Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану негізінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

10 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыруға болатын жаңа кезеңге енді. Қоғам мұғалімнен жоғары білімді, сапалы маман болуымен қатар жан-жақты, қоғам жағдайында өмірге толыққанды адам тәрбиелеуді талап етеді. Әр мұғалім заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен айналысып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны шебер қолданғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға тәрбиелеп шыға алады.

Жалпы информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану оқушылардың ой - өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін арттырады. Бірақ ойынды оқу процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт алатындай етіп созуға болмайды.

Ұжымдық ойындар оқушылардың ұжыммен қарым – қатынасын жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді. Ойын барысындағы оқушылардың әрекеті достық, жолдастық, өзара түсініктік қатынастарды қалыптастыруға әсер етеді. Сонымен қатар сабақта ойын элементтерін қолдану әрі білімділік, әрі тәрбиелік мақсаттарымен ұштастырылады. Сабақ жоспарын ойластырған кезде, басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.

Тапсырмаларды орындау кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді болады. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Ойын элементтерін сабақта дұрыс пайдалану нәтижесі оқушылардың:

- Өз бетімен оқуға дағдыланады.
- Шығармашылық ізденіске жетелейді.
- Өз ісіне деген сенім пайда болады.
- Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
- Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
- Шығармашылық белсенділік артады.

Сабақта қандай ойындарды пайдалану тиісті нәтиже береді?
Ребус, сөзжұмбақ құру – информатикалық терминдерді тез есте сақтау мақсатында.
Шығармашылық жұмыстар – практикалық жұмыс кезінде балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмалар мен тақырыптық тапсырмаларды орындау.
«Кім жылдам?» - мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау.

Қорыта келгенде, сабақ барысында қолданған ойын түріндегі қосымша тапсырмалар оқушының :
Ақпараттық құзыреттілік - өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға, логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге, өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
Коммуникативтік құзыреттілік - өзіндік пікірін білдіруге, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе білу
Пәндік құзыреттілік - мақсатқа жетуде алған білім, біліктігі мен өмірлік тәжірибесін байланыстыру қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Информатиканы оқытуда ойындарды әдістемелік тұрғыдан дұрыс пайдаланған жөн. Мысалы, егер сабақтың алғашқы 25 минуты сабаққа, қалған 20 минуты ойынға арналса, онда оқушылардың сабаққа деген ынтасы бірден төмендейді.
12 641
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру
Деңгейлеп оқыту әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қабілетін арттыру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі Баяндамашы: Информатика пәнінің мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық – коммунакативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы №98 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садықова Сабира Елбосынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×