Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азот және фосфор тақырыптары бойынша өткен тақырыпты қайталау

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: Азот және фосфор тақырыптары бойынша өткен тақырыпты қайталау және білімді жүйеге келтіру.
Мақсаты: Ойын сабағы арқылы, азот, фосфор тақырыптарын терең ұғындыру. Сабақ кезінде алған жаңалықтарын пайдалана білуге үйрету.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап
Жұмыс барысы
Жалпы химия негіздерінен «Азот» және «Фосфор» тақырыптарын қайталау сабағы ретінде өткізілген ойын сабақта оқушылардың тақырыптарды іскерлік ойын, топпен және жеке жұмыс істеу, пікір алмастыру арқылы қосылысы ең көп ғылымның қай саласында болмасын ең қажетті деп саналатын азот пен азот топшасының элементтерін оқып, білу оқушының химиялық тіл байлығын, ойлау қабілеті мен біліктігін өсіре түсті. Олардың білім деңгейлері ескеріліп, 3 топқа бөле жүргізілген жұмыс жүргізілді.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін «Тапқыр болсаң - тауып көр» деп аталатын негізгі кезеңге көштік.
Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтау үшін тақтадағы сөзжұмбақты шешті.

Сұрақтары:
1. Атмосферада бос күйінде 21%, жер қыртысында 49, 13%, адам ағзасында 65% шамасында кездесетін, тірі ағзаға өте қажетті элементі бар зат. (АУА)
2. Көкшілдеу түсті, суда аз еритін бояғыш заттарды түссіздендіретін, бактерияны жоя алатын, электр иісі бар, кварц лампалары жұмыс істегенде және жаңбырдан соң пайда болатын газ.(озон)
3. Д. И. Менделеевтің периодты жүйесінде орналасқан элементтерді екіге бөлгенде қолданылатын сөз. (топша)
4. «Патша арағында» ғана еритін «металдар патшасы». (алтын)
Үй тапсырманы қайталау ретінде топқа бөлінген оқушылар азот, фосфор элементтерінің химиялық қасиетін сипаттайтын төмендегі реакция теңдеулерін жүзеге асырды.

«Білгенге маржан» деген айдармен сабақтың келесі кезеңінде 1 - топ генетикалық байланысты жүзеге асырды:
2 - топ: Массасы 34. 5 г бертолле тұзы фосфордың қанша зат мөлшерімен әрекеттесе алады?
3 - топ: Берілген реакция теңдеуін аяқтап, толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазады.

«Білгім келеді» кезеңінде ойда жүретін пайдалы кеңестер айтылып өтеді.
Жадыңда жүрсін: фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, асбұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз. Сондықтан балық пен сүт тағамдарын ас мәзіріне күнделікті кіргізіп отыру керек.
Есте сақтаңыз:
БДҰ (ВОЗ) – дың рұқсаты бойынша нитраттың мөлшері 1 кг ет тағамдарында 40 мг - нан аспау керек.
Сіз білесіз бе?
Нағыз кір жуғыш заттар құрамында 20% синтетикалық жуғыш құрамдастары мен 30% бейорганикалық фосфаттар болады. Фосфаттар калцийдің ерімтал тұздарынан суды тазартады. Өкінішке орай, бұл фосфаттар жуынды сулармен бірге өзендер мен көлдерге, бұлақтарға түседі; олар кейбір балдырлар үшін жайлы орта болып табылады, балдырлар тым көп қаулап өсіп, суда еріген оттекті азайтады да, өзендер мен көлдердің батпақтануы басталады.
Массасы 1 т жүгері топырақтан 14 кг. азот, 2, 5 кг. фосфор, 3, 5 кг. калий, 1, 5 кг. күкірт сіңіріп отырады, сөйтіп топырақ құнарлылығы кеміп, тыңайтқыш қолдану қажеттігі артады.

«Кім көп біледі?» деген оймен аса жылдамдықпен орындалатын топ басшыларын жарыстырайық.
1 - басшыға:
1. Азот топшасы орналасқан топ нөмірі.(5)
2. 1 л азот газының массасы. (1. 25 г)
3. Азот элементтерінің соңғы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны.(5)
4. Азоттың түсі және иісі (түссіз, иіссіз)
5. Ауа құрамындағы азоттың массалық үлесі. (78)
6. Азоттың көрсететін тотығу дәрежесі. (- 3, +5)
7. «Патша сұйықтығы» деп аталатын сұйық құрамына кіретін азот қосылысының формуласы. ( азот қышқылы)
8. Азот сұйық па әлде газ ба? (газ)

2 - басшыға:
1. Фосфор элементтерінің атомдық массасы. (31)
2. Фосфордың сутекті қосылысы (фосфин)
3. Фосфорлы тыңайтқыштар өсімдіктің қай мүшесіне көбірек әсер етеді? (гүліне, жемісіне)
4. Фосфордың қандай аллотропиялық түрөзгерістері бар. (ақ, қызыл, қара)
5. Фосфордың қосылыстарындағы тотығу дәрежелері. (- 3,+3,+5)
6. Фосфордың улы түрі (ақ фосфор)
7. Фосфор ядросындағы протон саны. (15)
8. Фосфин қандай зат? (түссіз, өте улы)

3 - басшыға:
1. Азот қышқылы тұздарының атауы. (нитрат, селитра)
2. Азоттың сутекті қосылысы (аммиак)
3. Ауадағы газ тәрізді азотты минералды заттарға не айналады? (түйнек бактериялары)
4. «Патша сұйықтығы» құрамына кіретін қышқылдар. ( тұз қышқылы, азот қышқылы)
5. Аммоний сапалық реакция көрсететін химиялық зат. (сілті)
6. Азоттың +1 тотығу дәрежесін көрсететін оксид. (Азот (І) оксиді)
7. Аммоний фосфатының екінші атауы. ( мүсәтір спирті)
8. Фосфор ( V) оксиді қандай зат? (ақ түсті ұнтақ зат)

Оқушылардың ізденімпаздық еңбектерін шыңдайтын үй тапсырмалары беріледі:
1 - топ: тақырып соңында тест тапсырмасын орындайды.
2 - топ: «Азоттың табиғаттағы айналымы» тақырыбына реферат жазады.
3 - топ: «Тыңайтқыштар» тақырыбына зерттеу жұмысын жасап келеді.
Сабақ соңында бүгінгі тақырыпқа шолу жасап, қорытындыланып, әр оқушыға тиісті бағалары қойылады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор жайлы білімдерін бір жүйеге келтіру. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Азот оксидтері, қышқылының құрылысы, нитраттардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы білімді жетілдіру.
Фосфор
Фосфор
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәніні мұғалімі Султангалиева Күміс
Фосфор және қосылыстары
Фосфор және қосылыстары
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі: Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәнінің ІІ санатты мұғалімі Қуанбекова Ж. Ж.
Фосфор
Фосфор
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×