім беретін “дәстүрлі” стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
2 532
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.