Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Басқару операторлары. Шартты оператор

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Басқару операторлары.

Түсініктеме хат
Мектепте білім беруді нәтижеге бағдарлауға көшу, қазіргі өмірдің талабынан туындап отыр. Өйткені, еліміздің саяси, мәдени, экономикалық жағдайларының өсуіне байланысты көптеген мамандықтардың заманға сай компьютерлік технология мен жалпы технологияландыру үрдісі арқылы оларды даярлау қайта қаралып отыр. Еңбек үрдісінде технологиялық әдістермен жұмыс жасайтын мамандықтарға қажет - тілектің өсуі себебінен мектептегі бағдарламалық білім берудің мазмұны мен оны оқытудың әдістерін нәтижеге бағдарлаудың маңызы зор.

Дәстүрлі оқытуда оқушылардың білім, білік дағдыларына баса назар аударылса, нәтижеге бағытталған білімде сонымен қатар алған білімдері мен біліктерін қолдана алу, яғни оны іс - әрекетке пайдалану басты назарда болады. Әрбір сабақ белгілі бір нәтижеге құрылады.
Күтілетін нәтиже білімді тәрбиемен ұштастыра білу. Оқушы мұғалім басшылығымен мақсатты әрекет жасауды және істің нәтижесін көре алатын болады. Осындай сабақтардың қатарында 9 - сыныптағы облыстық on - line режимінде өткізілген «Басқару операторы» тақырыбын өткенде мұғалім басшылығымен бағдарлама құруды талдап, операторлардың жалпы сипатымен танысады, оқушылар пікірталас арқылы талқылайды, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, бір - бірінің пікірін тыңдап, ортақ бір шешімге келуге тырысады. Осындай дәстүрлі білімнен белгілі бір іс - әрекетке көшу балама бола алатын нәтижеге бағытталған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Нәтижеге бағытталған білім мен біліктілікпен бірге меңгеруді талап етумен қатар өмірге бейім коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаны дайындауды негізгі бағыт етуім өз нәтижесін беріп келеді.

Сабақтың тақырыбы: Басқару операторлары. Шартты оператор
Сілтеме 9 – сынып «Информатика» Б. Қ. Сапарғалиева
Жалпы мақсаты Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру.
Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Оқу нәтижелері • Шартты көшу операторларының ерекшелігін ажырата біледі.
Шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінеді.
• Шартты операторға математикалық модельді қолданып бағдарлама құрыңыз
• Тармақталу командасының толымды және толымсыз операторларының ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды
• Шартты оператордың тармақталу процестерін салыстырады
• Шартты оператордың тармақталу процестерін жинақтайды
• Тақырыптың мазмұнын тұжырымдайды.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушыларды топқа бөлу. Түрлі - түсті қағаздарды таңдау және түстер бойынша бөлінеді. Қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден тілек құрастыру тапсырылады

2). «Кубизм» тәсілі арқылы мәлімет типтері туралы сұрақтар қояды
және қандай тиімді жолмен шешуге қатысты сыни ойлаудың сұрақтары жазылған кубикті слайдта көрсетеді. Әр топ өзінің санын айтып, жауап береді. Кубиктің әрбір санына сәйкес сұрақтар беріледі.

Блок - схемада мәліметті енгізу, шығару қандай фигурамен сызылады.

Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?

Мәліметтердің қарапайым түрлерін қалай атау қабылданған.
Стандартты типтер туралы мәлімет.

Өрнектiң мәнiн табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr (sqr(x))=...

Сызықтық программа дегеніміз не? Өмірден қарапайым мысал келтір

Сандардың типтерін сипаттап, талдаңыз?
«Ментальды карта»

Тақтада шартты операторды тармақталу процесінің алгоритмін, графикалық моделін бағдарлама құру әдісімен шешу түсіндіріледі
1. Программаның үзінділер жұмысының нәтижесін жаз.
x=1 болғанда
if x>=0 then x:=x+1
else x:=x+2;
Жауабы: х=3
2. Не себепті төмендегі программаның үзіндісінде нәтижесі х=11 болады?
х:=10
If x>=6 then x:=x+1
else x:=x+2;
Жауабы: Себебі, программаның шартында 10 саны 6 санынан үлкен, яғни ақиқат болғандықтан нәтижесі х=11 болады.

3. Неліктен төмендегі программаның үзіндісінде нәтижесі х=7 болады?
х:=5
If x>=6 then x:=x+1
else x:=x+2;
Жауабы: Себебі, программаның шартында 5 саны 6 санынан кіші, яғни жалған болғандықтан нәтижесі х=7 болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×