Білімділер поралы

Каспийдің тірі алтыны

Сабақтың тақырыбы: Каспийдің тірі алтыны
Сабақ мақсаттары:
1. Білімділік: Қазақстан байлығының бір түрі балықтар екенін, олардың тіршілігі, күтімі адам өміріне пайдасы туралы түсініктер беру. Каспий теңізі жайлы мағлұмат беру. Алған білімдерін жүйелеп бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: өз ойларын жеткізе білуге көзқарасын дәлелдей алуға машықтандыру. Шығармашылық ізденіске баулу. Сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаның тынысым сырларына қызықтыру арқылы туған елін табиғатын сүйе білуге, оның байлықтарына қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, суреттер, слайд.
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды тыныштандырып, зейіндерін тұрақтандырып алу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Көктемнің келуімен табиғатта қандай өзгерістер болды?
- Көктемде жер қараяды, тіршілік басталады, күн ұзарып, түн қысқарды, еңбек басталды, құстар келеді, жасыл желек, шуақты күн. Мен сендерге көктемнің шуақты, жайдарлы күніндей көңіл - күй тілеймін.

ІІ. Өткен материалмен жұмыс.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Көмірлі өлке Қарағанды және Қара алтын өлкесі Маңғыстау оқып мазмұндау.
І топ Көмірлі өлке
ІІ топ Қара алтын өлкесі

І - топ Көмірлі өлке.
1. Қарағанды көмір кен орны қалай ашылды?
2. Тас көмірден қандай пайдалы заттар алады?
3. Тас көмірді жердің қойнауынан кімдер өндіреді?

ІІ - топ Қара алтын өлкесі.
1. Қара алтын деген не? Одан қандай заттар алынады?
2. Мұнайды қалай өндіреді?
3. Маңғыстау өңіріндегі жер қойнауында тағы да не кездеседі?
4. Бұл жер бұрын қалай атанған қазір ше?
- Еліміздің қай өңірін, қай аймағын алсақ та жер үстінде, астын да байлық көздері тұрып тұр. Әр қалада түрлі шаруашылық санасы дамып өркендеуде. Ал бүгін елеулі өңірлер туралы білгендеріңді ортаға салдыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Мұнай

пластилин
кір жуатын заттар
жер май
каучук
спирт
бензин
жағармай

- Міне мұнайдан қаншама адамға пайдалы заттар алынады екен. Осы мұнайдың ең көп шоғырланған жері Каспий теңізі екен. Теңізде мұнайдан басқа да байлықтар бар екен. Олар Каспийдің «тірі алтындары» балықтар.
- Бүгінгі біздің сабағымыз осы, Каспийдің тірі алтындары жайлы болмақ.

ІІІ. Жаңа сабақ. (слайд көрсету)
Каспий теңізі бірнеше мемлекеттермен шектеседі. Ресей, Азербайжан, Түркменстан, Иран, Қазақстан. (картадан көрсету)
Ертеде Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына ел қоныстанып, балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы ағайынды орыс көпестері Гурьев атымен аталған. Ал 1992 жылдан беру Атырау деп өзгертілді. Атырау қаласы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Теңіздің түбі де суы да байлыққа тұнып тұр. Теңіз түбіндегі тереңдіктен мұнай алынса суында өте бағалы алтынмен бағаланатын балықтар мол.
Каспийдің тірі алтыны. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 130
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 130
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика