Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Excel терезесі. MS Excel - де диаграмма құру

03 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: MS Excel терезесі. MS Excel - де диаграмма құру
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: MS Excel – дің графиктік мүмкіндіктері туралы оқушыларға түсінік беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әр түрлі типті диаграммалар құруды үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілікке, имандылыққа, азаматтықпен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Үй тапсырмасын сұрау
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, диаграмма суреттері, плакат, маркер
Ал балалар сабақты бастамас бұрын біз сыныпты 2 топқа бөлдік, Топтың атын өздерің атап өтіңдер қанекей. 1. Болашақ тобы
2. Алғырлар тобы
Ал балалар біз өткен сабақта үйге MS Word редакторын берген болатынбыз. Сол бойынша сендерге мынандай сұрақтар қоямын.
1. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама
2. MS Word редакторын қалай іске қосамыз.
3. Мәтіндік процессордың кемшіліктері
4. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады.
5. MS Word мәтіндік редакторы не үшін керек. ( мәтінді құруға, өңдеуге)
6. Мәтіндік редакциялау дегеніміз не? (өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру және құжаттың мазмұнын түзету)
7. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не? (мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою)
8. Құжатты қалай сақтаймыз?
9. MS Word құжатына суретті қалай кірістіреміз
10. MS Word - та кесте қалай құрылады?
11. Архив файл дегеніміз не?
12. Мәтіндік редактор не үшін қолданылады.

Енді балалар осы үй тапсырмасын компьютерде орындап көрейік. Sin Kaz программасы бойынша орындайық. Жақсы балалар, енді өшіріп бері қараймыз.

Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз
Сабақты біз бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

Деп бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық. Жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Жаңа сабағымыздың мақсаты:
Жаңа сабақ

MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған MS Office – тің құрамына кіретін программа. 1979 2 экономист студент Дән Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visi Calk ( көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы оның ішінде Excel программасы Дән мен Бобтың арқасында жүзеге асыпты.
MS Excel – дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады.
Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде парақ1, парақ2, парақ 3 деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл парақтың атын өзгертуге болады.
Excel терезесінің жоғарғы жағында тақырып жолы және басқару батырмасы орналасады.
Екінші жолы – меню қатары
Үшінші және төртінші жолдар стандартты және форматтау саймандар тақтасының аспаптары.
Бесінші жол - формулалар қатары
Төменгі қатары – қалып күй қатары.
Жол мен бағанның қиылысқан жерін ұяшық деп атаймыз. Баған латын әріптерімен белгіленген 256 латын әріптерінен тұрады. Ал жолдың қатары 65536 ға тең, яғни шексіз деп айтуға болады.
Бұл кестенің ішін түрлі бояулармен әсемдеуге болады. Біздің есептеулерімізге қарай.
Диаграмманың негізінде тоғыз түрі бар сақиналық, цилиндрлік, конустық, сызықтық, жапырақшалық, нүктелік, бағандық, пирамидалық және диаграммалардың өзінің ішінде оның түрлері көп.
Формула бұл кестеде міндетті түрде теңдік белгісімен басталады.

Енді осы жаңа сабаққа байланысты мен сендерге диаграмма тұрғызудың есептеулерін айтып отырайын сендер менің айтқаным бойынша жазып отырыңдар.
Компьютермен жұмыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 976
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Excel бағдарламасында диаграмма құру
Электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру
Excel- де диаграммалар салу
Excel- де диаграммалар салу
Атырау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тағайева Айнұр Узахпайқызы
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×