Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

10 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Астана гуманитарлық колледжінің
информатика пәні мұғалімі
Мухамедиева Шайнұр Қаленқызы

Колледжде берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудармақ.
Шығармашылық сөзінің төркіні - «шығару»,«іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,- деп тұжырымдалады.Л.С.Выготский «Шығармашылық» деп жаналық ойлап табатын іс – әрекетті атаған. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н. Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық , әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді.

Ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден–бір жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін–өзі тануына өзіндік «менін» қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау әр мұғалімнің міндеті.
Информатика сабағында оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс–әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып табылады.

Шығармашылық тапсырмалардың өзін студенттердің қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады.

Оқушыларға қойылатын талап:
 Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
 Қорытынды жасап отыру.
 Қосымша материалдар табу, іздену.
 Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

Оқушының болашақта мамандық таңдау, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл мақсатта жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану қажет. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастыру.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Жаңашыл педагогтардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

 Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
 Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
 Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
 Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
 Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;
 Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
 Ата-аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, осы қасиеттер толық болған жағдайда ғана тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

 Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
 Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
 Білім беру, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
 Оқушылардың қаблеттерінің ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Информатика сабағында қаблетті оқушылармен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:

1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;
2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;
3. Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.
Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.
18 126
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу және дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қалжанова Гүлмира Сырдария ауданы, №130 Абай орта мектебі Мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×