Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Полисахаридтер

03 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Химия
Полисахаридтер
Химия 11 класс
Сабақтың мақсаты: полисахаридтердің моносахарид және дисахаридтерден айырмашылығы, жіктелуі жайлы білімді жинақтау, крахмал мен целлюлозаның химиялық, физикалық қасиеттері, табиғатта таралуы, полисахаридтердің биологиялық маңызын қарастыру.
Білімділік: оқушылардың берілген тақырып бойынша білім, білік және дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: жаңа тақырыппен бұрынғы тақырыптың арасындағы байланысты анықтап табуға үйрету, функционалдық сауаттылықтарын дамыту, көмірсулар өкілдерін салыстыра білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту, өзін - өзі бағалай білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың міндеттері:
- Крахмал мен целлюлозаны мысалға ала отырып, табиғи полимер жайлы ұғымды тереңірек түсіну. Олардың құрамы, құрылысы, қасиеттерін қарастырып, қолданылуын білу. Көмірсутектерді салыстыра отырып сипаттай білу.
- Оқытылған тақырыппен жаңа материал тақырып арасындағы байланысты анықтап, ойын толық жеткізе білу, туындаған проблемалық ситуацияның шешімін таба білу;
- Өз іс - әрекеттеріне баға беру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құрал - жабдықтар: үлестірмелі тесттер, өзін - өзі бағалау парағы,
қосымша материалдар, кестелер, интерактивті тақта, слайдты презентациялар.
Химиялық тәжірібелерге қажетті құрал - жабдықтар: йод ерітіндісі, крахмал, ұн, ақ нан, картоп тілімі, күріш, сынауықтар, спиртшамы, қысқыш.

Сабақтың барысы:
І. Ой шақыру.
Мұғалім: Өткен сабақтарда біз көмірсулардың жіктелуін және моносахаридтердің, дисахаридтердің ерекшеліктерімен таныстық. Бүгін біз сабақта полисахаридтердің физикалық және химиялық қасиеттері, табиғатта кездесуі, құрылысымен танысамыз. Бірақ біз алдымен, полисахаридтер мен моносахаридтердің айырмашылығын есімізге түсірейік. Сондықтан бұл мақсатта тест орындау қажет. (Тест тапсырмасы оқушылардың үстіленің үстінде жатады).

Тест жұмысы.
Тапсырма: Ұсынылған тұжырымдардың ішінен, тек дұрысын таңдаңыз:
I нұсқа – моносахаридтер үшін; II нұсқа – полисахаридтер үшін;
1. Өкілдері: глюкоза, фруктоза, галактоза, рибоза, дезоксирибоза;
2. Өкілдері: крахмал, гликоген, декстриндер, целлюлоза, хитин;
3. Молекуласы бірдей қайталанып отыратын бірнеше атомдар топтарынан тұрады.
4. Олар: триоздар, тетроздар, пентоздар, гексоздар болып жіктеледі;
5. Жалпы (С6Н10О5) n. формулаға ие.
6. Молярлық массасы өте көп емес, бірнеше жүз г\моль болмайды.
7. Молярлық массасы өте үлкен, бірнеше миллион г\моль дейін жетеді.
8. Гидролиз реакциясына қатыспайды;
9. Гидролиз реакциясына қабілетті.
10. Кейбірінің молекуласының қалдығы ДНК мен РНК құрамына енетін нуклеотидтер болып есептеледі.

Жауаптары: І нұсқа: 1, 4, 6, 8, 10 ІІ нұсқа: 2, 3, 5, 7, 9.
Орындалған тест жұмысын оқушы қасында отырған оқушы екеуі бір - бірімен қағаздарын алмастыру арқылы тексереді.

ІІ. Мағынаны тану.
Оқушылар берілген уақыттың ішінде оқулық бойынша § 3. 19 арнайы, карандашпен белгі қоя отырып, нұсқау қағазына сәйкес ондағы тақырып бойынша 5 топқа бөлінеді. Әрбір топтан эксперт сайланады. Оқушылар өздерінің топтарында 4 - 5 адамнан жұмыс істейді, оқыған материал бойынша бір - бірімен пікір алмасады. Қиындық тудырған ойды бөлісіп, түсіндіруге тырысады.

Ұсынылатын тақырыптар:
1. Полисахарид анықтамасы, табиғатта кездесуі. Физикалық қасиеті
2. Полисахаридтердің құрылысы және алынуы
3. Крахмалдың қасиеттері.
4. Целлюлозаның қасиеттері.
5. Полисахаридтердің маңызы қолданылуы.

І топ «Натуралисттер» Анықтамасы, табиғатта кездесуі
Полисахаридтер дегеніміз – табиғи жоғары молекулалы қосылыстар. Жалпы формуласы (С6Н10О5) n болып келетін көптеген моносахарид молекуласының қалдықтарынан тұрады. Полисахаридтердің маңызды өкілдері – крахмал және целлюлоза.

Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектептің
химия және биология пәні мұғалімі
Жилибаева Галия Муратбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Оқушылардың білім, білік дағдысын дамыта отырып, жасушаның химиялық құрамы туралы түсіндіру. Нәруыздардың ферменттердің қасиеттері амин қышқылдардың мөлшері және реттілігіне, молекулалардың және заттардың құрылымдарына байланысты екендігін түсіндіру.
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар жайлы мағлұмат беру. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу. Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлары 11 сынып
Арендер, оның ішінде бензол, оның атом құрылысының, физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері, құрамы, құрылысы, қасиеттері, гомологтары, изомерлері арасындағы байланыс себептері туралы білімді қалыптастыру
Натрий
Натрий
Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндік ой қорытуға баулу, байқампаздыққа, жан - жақтылыққа тәрбиелеу.
Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері
Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері
Химия пәні мұғалімі: Раманова Ляззат Бауыржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×