Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Газдалған сусынның зияны

23 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Газдалған сусынның зияны. Кока - кола
Мақсаты: Газдалған сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.
Міндеттері:
• Кока - кола сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы туралы түсінік беру;
• Кока - коланың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту.
Зерттеу жұмысына қолданған әдіс - тәсілдерім:
• Сұрақ - жауап
• Талдау
• Пікірлесу
Жобаның жоспары:
1. Кіріспе
1. 1. Газдалған сусын түрлері
1. 2. Кока – коланың сыр сипаты
• Негізгі бөлім
2. 1 Кока - кола сусынының шығу тарихы
2. 2 Кока - коланың сағат бойынша ағзаға әсері
2. 3 Кока - коладан пайда болатын ауру түрлері
2. 4 Кока – коланың қызық тұстары
• Қорытынды
• Ұсыныстар
1 Кіріспе

Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен? Батыс Қазақстан облыстық сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы АҚ - ның қызмет және тағамның сәйкес келуі және мақұлдануы бөлімінің жетекші маманы Галина Капустинадан өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап тапқандай болдық.
– Салқындатылған алкогольсіз сусындардың құрамы туралы не білеміз?
– Неге екені белгісіз, осындай алкогольсіз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес. Бұл – су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш зияны жоқ» деп жақауратқанмен, бәрібір бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Мұндай сусындарды балаларға мүлдем беруге болмайды

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока - кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтты депутат.
Атап айтқанда, бұл заттар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока - кола» компаниясының 5 түрлі өнімінде айтарлықтай мөлшерде табылған».
Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған.
Біз сөз етіп отырған мәселені Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы әлдеқашан сезіп, «Кока - Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.
Жан шошырлық мынадай хабар таратылғалы біраз болды. «Кока - коланың» керемет «қасиетін» түйсінген кей адамдар мәшиненің радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген датты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қоятын «қызметін» айтсаңшы.

1. 1. Газдалған ттәтті сусындар түрі
1. 2. Кока - каланың сыр – сипаты
2. 1. Кока - кола сусынының шығу тарихы
2. 2. Кока - коланың сағат бойынша ағзаға әсері
2. 4. Кока - коладан пайда болатын ауру түрлері
2. 6. Кока - коланың қызығы

ІІІ. Қорытынды
Түркияда оның жасалу жолын білгеннен - ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!
"Coca - Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: "La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе...
19 411
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Тағам атауларына байланысты түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын меңгерту. Мәтін мазмұнымен жұмыс жасай отырып, есте сақтау, сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу және өз бетімен жұмыс істей білу
Сандық есептер шығару
Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу.
About health
About health
ОҚО Кентау, Қарнақ ауылы, "Айша - Биби" балабақшасы ағылшын тілі пәні мұғалімі Ташметова Шахиста
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Діни білім – тәрбие бастауы
Діни білім – тәрбие бастауы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны
Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны
Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам асмәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×