Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натрий және калий

08 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
ШҚО, Аякөз ауданы, Бидайық ауылы
Ашимова Бакыт

Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндік ой қорытуға баулу, байқампаздыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларға натрий және калий металдарының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары, қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру. Тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау
Дамытушылық: Пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, тиянақты жауап беру қабілетін, шығармашылыққа білетін дамыту, өзбетінше ойлап, ой өрісін, зейінін дамыту.

Сабақтың міндеті:
- Металдардың физикалық қасиетін ажырата білу
- Металдардың табиғатта таралуын есте сақтау
- Металдардың химиялық қасиеттерін анықтай білу
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыстар, демонстрация, тест тапсырмалары, графикалық диктант
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, тәжірибе, лабораториялық құралдар
Технология түрі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пәнаралық байланыс: биология, медицина, экология, география
Күтілетін нәтиже:
- Натрий, калий қасиеттерін сипаттай білу
- Теориялық білімдерін жүйелей білу
- Есептер мен жаттығуларды өзбетімен шығара білу
- Элементтердің биологиялық маңызын білу
- Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу

Сабақтың жоспары:
1 - кезең Ұйымдастыру
2 - кезең «Қызығушылықты ояту»
(өтілген тақырып бойынша танымдық қызығушылығын ояту)
- Танымдық сұрақтар
- Тест тапсырмалары
3 - кезең«Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)
4 - кезең «Ой толғау» (сабақты бекіту, қорытындылау, ойларын толықтыру)
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру (Екі топқа бөлу)
- Сәлемдесу
- Оқушылардың сабаққа қатысын, сабақ құралын тексеру

ІІ кезең «Қызығушылықты ояту»
Танымдық сұрақтар:
Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан? (сол жақ жоғарғы бөлікте, диагональ бағытта негізгі және қосымша топшада орналасқан)
Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?( S, p, d, f )
S – элементтерге жалпы сипаттама? (эс элементтер периодтық жүйеде І, ІІ топтық негізгі топшасында орналасқан элементтер)
Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? (І топта, негізгі топшада)
Сілтілік металдарды ата? (Литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций)
Сілтілік металдардың топ бойынша қасиеттері қалай өзгереді?
(жоғарыдан төмен қарай атом радиусы артады, электртерістілік кемиді, балқу, қайнау температурасы төмендейді.)
Сілтілік металдардың табиғатта кездесуі?( тек қосылыс түрінде кездеседі, көбінесе сульфаттар, хлоридтер, силикаттар түрінде)
Сілтілік металдардың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық қасиеті? (ең күшті тотықсыздандырғыштар, басқа металдарға қарағанда белсенділіктері жоғары аяқталған қабат болу үшін өздерінің бір электрондарын оңай беріп жіберіп тотығады)
Сілтілік металдардың физикалық қасиеті? (күмістей ақ түсті, жұмсақ, жеңіл балқиды)
Сілтілік металдардың реакциялық қабілеті? (белсенді металл болғандықтан қабілеттері өте жоғары, сондықтан сілтілік металдарды керосин н\е парафин майы қабатының астында сақтайды.

Тест тапсырмалары:
S - элементтер қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Оң
Теріс
Екіжақты

Сілтілік металдар валенттілігі?
ІІІ
ІІ
І

Ең жеңіл металл?
Калий
литий
рубидий

Ең ауыр металл?
Темір
Хром
Осмий

Ең қатты металл?
Темір
Хром
Осмий

Ең жұмсақ металдар?
Галогендер
Сілтілік металдар
Сілтілік жер металдар

Франций элементін анықтаған химик?
Г. Дэви
М. Пере
Д. Менделеев

Натрий хлориді ерітіндісі электролизінде анодта бөлінеді?
натрий
хлор
сутегі

Толық нұсқасын жүктеу
4 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата білу және тапсырмаларды уақтылы орындауға үйрету.
Натрий және оның қосылыстары
Натрий және оның қосылыстары
Оқушыларға натрий және оның қосылыстары жайлы түсінік беру, оларда химиялық формула мен теңдеу құру, есеп шығару дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге бейімдендіру, танымдық қабілеттерін арттыру және ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, іскерлікке
Натрий
Натрий
Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндік ой қорытуға баулу, байқампаздыққа, жан - жақтылыққа тәрбиелеу.
Химиядан сабақ топтамасы
Химиядан сабақ топтамасы
Атырау қаласы, №36 орта мектептің химия пәні мұғалімі: Нұрсұлтанова Күләш Атимқызы
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×