Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұлпар аунаған жерде түк қалады

25 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс

Кіріспе бөлім
"Жақсы адам - қазына”
Негізгі бөлім
1. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады”
2. Ақжан Жақсыбекұлы Әл - Машани
3. Әбу Насыр әл - Фараби және Әл Машани
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе бөлім
"Жақсы адам - қазына”
Халқымыздың "Жақсы адам - қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл - Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние - мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. "Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын.
Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым - қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан - жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл - Машани еді.
Негізгі бөлім
1. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады”
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. "Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау - кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің "Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым - қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен.
Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі "Айқап”, "Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған.
Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахмет Байтұрсыновтан дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім - тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді.
Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсын­да оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау - кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады. Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П. А. Ры­жов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.

Толық нұсқасын жүктеп алу
189
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Қазына аралы
Қазына аралы
Тақырыбы: «Қазына аралы» спорттық ойын - сауық
Жер - қазына
Жер - қазына
Сабақтың міндеттері: 1. сөздікпен жұмыс жасай отырып, сөздік қорын молайту және Жер - қазына тіркесінің мағынасын ашып көрсету. 2. сабақ барысында Жерден алынатын мол өнімнің адам өмірі үшін маңызын айта отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Жеті қазына
Жеті қазына
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп-лицей бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Нургул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.