Білімділер поралы
загрузка...

Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы

«Қызықты химия» таңдау курсының бағдарламасы
І. Түсінік хат
(8 сынып, аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)
Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін таңдау курсының ықпалы да мол. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы болатыны сөзсіз.

Таңдау курстарын шартты түрде 2 - ге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) региональдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан таңдау курсына қатынасқысы келетіндігіне көп жұмыстанып, оқушының пәнге құштарлығын оятып, болашақ пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс.

Бағдарлама 8 сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы химия пәніне қалай қызығып кеткенін өзі байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, химия – эксперименттік ғылым болғандықтан лабораториялық тәжірибелерді орындау арқылы іске асыру қажет.

Бағдарлама 68 сағатқа есептелген. 8 сыныпта аптасына 2 сағаттан. Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы толық аяқталған курс мағлұматын меңгеруі тиіс, яғни табиғаттың біртұтастығы туралы мәлімет беріледі. Аталған курс бір - бірімен байланысты 5 тараудан тұрады: бастапқы химиялық ұғымдар; сутек, қышқылдар, тұздар; ерітінділер; сапалық, эксперименттік есептер; шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденіс.

Курсты өткізуде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да лабораториялық, практикалық жұмыстарды дерлік орындаумен қатар, практикалық біліктіліктерін таңдау курсында дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың эксперименттік жұмысқа икемін арттыру. Курсты өткізуде практикалық бағытқа мүмкіндігінше дәріханаларға, жоғары оқу орындарындағы химия лабораторияларына экскурсия ұйымдастыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен, виртуальды тәжірибелер, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын оқушылар санын арттыру.

Бұл курс 68 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.
Курстың міндеттері:
1. Алғашқы химиялық ұғымдардың глоссарийін әрбір оқушы еске сақтауын қалыптастыру.
2. Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;
3. Лабораториялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, таңдау курсына қатынасқан оқушы бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;
4. Химиялық заңдар мен химиялық элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;
5. Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыра білу;
6. Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт – бағдар беру;
7. Химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы ролін дәлелдеп көз жеткізу;
8. Оқушыларға кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;
9. Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет;
10. Химияда таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу;

Құрастырған: Мұңайтбасова К. Х.
химия - биология пәндерінің мұғалімі

Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 181
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 181
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика