Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспары. Мұхит аралдары

14 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
56 - сабақ. Мұхит аралдары
57 - сабақ. Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.
58 - сабақ. Антарктика материгінің табиғаты
59 - сабақ. Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ. Сарамандық жұмыс №5
60 - сабақ. Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс. Сарамандық жұмыс № 6
61 - сабақ. Жер шарындағы халықтар және елдер


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Мұхит аралдары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды Мұхит аралдарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялауға, қорғауға, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұхиттың орталық және оңтүстік - батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1, 3 млн км² болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зелендия, Гавай, Фиджи және т. б. аралдар жатады. Тарихи географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдарына Меланезия («қара аралдар»), Микронезия («ұсақ аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.

Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф. Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе, Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н. Н. Миклухо - Маклай Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған.

Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін, теп - тегіс жазықтар алып жатыр.
Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі – Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна - Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық плиталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі – Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м - ге жетеді.

Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.

Халқы мен елдері. Адамдар мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдары қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік - Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Мұхит аралдарының негізгі халқы – папуастардың тұрмыс - тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н. Н. Миклухо - Маклайдың еңбектерінен табуға болады.

Мұхит аралдарында Папуа - Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және тағы басқа ұсақ аралдық елдер орналасқан. Мұхит аралдарының қазіргі халқы кокос пальмасы, батат, ананас, банан, қант құрағы, күріш өсіреді, балық аулаумен айналысады. Сонымен қатар аралдарда тас көмір, алтын, мыс өндіріледі.
Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел – Жаңа Зеландия. Елдің жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады. 3, 5 млн - нан астам халқы бар. Жаңа Зеландияда Еуропадан қоныс аударғандардың ұрпақтары – жаңа зеландиялықтар тұрады.
Байырғы маорилер ел халқының 10%- ын ғана құрайды. Жаңа Зеландия халқының әл - ауқаты жоғары елдер қатарына жатады. Астанасы – Веллингтон қаласы.
Жаңа Зеландия ауыл шаруашылығы өте жоғары дәрежеде дамыған, халқы қой және ірі қара өсірумен, егіншілікпен, балық шаруашылығымен айналысады. Елдің әр тұрғынына шаққанда малдың басы 20 - дан асады. Д. ж.- нің көптеген елдеріне қой жүнін, ет, сары май, ірімшік, жемістер мен балық өнімдерін сатады.

Жаңа сабақты бекіту:
1. Мұхит аралдарының географиялық орнын анықтаңдар.
2. Қалыптасуына қарай аралдар қалай топтастырылады?
3. Аралдар табиғатын зерттеген қандай басты ерекшеліктері бар?
4. Физикалық және климаттық карталарды пайдаланып, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.
5. Мұхит аралдарында қандай халықтар тұрады?

Қорытынды: Қорыта келгенде, Жаңа Зеландияда табиғатты қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жерінің 16%- ын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Елде 10 ұлттық парк бар.
Үйге тапсырма: §58 - оқуға. Кескін картаға мұхит аралдарын түсіп келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 892
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру. Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.
Күнделікті сабақ жоспарлары. Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Күнделікті сабақ жоспарлары. Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м. Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден - бір материк.
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары (күнделікті сабақ жоспары)
Жер шары материктері, аралдары және мұхиттары (күнделікті сабақ жоспары)
Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта - мектеп бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×