Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық киімдері

24 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қазақтың ұлттық киімдері
Мақсаты

Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Міндеттер
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт - дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт - дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Ерлердің киімдері
▪ Тымақ
▪ Шапан
▪ Етік
▪ Мәсі
▪ Тақия
▪ Айыр қалпақ
▪ Жарғақ шалбар

Әйелдердің ұлттық киімдері
▪ Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.
Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады.
Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекелейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды.
Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды.

▪ Мәсі
Аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснесе (галош) киеді. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сызық салады.
Мәсі – әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан - жылға көбейе түсуде.

▪ Тымақ
Тымақ – мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т. б. матамен тысталады.
Әйелдердің киімдері
Қамзол
Көйлек
Тақия
Сәукеле
Желек
Кимешек
Жаулық

▪ Көйлек
Көйлек – әйелдерге арналған киімнің бір түрі (Қазақстанның кейбір аймақтарында ерлер жейдесін де көйлек деп атайды). Қыздар мен әйелдер көйлегін бүрмелі, қос етек, тік етек, үш етек, көп қатарлы деген бірнеше түрге бөледі. Қос етек көйлек бір етектің үстіне бір қатпар етек қосылып тігіледі. Көп етек көйлекке екі, үш етек қосып тіккен. Кең етекке ештеңе қоспай тігіледі. Тік етек, кең етекті көйлекті қарт әжелер, бүрмелі көйлекті көбінде орта жастағы әйелдер, қатарма, таспа жүгірткен бүрмелі, қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан көп қатарма қатпарлы көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киеді. Етегінің қатпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі. Тана, шытырма, жармалармен сәнделеді. Көйлектер тігілген матасының түріне, мақсатына (күнделікті киілетін көйлек, жиын - тойға арналған «кештік» көйлек, т. б.) байланысты да бөлінеді.

Қорытынды
Қазақ халқының қол өнері көне заманнан тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалыңдыққа сәукеле кигізу), сондай - ақ көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» дүкенінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі, бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері – Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Қазақтың ұлттық киімдері. жүктеу
3 095
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту; ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру тәсілін меңгерту;
«Ұлттық киімдер» қорытынды сабақ
«Ұлттық киімдер» қорытынды сабақ
Павлодар облысы, Железин ауданы, Ш. Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Женисгуль Жанабаевна
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қаскелең қосалқы мектеп-интернатының дефектолог маманы Салтаков Досжан
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×