Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жантақ – емдік шөптердің бірі

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Бейнеу ауданы
«Сам орта мектебі» ММ
3 - сынып оқышысы Елдашбаев Нурбек.
Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна

«ДАРЫН ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
«ЗЕРДЕ» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының аудандық іріктеу туры

Тақырыбы: Жантақ – емдік шөптердің бірі
Бағыты:
Секция: Дүниетану

Зерттеу мақсаты:
Жергілікті жердің дәрілік шөптерін танып, ажырата білу, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді.
2. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, көне жәдігерлермен таныстым.
3. Бейнеу керуен сарайлары туралы баяндама, және буклеттер дайындалды.
Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:
Өсімдік – адам ағзасына қажетті дәруменнің қайнар көзі. Дүниежүзіндегі барлық дәрілердің өсімдіктерден алынатыны анықталды. Қазақстан жерінде де көптеп өсетіні белгілі болды. Дәрілік өсімдіктерде пайдалы заттар өте көп. Олардың емдік қасиеттері бар, витаминдер мен минералды заттар да бар. Көп тәжірибенің нәтижесінде өсімдік қасиеті кейбір өсімдіктің жапырағында, ал кейбіреулердің тамырында немесе тұқымдарында болатыны анықталды.
Қорытындылардың практикалық тұрғыдан пайдаланылуы:
Зерттелген жұмыс дүниетану сабақтарында, факультативтерде, үйірмелерде, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде қолданылды.

1. 1 Кіріспе
Қазақстан Евразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жер көлемі 2 млн. 715 мың шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғи зоналары да географиялық ендік бойынша орналасқан, өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер әлемінің жан – жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғары сатыдағы 5754 өсімдіктер түрі кездеседі. Әлбетте бұл сандар түпкілікті емес, Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай – ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырып отырады.
Жерасты қазыналары мен тарихи – мәдени ескерткіштерге мейлінше бай Маңғыстау түбігіндегі ерекше жаратылысты өлкелердің бірі – Бейнеу.
Бейнеудің өсімдіктер дүниесі мен жайылымдық шөбінің өнімділігі ерте кездерден - ақ басталып жақсы зерттелген. Қарақұм, Сам, Матай құмдары мен Үстіртте және түлейлерде сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, шағыр; Оңтүстік Үстірттің Сам құмын орап жатқан бөлігінде баялыш, тау бойы мен құм жиектерінде қаттықара, теріскен, түйесіңір, тораңғы, тобылғы, бозда өседі. Жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы – тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; теңіз жағаларында сораң мен қаңбақ садақ аралас өскен. Итсигек пен адыраспан ел отырған немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Қарақұмның құмы мен бұйрат жазығында еркек пен боз бидайық, ақшөп өседі. Қоректік сапасы жоғары изен, жантақ, алабота, ажырықты әр жерлерден сирек те болса кездестіруге болады. Өлкеде жыл сайын қоныс бола бермейді. Көктемгі желсіз және жылы, жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де көп өседі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 943
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Қызыл мияның емдік қасиеті
Қызыл мияның емдік қасиеті
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағат ұлататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Алоэның пайдасы
Алоэның пайдасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - нің биология пәнінің мұғалімі Куанбекова Жупар Жуматовна
Адыраспан – киелі өсімдік
Адыраспан – киелі өсімдік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Қарнақбай Мұқағали Жетекшісі: Бөрқұлақова Ботакөз
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Кеулимжай
Кеулимжай Қонақтар 2 ақпан 2017 17:30
1
рахмет сіздерге балаларға керекті мәліметтерді алдым

Барлық сайт әкімшілігіне және ұстаздарға алғысым шексіз
×